Инерциялық санақ жүйесі - салыстырмалы тыныштығын немесе түзу сызықты және бірқалыпты қозғалысын сақтайтын жүйе

Сабақ паспорты

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Үңгіртас орта мектебі (мектепке дейінгі шағын орталығы бар).

Пән мұғалімі

Азат Сейылқан

Физика пәні

Сабақтың түрі

Жаңа білімді қалыптастыру және жалпылау.

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгіме
  • Лекция
  • Дискуссия
  • Кітаппен жұмыс

Көрнекіліктер

Видео Суреттер Проблемалық эксперимент

Сабақтың мақсаты

1) Білімділік

Оқушының білімін, іскерлігін және дағды деңгейін бақылау мен бағалау. Ньютонның бірінші заңымен таныстырып, инерциялық санақ жүйелері туралы түсінік қалыптастыру.

2) Дамытушылық

Білім мазмұнының тұрақтылығын, оны игерудегі іскерлік пен дағдыны жүйелі бақылау арқылы оқушының ойлауын дамыту.

3) Тәрбиелік

Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Төмендегі құрылым сабақтың логикасын сақтай отырып, жаңа материалды меңгертуге және түсінуді тексеруге бағытталған.

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • 1Сәлемдесу.
  • 2Оқушыларды түгендеу.
  • 3Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру.
  • 4Сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырысы, сыртқы келбеті).
  • 5Оқушылардың назарын сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру және қайталау

Теория

Теориялық білімін тексеру.

Практика

Практикалық тапсырмаларын тексеру.

Есептер

Есептерін талдау және тексеру.

III. Білімді жан-жақты тексеру

Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша түсіну деңгейін қысқаша сұрақтар мен талқылау арқылы нақтылау.

IV. Жаңа материалды қабылдауға дайындық және мақсат қою

Бүгінгі негізгі мақсат — оқулық бойынша Ньютонның бірінші заңымен танысу, сондай-ақ инерциялық санақ жүйелері туралы түсінікті бекіту.

Қайталау сұрақтары

  1. 1Центрге тартқыш үдеу деп қандай үдеуді айтады?
  2. 2Неліктен центрге тартқыш үдеуді нормаль үдеу деп те атайды?
  3. 3Центрге тартқыш үдеудің формуласы қандай?
  4. 4Қисық сызықты қозғалыс деп қандай қозғалысты айтады?
  5. 5Айналу периоды дегеніміз қандай физикалық шама?
  6. 6Жиілік деп қандай шаманы айтады?

V. Жаңа материалды меңгерту

Негізгі ұғымдар

  • Динамика — денелердің өзара әрекеттесу заңдарын зерттейтін механиканың бөлімі.
  • Инерциялық санақ жүйесі — салыстырмалы тыныштықты немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалысты сақтайтын жүйе.
  • Инерциялық емес санақ жүйесі — үдеумен қозғалып келе жатқан жүйе.

Проблемалық эксперимент

A)

Жазық әйнектің үстіне кішкентай болат шар қойылады. Неліктен ол тыныштықта қалады?

Ә)

Шарды ақырын түртіп, оны бірқалыпты түзу сызықты қозғалысқа келтіреміз. Шардың бірқалыпты және түзу сызықты қозғалысы басқа денелердің әсерлері теңгерілгенде байқалады.

Тарихи негіз

Қозғалыс туралы түсініктің дамуына Аристотель, Галилей және Ньютон еңбектері үлкен ықпал етті. Бұл сабақта олардың идеяларының сабақтастығы қысқаша талданады.

Ньютонның бірінші заңы

Денеге сыртқы күш әсер етпесе немесе әсер етуші күштер теңгерілсе, дене тыныштық күйін сақтайды немесе түзу сызықты бірқалыпты қозғалады. Заңды дәлелдейтін өмірлік және тәжірибелік мысалдар қарастырылады.

VI. Түсінуді тексеру

§10 бойынша дайындық сұрақтарын талдау арқылы жаңа материалдың меңгерілу деңгейі анықталады.

  1. 1Қандай санақ жүйесі инерциялық деп аталады?
  2. 2Жермен байланысқан санақ жүйесін инерциялық санақ жүйесі деп қарастыруға бола ма?
  3. 3Ньютонның бірінші заңын дәлелдейтін мысалдар келтіріңдер.
  4. 4Электромагниттік және серпімді толқындардың ұқсастықтары мен айырмашылықтары қандай?

VII. Бекіту және дағдыландыру

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушы түсінігі нақты жағдайларда қолданылып, жүйеленеді.

I деңгей

  1. Мына жағдайларда қайсы денелердің әсерлері теңгерілетінін түсіндіріңдер:
    • Сүңгуір қайық судың ішінде тыныштықта тұрғанда.
    • Сүңгуір қайық су түбінде тұрған кезде.
  2. Парашютші бірқалыпты және түзу сызықты қозғалыспен төмендеп келеді. Қандай әсерлер теңгерілгенін түсіндіріңдер.
  3. Автомобиль жазық горизонталь жолда моторын сөндіріп, бірқалыпты қозғала ала ма? Негіздеңдер.
  4. Төмендегі жағдайлардың қайсысында санақ жүйесін инерциялық деп қарастыруға болады? Егер лифт:
    A) еркін түссе
    Ә) жоғары қарай бірқалыпты қозғалса
    Б) жоғары қарай үдемелі қозғалса
    В) төмен қарай үдемелі қозғалса
    Д) төмен қарай бірқалыпты қозғалса
    Е) жоғары қарай баяу қозғалса

II деңгей

  1. Санақ жүйесі автомобильмен байланысқан. Жүйе инерциялық бола ма, егер автомобиль:
    A) горизонталь тас жолмен бірқалыпты түзу сызықты қозғалса
    Ә) горизонталь тас жолмен үдемелі қозғалса
    Б) тік бұрыш жасап орналасқан көшеге бұрыла отырып, бірқалыпты қозғалса
    В) тауға бірқалыпты шықса
    Г) таудан төмен бірқалыпты қозғалса
    Д) таудан төмен үдемелі қозғалса
  2. Үстел үстінен түсіп кеткен алма вагон санақ жүйесінде:
    A) вертикаль бойымен қозғалса
    Ә) түсіп келе жатып, алға қарай ауытқыса
    Б) кейін қарай ауытқыса
    В) оңға немесе солға ауытқыса

    Осы жағдайлардың әрқайсысында поезд қалай қозғалып бара жатыр?

III деңгей

  1. Станциядан шыққан пойыз жылдамдығын арттырды. Осы кезде ауыр қолсандықты еден бойымен қай бағытта жылжыту оңайырақ: пойыздың жүру бағытымен бе, әлде оған қарама-қарсы бағытта ма? Түсіндіріңдер.

VIII. Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, талқылауға қатысуы және деңгейлік тапсырмаларды орындауы негізінде бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • §10 оқу.
  • 8-жаттығу: 2 және 3-есептер.