Мәтінді зерделей білуге, құрауға дағдыландыру

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақ мәтін түрлерінің құрылымдық ерекшеліктерін түсіндіруге, тірек сызба арқылы мәтін құрастыруға және мәтін түрлерін ажыратуға дағдыландыруға бағытталған. Сонымен қатар байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастырып, сөзді орынды қолдану арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту көзделеді.

1) Білімділік

  • Мәтін түрлерінің ішкі құрылымдық ерекшеліктерін ұғындыру.
  • Тірек сызба арқылы мәтін құрастыруға үйрету.
  • Мәтін түрлерін ажырата білуге дағдыландыру.
  • Байланыстырып сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөзді дұрыс қолдану арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

2) Дамытушылық

  • Оқушылардың сабаққа белсенділігін арттыру.
  • Қызығушылығын күшейту, ойлау және сөйлеу қабілеттерін дамыту.
  • Танымдық белсенділік пен ізденімпаздық қасиеттерін жетілдіру.
  • Сөзді орынды қолдану арқылы сөйлеу мәдениетін дамыту.

3) Тәрбиелік

  • Мәтінді зерделей білуге және құрастыруға дағдыландыру.
  • Тазалыққа, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
  • Мәдениеттілікке баулу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныпты сабаққа дайындау, назар аударту

Психологиялық дайындық

Ана тілің — арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте.