Тәрбиеші Мен сендерге Екі дос деген ертегі оқып берейін
Тақырыбы: «Достық аралы»
Бұл тәрбие сағаты балаларды «дос» ұғымын жоғары ұстауға, бір-біріне мейіріммен қарауға, сондай-ақ өз еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға бағытталады.
Бағыты
- Білім саласы: Әлеумет
- Білім бөлімі: Айналамен танысу, көркем әдебиет
Көрнекілігі
Суреттер, слайдтар, тақырыпқа сай көрнекі материалдар.
Барысы
Кіріспе әңгіме
Тәрбиеші балаларды қасына жинап, бүгінгі күннің қандай тамаша екенін айтады. Күн нұры жер бетіне, адамдарға және балаларға қаншама жылу сыйлайтынын әңгімелейді.
Шаттық шеңбері
Тәрбиеші: «Ал, балалар, енді бәріміз дөңгелене тұрайық. Қол ұстасып, алақанымызды бір-бірімізге қойып, бір-бірімізге жылу беріп, жақсы тілектерімізді айтайық».
«Бір-бірімізбен тату болайық, дос болайық».
Мақал-мәтелдер жарысы
«Бала біткен дос-бауыр, болмасын еш тосқауыл» деген ойды негізге ала отырып, достық туралы мақал-мәтелдер айтылады.
- Мақал Дос болсаң, берік бол. Досыңа серік бол.
- Мақал Досы жоқ адам — тамыры жоқ терекпен тең.
- Мақал Досы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды.
- Түйін Доссыз өмір — бос.
Ситуациялық сұрақтар
Балаларға түрлі жағдайға байланысты сұрақтар қойылып, әр баланың жауабы тыңдалады.
Сұрақ: Досың аяқ астынан ауырып қалса, сен не істер едің?
Сұрақ: Аяулым, өзің жақсы көретін қуыршағыңмен досыңды ойнатар ма едің?
Достық туралы тақпақтар
Ортақ мекен — жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.
Әкел, досым, қолыңды,
Татуласқан орынды.
Өкпелесіп не керек,
Көрсет, кәне, соныңды.
Әрқашанда біргеміз,
Жабырқауды білмейміз.
Жалқаулықты сүймейміз.
Біз — талапты жас ұлан,
Үлгі аламыз жақсыдан.
Орман, көлге, шыңға біз
Саяхатқа шығамыз.
Бөлінбейді іргеміз.
Сергіту сәті
Қанша бала, қанша қыз —
Бір шоқ гүлміз баршамыз.
Ойын, күлкі ордасы —
Біздің бала-бақшамыз.
Біз ертеңгі батырмыз,
Біз ертеңгі ақынбыз.
Бір анадан туғандай
Біз бәріміз татумыз.
Ертегі оқу
Тәрбиеші балаларға «Екі дос» ертегісін оқып береді. Балалар мұқият тыңдайды.
Оқып болған соң тәрбиеші балалардан ертегінің мазмұнын сұрап, негізгі ойды талқылайды.
Қорытынды
Ертегідегідей достардың бәрі бірдей әрқашан адал бола бермейтінін түсіндіре отырып, шынайы достықтың қадірін білуге, бір-біріне қамқор болуға және татулықты сақтауға шақырылады.