Сан есімдерге сұрақ қой
Есептік және реттік сан есім
Сабақтың мақсаты
- Есептік және реттік сан есім тақырыбын қайталау, білімді бекіту және тереңдету.
- Ұлттық және спорттық ойындар арқылы бір-біріне қамқор, ұйымшыл болуға тәрбиелеу.
- Ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеу дағдыларын, ой-өрісін, қиялын және тіл байлығын дамыту.
Көрнекіліктер
Суреттер, кеспе қағаздар, бағалау бұрышы, интерактивті тақта.
Сабақ түрі мен әдістері
- Түрі
- Пысықтау сабағы
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, топтау
- Пәнаралық байланыс
- Ана тілі, математика, дене шынықтыру
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру бөлімі
- Амандасу, сапқа тұрғызу.
- Оқушыларды «бірінші, екінші, үшінші» деп санату.
- 1-топ — бір қадам алға, 2-топ — екі қадам алға; топтарға отырғызу.
- Топ ережесін еске түсіру.
2) Психологиялық дайындық
«От шашу» әдісі арқылы сергіту, сабақтың желісін хабарлау.
Сұрақ:
Ұлттық ойындарды білеміз бе?
Соның бірі — «Тай жарыс». Көктем келді, күн жылынды. Тайы бар балалар жарысқа шығады. Біз де бүгінгі сабақта тайларымызбен жарысқа түсіп көреміз.
- Әр 3 топқа 3 тай беріледі.
- Тапсырмаларды орындау арқылы белестерден өтіп, жарысып отырасыздар.
- Топ басшыларын сайлау.
3) Үй тапсырмасын тексеру
Үй тапсырмасын тексеру үшін топтарға тапсырмалар беріледі. «Машиналарды тез жүргізсек, соғұрлым жылдам нәтижеге жетеміз» қағидасымен орындаймыз.
1-топ
Жұмбақты оқып, шешуін айту.
2-топ
Сан есімді тауып, түрін анықтау.
3-топ
Қос сөзді қандай сан есіммен алмастыруға болатынын айту.
4) Қайталау және бекіту тапсырмалары (шақырымдар)
3 шақырым — «Кім жылдам?»
Реттік → есептікРеттік сан есімді есептік сан есімге айналдыр. Сонда қандай сұрақ қойылады?
1-топ
- Бесінші бөлме
- Жетінші пәтер
2-топ
- Тоғызыншы бет
- Он төртінші қатар
3-топ
- Екінші касса
- Сегізінші қайық
Белгі: орындап болған топ нәтижесін «бес жұлдыз» арқылы білдіреді.
4 шақырым — Дәптермен жұмыс
23-жаттығуКөшіріп жаз. Сан есімдерге сұрақ қой. Есептік сан есімнің астын — бір, реттік сан есімнің астын — екі сызық.
Үш қозы, бес лақ, тоғызыншы үй, он екінші троллейбус, төртінші топ, жеті кітап.
5 шақырым — Мәтінмен жұмыс
24-жаттығу1-топ
Мәтінді мәнерлеп оқу.
2-топ
Сан есімдерді тауып, түрін анықтау.
3-топ
Сан есімі бар сөйлемдерді көшіріп жазу.
Ақ арыстандардың табылғанына 30 жылдай ғана уақыт болды. Ұзын саны 70-тен аспайды.
Мұғалім ескертпесі: сан есім цифрмен жазылған кезде сөзден бөлек жазылады, сызықша қойылмайды. Ал цифрға жалғау жалғанса, цифрдан кейін міндетті түрде сызықша қойылады (мысалы: 70-тен).
6 шақырым — Сергіту сәті
ҚозғалысТай үстінде би қимылдарын жасау.
7 шақырым — «Тез ойлан!»
Жедел тапсырма- 1«Өзгертпе сөзді» шешу.
- 2Сан есімдерді табу.
- 3Сан есімдердің түрін анықтау.
8 шақырым — Ребус шешу
МақалЖаздың бір күні — қыстың мың күнін асырайды.
9 шақырым — Бекіту (кеспе қағаздар)
ЖалғауларРеттік сан есімге көптік жалғауын, ал есептік сан есімге 3-жақ тәуелдік жалғауын қосып айтып көр.
1-топ
- Бірі
- Алтысы
- Біріншілер
- Алтыншылар
2-топ
- Екісі
- Оны
- Екіншілер
- Оныншылар
3-топ
- Үші
- Бесі
- Үшіншілер
- Тоғызыншылар
Тапсырма «сиқырлы қағаз» түрінде беріледі: дұрыс орындасаңдар, тайға мінген балаға ұлттық киім үлгісін толық «қайтарып» бересіңдер.
10 шақырым — Мәрені анықтау
ҚорытындыБелестерден өткен топтар мәреге жетеді.
5) Бағалау
Жинаған ат әбзелдеріне қарай ұпайларды қорытындылау. Топ басшыларына сөз беру.
6) Үй тапсырмасы
Сурет бойынша шығарма жазу.
7) Кері байланыс
Ұнады
Сабақта не ұнағанын қысқаша жазыңыз/айтыңыз.
Ұнамады
Қандай тұсы қиын немесе түсініксіз болды?