Қайталау кезеңі
Алматы облысы, Райымбек ауданы • Сарыжаз орта мектебі (мектепке дейінгі шағын орталығымен) және Ақбейіт бастауыш мектебі • Коммуналдық мемлекеттік мекеме
Мектепалды даярлық мұғалімі: Жұмадилова Гүлшат Тынарбековна
Сабақтың тақырыбы
16 саны мен цифры
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап
Көрнекіліктер
- Суреттер
- Сандар
- Асық
- Үлестірме қағаздар
- Оқулық
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
- 16 саны және оның цифрымен таныстыру.
- 16 санының құрамын анықтау.
- 0-ден 16-ға дейінгі сандарды ауызша және жазбаша түрде тура және кері санауға үйрету.
2) Дамытушылық
- Дидактикалық ойындар арқылы ой-өрісін дамыту.
- + және − таңбаларын қолданып ауызша және жазбаша есептер құрастыру.
3) Тәрбиелік
- Адамгершілікке және имандылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Балалардың назарын сабаққа аудару. «Жылулық шеңбері» арқылы амандасу:
Амансың ба, алтын күн!
Амансың ба, ашық аспан!
Амансың ба, жер-ана!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!
Сабағымызды бастайық,
Жалқаулықты тастайық.
II. Қайталау кезеңі
Өткен материалды еске түсіру және бекіту.
- 15 санының құрамын қайталау.
- 0-ден 15-ке дейінгі сандарды тура және кері санау (тақтаға жазу).
- Үлестірме қағазбен жұмыс.
- Санамақ айту.
Сергіту сәті
Мектебің — мынау, класың,
Осында он жыл тұрасың.
Тарыдай болып кіресің,
Таудай болып шығасың.
III. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Бүгінгі сабақта 16 санымен танысамыз.
Суретпен жұмыс
15 алмаға 1 алманы қоссақ, барлығы қанша алма болады?
Талқылау сұрақтары
- Алма — көкөніс пе, әлде жеміс пе?
- Дәмі қандай? Қатты ма, жұмсақ па?
- Түсі қандай болады?
Жазылым
Тақтаға 16 санының таңбасын жазып көрсету.
Сұрақ: 16 санында қанша бірлік бар?
IV. Оқулықпен жұмыс
Есептер шығару және санау дағдыларын бекіту.
1) 10 ара қонып отыр еді, тағы 6 ара ұшып келді. Барлығы қанша?
10 + 6 = 16
2) Барлығы қанша торғай?
16 торғай
3) Ретімен сана. 15 санының көршілерін ата.
4) Жазылған цифр қанша болса, сонша құлпынайды тауып, қорша.
Сергіту жаттығуы
Оң қолымда бес саусақ,
Сол қолымда бес саусақ.
Онға онды қосқанда,
Болып шықты он саусақ.
V. Тақтамен жұмыс
Ауызша есептеу және амалдарды қайталау.
Дидактикалық ойын: «Ұяшық не дейді?»
Қоржындағы асықтағы сандар арқылы ұяшықтағы тапсырмаларды орындау.
1-ұяшық
Аюда 5 алма, қоянда 2 алма. Қоссақ, барлығы неше алма болады?
2-ұяшық
Ала қанат сауысқан,
Құртты көрсе жабысқан.
Екеуі ағаш басында.
Үшті қоссақ қасына,
Қанша болды сауысқан?
3-ұяшық
Бұлбұл әсем жырлайды,
Ел-жұрт естіп тыңдайды.
3-ке 3-ті қосқанда,
Нешеу болып сайрайды?
4-ұяшық
Ағаш басында 2 қарлығаш, 2 сауысқан, 1 қарға қонып отыр. Ағаш басында неше құс отыр?
5-ұяшық
Қолыңдағы 10 кәмпиттің 2-еуін ағаңа, 3-еуін тәтеңе берсең, өзіңде неше кәмпит қалады?
6-ұяшық
Айжанның анасы 5 доп сатып алды. 3-еуін үлкен ұлына, 1-еуін Жанарға берді. Айжанда неше доп қалды?
Дәптермен жұмыс
16 цифрының таңбасын жазу.
VI. Сабақты қорытындылау
Сұрақ-жауап арқылы бүгінгі тақырыпты бекіту.
Сұрақ: Бүгін біз қандай санмен таныстық?
Қосымша сұрақ: Мектебімізде қай ақынның туған күні аталып өтіп жатыр? Мұқағали Мақатаев.
Мұқағали Мақатаевтың бірнеше өлеңін жатқа айтқызу.
VII. Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан балаларды марапаттау.
Жақсы қатысқан оқушыларға жұлдызша және төртбұрыш үлестіріледі.