Топтың таныстыруы

«Қызықты математика әлемінде» көңілді тапқырлар сайысы

Білімділік

Оқушылардың алған білімін өмірде, математикалық есептеулерде және практикалық іс-әрекетте қолдана білуін қалыптастыру.

Дамытушылық

Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, ізденімпаздық қасиеттерін және ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Еңбекқорлыққа, өзін-өзі басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Командалардың эмблемалары
  • Таратпа материалдар

Қош келдіңіздер!

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Білім іздеп, инемен құдық қазған жандарды құшақ жая қарсы аламыз. «Би билеп, ән де бүгін шырқалар» дегендей, бүгінгі ойынымызға қош келдіңіздер!

Әркімнің өз бақыты мен талғамы бар, әр жүректе қасиетті арман бар. Дана халқымыздың аманатын арқалаған, математикаға құмар жас қауым, сіздерге сәлем!

Біз бұл сайысқа қуанышпен келдік: өнер мен білімді ортаға салып, тапқырлықты сынап, өз мүмкіндігімізді байқап көруге дайынбыз. Ортаға Әл‑Фараби және Әл‑Хорезми топтарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Тәртіп пен әділдік

Залда тыныштық орнасын: уақытты бағалаймыз, кешіккенді тоспаймыз. «Ғылымдардың ғылымы» — математика туралы сайысымызды бастау үшін әділқазылар алқасын сайлаймыз.

Сайыс барысы

Негізгі кезеңдер

  1. 1Топтардың таныстыруы
  2. 2Сұрақ-жауап сайысы
  3. 3«Кім алғыр?» ойындар топтамасы
  4. 4Математикалық лото
  5. 5Топ басшылары сайысы
  6. 6Семантикалық карта

«Кім алғыр?» ішкі бөлімдері

  • Шырпымен ойын
  • Сөз құрастыру
  • «Адымда — ойлан» (математикалық терминдер)
  • «Ойнайық та, ойлайық»: мақал-мәтелді жалғастыру
  • Математикалық фокус: «Сиқырлы сандар», «Сиқырлы шаршылар»
  • Сәйкестілік тест
  • Көңілді көбейту
  • «50 ұпай кімге бұйырады?»

Негізгі ой

Бүгінгі шәкірт — ертеңгі азамат. Тапқырлық пен алғырлықты мектеп қабырғасынан қалыптастыру қажет. «Білімді бірді, білімді мыңды жығар» деген халық даналығын арқау ете отырып, баршаңызға ақ жол тілейміз.

1-кезең: Топтардың таныстыруы

Алғашқы сайысымыз — таныстыру. Әр топ өз ұранын, әнін және сәлемдесуін ұсынады. Топтарға сәттілік тілейміз!

Әл‑Фараби тобы

Ұраны

Қандай болса да берілме, әрқашанда жеңіске ұмтыла біл!

Әні

Егеменді қазақтың біз ұланы, Өз туы бар, елтаңба, әнұраны. Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың, Самғайтын биіктерге тау қыраны. Бабамыз Әл‑Фараби, өзің қолда, Жеңіс тек біздер болар осы жолда. Достар‑ау, сендер де бір қолпаштаңдар, Отырған дәл алдыда, оң мен солда.

Амандасуы

Бастары компьютердей, Бойлары бәрі бірдей. Жастықты бірге өткізген Құрбыларға өрімдей — сәлем!

Әділқазыларға сәлем

Достық пенен бірлікті етіп тұлға, Жеңіске жеткен едік талай сында. Қара қылды қақ жарып, әділқазым, Еңбегін Әл‑Фарабидің әділ сына.

Әл‑Хорезми тобы

Ұраны

Нақты жауап, сапалы шешім таба біл!

Әні

Өнер қуған математик жастармыз, Есебіңді лезде шешіп тастармыз. Командамыз өңшең тапқыр қырандар, Ерен туған вундеркинд бастармыз. Келешектің үмітіміз — талапты, Атақ-даңққа бөленеміз, қарап тұр. Сегіз қырлы, өнері асқан туғандар, Оза шауып, бәйге атындай жарап тұр.

Амандасуы

Құны бір құрдас, Жаны бір жан дос. Тілегі бір, жүрегі бір, Бірге өскен жолдас, Сендерге де бір сәлем!

Әділқазыларға сәлем

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем! Әділдікке бас иеді күллі әлем! Жүйрік озар сайыстарда неше бір, Сарапқа сап, әділдікпен шеше біл!

Білім — биік шың, бақытқа жеткізер. Білім — ақылшың, қиындықтан өткізер.

2-кезең: Сұрақ-жауап сайысы

Ендігі бөлімде топтар жылдамдық пен дәлдікті қатар көрсетеді. Төменде 1-топқа арналған сұрақтар берілген.

1-топтың сұрақтары

  1. 1. Тәуліктің 1/24 бөлігі?
  2. 2. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
  3. 3. 13 санының квадраты нешеге тең?
  4. 4. Жердің табиғи емес серігі?
  5. 5. Oy осі координаталық жазықтықта қалай аталады?
  6. 6. Диаметрдің жартысы қалай аталады?
  7. 7. 10 мен 15-тің ең кіші ортақ еселігі.
  8. 8. Ең кіші натурал сан.
  9. 9. Қыры 5 дм-ге тең кубтың көлемі.
  10. 10. Синустың косинусқа қатынасы қалай аталады?