Атаулар символдары
Сабақтың тақырыбы
Паскаль — программалау тілі. Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.
Білімдік
Студенттерді Паскаль тілімен, оның негізгі элементтерімен және тіл алфавитімен таныстыру.
Тәрбиелік
Өз бетімен жұмыс істеуге және уақытты тиімді пайдалануға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Ойлау қабілетін және логикалық пайымдауды дамыту.
Мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
- Pascal тілі туралы бастапқы түсінікті қалыптастыру.
- Деректердің әртүрлі типтерімен, арифметикалық амалдармен және негізгі математикалық функциялармен таныстыру.
- Математикалық өрнектерді Pascal тілінде жазу дағдысын қалыптастыру.
Міндеті
- Pascal тіліндегі программаның құрылымы туралы алғашқы мәліметтерді беру.
- Алгоритмдерді өңдеу және Pascal тілінде мәтіндік редакторда жұмыс істеу дағдысы мен біліктілігін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже
Сабақ форматы
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ.
Көрнекіліктер мен құралдар
- Түсті маркерлер, бағалау парағы, A4 форматтағы қағаз.
- Интерактивті тақта, компьютер.
Әдіс-тәсілдер
Сабақтың барысы
1) Психологиялық ұйымдастыру кезеңі
- Сынып болып қол ұстасып, бір-біріне іштей тілек тілейді.
- Сабақтың мақсаты мен міндеттері таныстырылады.
- Бағалаушы таңдалады.
2) Қызығушылықты ояту кезеңі
Блум таксономиясы бойынша сұрақтар
- Алгоритм мен программаның ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?
- Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
- Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
- Циклдық алгоритм дегеніміз не?
- Құрама командалардың құрылымдары қандай?
- Компьютерде есеп шығару кезеңдері қандай?
Тапсырма
Венн диаграммасы арқылы салыстыру жұмысын орындау.
3) Мағынаны тану кезеңі
Сабақтың тақырыбын бір студент оқиды. Одан кейін жаңа тақырып түсіндіріледі.
Паскаль тілі туралы
Паскаль тілі 1968–1971 жылдары швейцариялық ғалым Никлаус Вирт тарапынан оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынылды. Ол АЛГОЛ, ФОРТРАН және БЕЙСИК тілдеріне қарағанда жетілдірілген әрі қолдануға ыңғайлы. Қарапайым құрылымының арқасында әлемге тез тарады.
Паскаль тілінде жазылған программа алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектілік программаға түрлендіріледі, содан кейін ғана орындалады. Компьютерде әдетте екі нұсқа сақталады: алгоритмдік тілдегі бастапқы мәтін және объектілік код.
Программаны құру логикасы
Программа белгілі бір есепті шешуге арналған: бастапқы мәліметтер енгізіледі, өңдеу тәсілі сипатталады және нәтиженің қандай түрде, қай құрылғыға шығарылатыны көрсетіледі.
Енгізу
Деректерді пернетақтадан, дискіден немесе енгізу-шығару порттарынан енгізу.
Өңдеу
Меншіктеу, салыстыру және басқа амалдар арқылы деректерді өңдеу.
Шығару
Аралық немесе қорытынды нәтижені экранға, дискіге не порттарға шығару.
Паскаль программасының құрылымы
Программа әдетте жолдардан тұрады. Бір жолда бірнеше оператор жазуға болады, олар ; арқылы бөлінеді. Дегенмен түзетуге ыңғайлы болуы үшін бір жолға бір оператор жазған дұрыс.
Негізгі бөліктер
- Тақырып: программа PROGRAM сөзінен басталады.
- Сипаттау бөлімі: айнымалылар, тұрақтылар және басқа объектілер алдын ала сипатталады.
- Операторлар бөлімі: begin сөзінен басталып, end
Шартты орындалу
Шарт ақиқат болса — бір командалар жиыны, әйтпесе — басқа командалар жиыны орындалады немесе өткізіледі.
Цикл
Белгілі бір шартқа байланысты командалар жиыны бірнеше рет қайталанып орындалады; қайталау саны бүтін санмен берілуі мүмкін.
