Қос аяқпен секіру
Сабақ туралы мәлімет
Білім беру саласы
Денсаулық
Оқу іс-әрекет түрі
Дене шынықтыру
Тақырып
- Қақпаға доп домалату (арақашықтығы 2 м)
- Қос аяқпен секіру (бір аяқ алда, екіншісі артта)
- Екі сызықтың арасымен жүру (ені 15 см, ұзындығы 3 м)
Мақсаты
Балаларды допты екпінмен итеруге және доп қозғалысының бағытын сақтауға үйрету.
Тіреуіштің кішірейтілген алаңы бойымен жүрген кезде қалыпты тепе-теңдікті сақтауға жаттықтыру.
Кілтті дағдылар
Қолданылатын құрал-жабдықтар
Кубиктер немесе пирамидалар
8–10 дана
Гимнастикалық орындық
2 дана
Жіп
2 дана
Доптар
Жеткілікті мөлшерде
Ойынға арналған бетперделер
Қажетіне қарай
Сабақ барысы
Мотивациялық-қозғаушы кезең
- Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.
- Бастаушыны ауыстыра отырып, сапта бір-бірден жүру және жүгіру.
- Сапта бір-бірден «жыланша» кубиктердің арасымен жүру және жүгіру.
- Шашыраңқы жүру және жүгіру.
- Жүру және тыныс алу жаттығулары.
- 1–2 шеңберге қайта тұру.
Ұйымдастырушы-ізденуші кезең (жалпы дамыту жаттығулары)
1) Алға көтеру
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, қолда екі бүктелген секіртпе.
1 — секіртпе созулы, кеуде алдында. 2 — жоғары. 3 — кеуде алдында. 4 — бастапқы қалып.
2) Бұрылу
Бастапқы қалып: аяқ алшақ, қол секіртпемен артта.
1 — оңға (немесе солға) бұрылу. 2 — бастапқы қалып.
3) Отырып-тұру
Бастапқы қалып: тік тұру.
1 — отыру, қол алда. 2 — бастапқы қалып.
4) Еңкею
Бастапқы қалып: қол секіртпемен төменде.
1 — оң (немесе сол) аяқты алға шығару, қолды алға созу. 2 — бастапқы қалыпқа келу.
5) Иілу
Бастапқы қалып: аяқ иық деңгейінде, секіртпені басып тұру, секіртпенің екі ұшы қолда.
1 — алға еңкею, қолды артқа және жоғары жіберу. 2 — бастапқы қалып.
6) Секірулер
Бастапқы қалып: секіртпе еденде жатады, аяқ бірге, қол төменде.
Бір қырлап 10 рет секіру, жүрумен алмастыру, кейін қайта секіру.
Негізгі қимылдар
1) «Қоян»
Екі аяқпен секіру.
2) Қақпаға доп домалату
2 метр қашықтықтан дәл домалату.
Қимылды ойын: «Сақина»
Дөңгелектің ортасында жүргізуші тұрады. Ол сақинаны алақанының арасына қысып алып, қалған ойыншылардың алақандарына «салғандай» болып кезекпен жүріп өтеді.
Сақина бір ойыншының алақанына жасырын түрде салынады. Содан кейін жүргізуші: «Менің сақинам қайда?» — деп дауыстап сұрайды.
Сұрақты естіген соң, сақина алған бала ортадан жүгіріп шығуы керек. Ойын шарты бойынша, көршісі сақинасы бар баланы ұстап жібермеуге тиіс.
Ереже
- Сақина кімде екенін алдын ала білдірмеу.
- Сақина алған бала — ортадан жылдам шығады.
- Көршісі — ұстап қалуға тырысады, бірақ итеруге болмайды.
Рефлексивті-коррекциялаушы кезең
- Сапта бір-бірден жүру.
- Тыныс алу жаттығулары.
- Нүктелі массаж.
- Қорытынды әңгіме: «Сендерге не ұнады? Не қиын болды?» деген сұрақтар қою.