Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару
Сабақтың тақырыбы
Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы.
Сабақтың мақсаты
-
1
Алдыңғы сабақта алған білімді жинақтау; жаңа тақырып бойынша оқушыларды өз бетінше ізденуге бағыттау; қажетті материалдармен таныстыру; жазушы шығармашылығына шолу жасап, роман мазмұнын меңгерту.
-
2
Ойлау қабілетін арттыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
-
3
Адамгершілік-рухани құндылықтарды қадірлеуге тәрбиелеу.
Сабақ ресурстары
Әдіс-тәсілдер
- Топтастыру
- Салыстыру
- Тест
Қосымша мәліметтер
- Көрнекілігі
- Көрсетілмеген
- Сабақтың түрі
- Көрсетілмеген
- Пәнаралық байланыс
- Көрсетілмеген
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын тексеру
М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы абзал аналар бейнесін тест арқылы қорытындылау.
Тест сұрақтары
-
1. «Абай жолы» эпопеясының төрт томы жарық көргенде қандай сыйлыққа ие болды?
- A.КСРО Мемлекеттік сыйлығы
- B.Лениндік сыйлық
- C.Сталиндік сыйлық
- D.Халықтық сыйлық
-
2. Роман-эпопеяны жазу үшін жазушы неше жыл еңбек етті?
- A.20
- B.15
- C.30
- D.10
-
3. Романда қанша әйелдер бейнесі суреттелген?
- A.Жүз елудей
- B.Жүзге тарта
- C.Жетпістей
- D.Екі жүздей
-
4. Ар-ожданы тап-таза, иманнан құйылғандай мейірім-шапағатқа толы әжелердің үлгісі кімде?
- A.Зере
- B.Ұлжан
- C.Айғаным
- D.Тоғжан
-
5. Байсалды мінезімен, салқынқанды сабырлы ақыл иесі атанған аналардың үлгісі кімде?
- A.Зере
- B.Айғаным
- C.Ұлжан
- D.Қаражан
-
6. «Сылдырлаған шолпысы әлдеқандай былдырлаған тілмен» суреттелген кім?
- A.Керімбала
- B.Тоғжан
- C.Шүкіман
- D.Үмітей
-
7. Абайдың әжесі Зеренің азан шақырып қойған есімі кім?
- A.Тоқбала
- B.Тайбала
- C.Мәкен
- D.Еркежан
-
8. Мәкен Абайға кім болып келеді?
- A.Ғашық болған қызы, кейін жары болған; шын аты — Шүкіман
- B.Абайдың келіні, Әбдірахманның жары; шын аты — Мағрипа
- C.Жас қыз, бойжеткен, сауыққұмар, әнші
- D.Жас қыз, Әмірдің сүйгені
-
9. Абайдың досы, ақын қыз: Абай Семейде істі болғанда кепілдікке алып, көмек қолын созған кім?
- A.Керімбала
- B.Әйгерім
- C.Салтанат
- D.Ділдә
-
10. «Абай жолы» эпопеясы дүние жүзі халықтарының неше тіліне аударылған?
- A.116
- B.120
- C.130
- D.140
3) Жаңа сабақ
Мазмұндық талдау арқылы роман оқиғалары мен негізгі идеялар жүйеленеді.
Негізгі желі
- Қалың Керей–Уақ елінің билігі: Есеней мен Артықбай батырдың достығы.
- Жастайынан ерке өскен, аңшы-құсбегі, жылқыға жүйрік батыр қыз — Ұлпан.
- Ұлпанның Есенейге тұрмысқа шығуы.
Дамуы мен түйіні
- Он–он бес жылдың ішінде Ұлпан елге сөзі өтетін ақылды анаға айналады.
- Қорлыққа шыдай алмаған Ұлпанның ішкі қайраты.
- Ұлпанның қарғысына ұшыраған Торсан тағдыры.
4) Бекіту
Шығарманы сатылай кешенді талдау арқылы қорытындылау.
Негізгі деректер
- Автор
- Ғ. Мүсірепов
- Шығарма атауы
- «Ұлпан» романы
- Жанры
- Проза (роман)
Тақырып пен идея
Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ даласында болған тарихи шындықтар суреттеледі.
Идеясы: Қазақ әйелдерінің парасаттылығы мен көрегендігін, мейірімділігі мен төзімін, жарына және еліне деген сүйіспеншілігін, ұрпақ тәрбиесіне берік асыл аналардың болмысын дәріптеу.
Композиция: Шығарманы композициялық құрылымы бойынша талдау (оқиға желісі, кейіпкерлер жүйесі, тартыс, шарықтау шегі, шешімі).
5) Үй тапсырмасы
«Ұлпан — аналардың анасы» тақырыбы бойынша дайындалу (Ұлпан бейнесі).
6) Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен талдау сапасына қарай бағалау жүргізіледі.