Көмекші программа
Алдын ала ат қойылған командалар тобы; программа ішінде атауы арқылы шақырылады (процедура/подпрограмма).
Түсініктеме
Программа орындалуына әсер етпейді; {...} немесе (*...*) түрінде жазылады.
Тіл алфавиті
Программаның элементтері тіл алфавитіне кіретін символдар жиыны арқылы құралады. Символдарды ерекшелігіне қарай бірнеше топқа бөлуге болады.
Атаулар (идентификаторлар)
Латын әліпбиінің 26 әрпі (бас және кіші әріптер).
Цифрлар
Ондық цифрлар (0–9) және оналтылық цифрлар (0–9, A–F).
Айыру белгілері
Бос орын, басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER және түсініктемелер.
Арнайы символдар
Пунктуация және арифметикалық операция белгілері.
Жиі қолданылатын айыру белгілері
| Белгі | Қызметі |
|---|---|
| {...} / (*...*) | Түсініктеме жазу. |
| [ ] | Жиын/массив индекстерін және жол (string) ұзындығын көрсету. |
| ( ) | Өрнектерді және параметрлер тізімін топтау. |
| ' | Символдық және жолдық тұрақтыларды белгілеу. |
| := | Меншіктеу (айнымалыға мән беру). |
| ; | Операторларды бір-бірінен ажырату. |
| : | Типті көрсету және операторларға белгі қою. |
| = | Тұрақты мәнін көрсету және салыстыру. |
| , | Тізім элементтерін бөлу. |
| .. | Диапазон шекарасын көрсету. |
| . | Программаның соңын белгілеу; санның бүтін және бөлшек бөліктерін ажырату. |
| @ | Адрес белгілеу. |
| # | Символды коды бойынша белгілеу. |
| $ | Компилятор директивасы немесе оналтылық сан белгісі. |
Арифметикалық амалдар
- + қосу, - азайту, * көбейту, / бөлу
- DIV — бүтін бөлу (мысалы, 10 DIV 3 = 3)
- MOD — қалдық (мысалы, 10 MOD 3 = 1)
Логикалық амалдар
- AND, OR, NOT, XOR
- SHL — солға ығыстыру, SHR — оңға ығыстыру
Салыстыру белгілері
- = (тең)
- <> (тең емес)
- < (кіші), > (үлкен)
- <= (кіші немесе тең), >= (үлкен немесе тең)
Түйінді сөздер және идентификаторлар
Паскаль тіліндегі түйінді сөздер үш топқа бөлінеді: қордағы (резервтегі) сөздер, стандартты атаулар және бейстандарт идентификаторлар. Қордағы сөздерді айнымалы атауы ретінде қолдануға болмайды.
Негізгі ұғымдар
Өрнек — айнымалылар, атаулар, функциялар, жиындар сияқты мағыналы бөліктердің амалдар таңбасымен біріктірілген тізбегі.
Оператор — программалау тіліндегі белгілі бір әрекетті орындайтын ең қарапайым, тиянақты мағынасы бар сөйлем.
Сипаттау — программада қолданылатын мәліметтердің құрылымын, ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны.
Программа жазу үшін тілдің синтаксисін (жазылу ережелері) және семантикасын (мағыналық ережелері) білу қажет.
INSERT стратегиясы
Білем
Алдын ала білетін ақпаратты белгілеу.
Білмеймін
Түсініксіз немесе жаңа болған тұстарды анықтау.
Мен үшін жаңа білім
Жаңадан үйренген негізгі қорытындыларды жинақтау.
RAFT стратегиясы
Жазылым тапсырмасы: «Егер Паскаль тілі болсаң?» тақырыбына қысқа мәтін құрастыру.
4) Ойтолғаныс кезеңі
- Эссе жазу.
- Бес жолды өлең құрастыру.
5) Үй тапсырмасы
4 және 5 есеп.
6) Бағалау
Студенттердің білімін бағалау (бағалау парағы бойынша).