Ақжайық қандай өзен

Батыс Қазақстан облысы, Казталов ауданы • Алма Уразбаева атындағы орта жалпы білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы: «Ақжайық»

А. Құдайбергенов

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдістері

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Сын тұрғысынан ойлау

Көрнекілігі

Слайд Карта Сөздік Мақал-мәтел Реферат

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Жайық өзенінің тарихы туралы мағлұмат беру, мәтін мазмұнын меңгерту; ойды жинақтап айтуға, негізгі идеяны анықтауға үйрету.

Тәрбиелік

Туған жердің табиғатын аялауға, үлкеннің ақылын тыңдауға, төзімділікке және қорытынды жасай білуге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Белсенділікті арттыру; сұлулықты сезіне білуге, адамгершілік қасиеттерді бағалауға баулу; сөздік қорды дамыту.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту

Сөйлетер сөзді шеберлеп,
Өзіңнің ана тіліңмен.
Байыппен жақсы оқысаң,
Негізі менде білімнің.

Ана тілді байыппен оқысаңдар, ана тілі — біздің тарихымыз, әдебиетіміз, мәдениетіміз. Оларды терең білу — әрқайсымыздың міндетіміз.

Үй тапсырмасын тексеру

«Туған жер» (Оразақын Асқар) тақырыбы бойынша әңгімелеу және сұрақ-жауап.

Сұрақтар

  • Біздің туған еліміз қай ел?
  • Қазақстан қандай ел?
  • Тәуелсіздікке биыл неше жыл?
  • Қазақстанның қай облысында тұрасыңдар?
  • Ол қай өзеннің бойында орналасқан?

Негізгі жауаптар

  • Қазақстан
  • Тәуелсіз ел
  • Жайық өзені бойы

Жаңа сабаққа кіріспе

Бүгінгі жаңа тақырыбымыз — «Ақжайық». Сабақ барысында «Еділ мен Жайық» әуені тыңдалып, картамен жұмыс жүргізіледі.

Картамен жұмыс

Жайық өзенінің бастауын, ағу бағытын және Каспий теңізіне құяр тұсын картадан көрсету.

Ақжайық туралы қысқаша шолу

Батыс Қазақстан облысының жер беті суларына өзендер, көлдер және су қоймалары жатады. Облыс аумағы бойынша 196 өзен ағады, олардың ішінде тек сегізінің ағыны тұрақты.

Ұзындығы 200 шақырымнан асатын өзендер бар. Бірнеше географиялық аймақтан ағып өтетін, үлкен алапты өзен — Жайық.

Жайық өзені — облыстың негізгі «сала тамыры». Облыстың өзендері негізінен жазықтық өзендерге жатады, ал Жайықтың бір бөлігі тау өзендерінің сипатын танытады.

Жайық өзені Орал тауынан басталып, Каспий теңізіне құяды. Тек осы өзенде кеме қатынасы бар.

Кіші өзендер (мысалдар)

Деркөл, Шаған, Көшім, Үлкен өзен, Кіші өзен, Бұлдырты және т.б.

Жайық өзеніне арнап көптеген ақын-жазушылар, сазгерлер ән мен өлең шығарған. Сондай-ақ Жайық жағасында «Қыз Жібек» киносы түсірілген. А. Құдайбергенов «Ақжайық» туралы шығарма жазған.

Автор туралы қысқаша мәлімет

Автор

А. Құдайбергенов

Тақырып өзегі

Туған жер, Ақжайық

Бейнелік негіз

Балықшының баласы туралы оқиға

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді мәнерлеп оқу

«Түртіп алу» стратегиясы: таныс ақпаратты белгілеу, жаңа деректі бөлу, түсінбеген тұсын сұрақ ретінде жазу.

Сөздік жұмысы

Өзек
Өзен ағатын арна.
Тұнығында
Тереңінде.

Өз бетімен оқу

Оқушылар мәтінді іштей оқып, негізгі ойды табады және қысқаша мазмұндауға дайындалады.

Ой қозғау: жуан және жіңішке сұрақтар

  • Әкесі мен баласы қайда болды?
  • Әкесі Өсерге не туралы әңгімеледі?
  • Өзен жағасында кімдер мекендеген?
  • Бала немен айналысты?
  • Әжесі не деді?
  • Жайық өзенінің түсін не өзгертті?
  • Өсер әкесіне не деді?
  • Ақжайық қандай өзен?
  • Ақжайық — ағысты өзен.
  • Тұйық су болса, ол қандай су?
  • Тұз қайда кетті?

Нақтылау

«Тұйық су» — ағысы жоқ, тұрып қалатын су. Мұндай суда тұз жиналып, су ащылануы мүмкін.

Сергіту сәті

Қимыл-қозғалыс

  • Суды жейміз — тұру
  • Суды ішеміз — отыру
  • Сумен жуынамыз — отыру
  • Су қатпайды — тұру
  • Су — сұйық зат — отыру

Мақсаты

Назарды шоғырландыру, қозғалыс арқылы есте сақтауды күшейту, сергіп алу.

Топтық жұмыс: топтастыру

1-топ

Жайықтың бастауында қандай өзен?

2-топ

Жайықтың соңында қандай өзен?

3-топ

Өсер мен әкесі арасындағы әңгіменің мәні қандай?

Шығармашылық жұмыс: бес жолды өлең

  1. 1.Кім? — бала
  2. 2.Қандай? — еңбекқор
  3. 3.Не істеді? — балық аулады
  4. 4.Сөйлем: Еңбекқор бала балық аулады.
  5. 5.Мағыналы сөз: балықшы

Мақал-мәтелдер

Терін төксе жеріне —
Жер тілеуін береді.
Елін сүйген еріне —
Ел байлығын береді.
Сабыр түбі — сары алтын.

Қорытынды

Венн диаграммасы

«Ақжайық басында» және «Ақжайық соңында» бөлімдері бойынша ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтау.

Басында

Ағудың бастауы, табиғи тазалық, өзен мінезі.

Соңында

Судың өзгерісі, қоршаған орта әсері, қорытынды ой.

Бағалау

Оқу мәнері, сұрақтарға жауап беруі, топтық жұмысқа қатысуы және қорытынды ой айтуы бойынша бағаланады.

Белсенділік Түсіну Сөйлеу мәдениеті Топтық жұмыс

Үй тапсырмасы

  • «Ақжайық» мәтінінің мазмұнын айту.
  • Мәтінді аяқтау (ойды жалғастырып жазу).
  • Эссе жазу.
  • Сөздікті жаттау.