Мәліметтер парағын жасау

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Тақырып

«Ақан сері Қорамсаұлы»

Сынып

10-сынып

Сабақ типі

Жаңа сабақты меңгерту

Сабақ түрі

Шығармашылық, зерттеушілік

Пәнаралық байланыс

Музыка, тарих

Оқыту әдістері мен ұйымдастыру формалары

Оқыту әдістері

  • Ғылыми-танымдық әрекетті ұйымдастыру: ауызша, тақырыптық-көрнекілік, проблемалық-ізденушілік, білімді өзіндік игеру.
  • Оқу-танымдық әрекетті құрастыру: оқу, пікір айту, оқу талаптарын қою.

Ұйымдастыру формалары

  • Топтық жұмыс
  • Жұптық жұмыс
  • Жеке жұмыс

Көрнекіліктер мен ресурстар

  • Бейнежазба
  • Электронды оқулық
  • Актив тақта презентациясы
  • Шағын көрме (ақын туралы жинақ-папка, кітаптар, оқушы жұмыстары)
  • Постер мен шығармашылық жұмысқа арналған парақтар
  • Бағалау және кері байланыс парақшалары

Сабақ кезеңдері

  1. 1

    Қызығушылықты ояту

    Тыңдалым мен пікірталас арқылы тақырыпқа кіріспе жасау, топқа бөліну, мақсат пен табыс критерийлерін анықтау.

  2. 2

    Мағынаны ашу

    Тірек сөздер, диаграмма, ЖИГСО стратегиясы және оқулықпен жұмыс арқылы ақпаратты өздігінен игеру және талдау.

  3. 3

    Ой толғаныс

    Жинақтау, салыстыру, дәлелдеу және шығармашылық тапсырмалар арқылы қорытынды жасау.

Шығармашылық тапсырмалар топтамасы

Сабақта оқушылардың зерттеушілік және шығармашылық қабілетін ашуға бағытталған тапсырмалар қолданылады.

Талқылау және талдау

  • Ән тақырыбына байланысты шағын пікірталас
  • «Х» диаграммасы (топтық)
  • «Тірек сөздер» (топтық)
  • «ЖИГСО-1» стратегиясы

Құрастыру және жинақтау

  • «Мәліметтер парағын» жасау (топтық)
  • «Қос шебер және сыртқа» (жұптық)
  • «Пирамида» құрастыру (жұптық)
  • Электронды оқулықпен тест орындау (жұптық)

Салыстыру және дәлелдеу

  • Үндестік пен ұқсастық (басқа ақындар шығармаларымен салыстыру)
  • «Пікірлер ағашын» толықтыру (жұптық)

Бағалау және кері байланыс

Формативті бағалау

  • «Бас бармақ» әдісі
  • Смайлик арқылы белгілеу

Өзіндік бағалау

Бағалау парағы мен рефлексия парағын толтыру.

Рефлексия сұрақтары

  1. Меңгердім:
  2. Мені қызықтырды:
  3. Сұрағым бар:
  4. Менің тілегім:

Бағалау динамикасы

Сабақ басындағы баға

Сабақ ортасындағы баға

Сабақ соңындағы баға

Сабақ барысы (қадам-қадамымен)

1) Қызығушылықты ояту

  1. «Балқадиша» әніне арналған бейнебаянды тыңдату.
  2. Шағын пікірталас:
    • Ән қандай тақырыпты көтереді деп ойлайсың?
    • Ән авторы кім? (Ақан сері)
  3. Оқушылар көзқарасына қарай топқа бөлу.
  4. Сабақ тақырыбы, мақсаты және табыс критерийлерін бірлесіп белгілеу.

2) Мағынаны ашу

I жұмыс: бастапқы болжам және ойтолғау

1-топ: «Х» диаграммасы

Диаграммадағы тірек сөздер мен сөз тіркестерін қолданып, Ақан сері туралы өз болжамдарыңды айт.

сұлулық талант табиғат Көкшетау асыл мекен синкретті жанр Фирдоуси Хафиз Сағди Низами Шамси еуропалық мәдениет

2-топ: «Тірек сөздер» стратегиясы

Төмендегі тірек сөздерді қолданып, Ақан Қорамсаұлы туралы шағын ойтолғау құрастыр.

асқан дарын араб, парсы жаңа өрнек ұлттық мәдениет уызы аңшылық саятшылық құсбегілік төл әдебиет белесі жазбаша-ауызша сезімталдық пен нәзіктік

Тапсырмалар ауызша тексеріледі.

II жұмыс: «Зерттеймін, пікір айтамын…»

«Менің сүйікті әншім» тақырыбы бойынша дәстүрлі ән орындайтын жас орындаушылардың бірін таңда. Қосымша мәлімет: дәстүрлі ән айту сайыстары Алматы, Талдықорған және Семей қалаларында өткен.

Семей қаласындағы Ә. Қашаубаев мерейтойына арналған жас дәстүрлі әншілер сайысының жүлдегерлері

  1. Сәке Жанаяпов
  2. Жақсыкелді Маясаров
  3. Медет Осатов
  4. Жанқожа Аяпов
  5. Сая Есенгельдинова

Оқушыларға оқулық бөлімдері осы нөмірлер бойынша үлестіріледі (№1–№5).

III жұмыс: оқулықпен жұмыс (білімді өзіндік игеру)

№1

Ақанның өмірі, алған білімі

№2

Сазгерлігі, әнші-орындаушылығы, серілігі

№3

«Құлагер», «Маңмаңгер»

№4

Ақан — лирик ақын

№5

Ақан шығармаларындағы тәлім-тәрбие

«Білімді белсенді игеремін…» алгоритмі

  1. Бөліммен танысу.
  2. Уақытша топ құру, талқылау, «Мәліметтер парағын» құрастыру.
  3. «Жанұя тобына» оралу және өз бөліміңді топтастарына түсіндіру.

Жұмыс барысында Ақан әндерінен музыка қойылады. Формативті бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

3) Ой толғаныс

«Ақанды кім деп танимын…» таңдауы бойынша қорытынды жаса:

  • Үздік лирик ақын
  • Талантты әнші
  • Өнер иесі
  • Сазгер
  • Қоғам бейнесін сипаттаушы

Жұптық шығармашылық тапсырмалар

  1. «Қос шебер және сыртқа» (мәліметтерді орналастыру).
  2. «Пирамида» құрастыру (мәліметтерді жинақтау).
  3. Электронды оқулықпен «Тест» орындау.
  4. Үндестік пен ұқсастық (басқа ақын шығармаларымен салыстыру).
  5. «Пікірлер ағашын» толықтыру (шығармалары негізінде).

«Пікірлер ағашы» үшін ұсынылатын шығармалар

Ақ көйлек Заманға қарап Асыл мен жасық Құлагер Жақсы мен жаман Жайықтың ақ түлкісі Өсиет өлең Балқадиша Халқым сенген Сырымбет Адамның біліміне ақыл серік Қыз сипаты Әйелдер сипаты Жігіт сипаты Маңмаңгер Мақпал Жамал қыз Ақтоқты Қараторғай

4) Табыс критерийі және кері байланыс

Табыс критерийі

Оқушы өз жетістігін смайлик белгісі арқылы белгілейді.

Кері байланыс

Рефлексия парағына жауап беріп, бағалау парағын тапсырады.

Меңгердім:

Мені қызықтырды:

Сұрағым бар:

Менің тілегім:

5) Үй тапсырмасы

Ойтолғау

«Тұсында сері болсын, пері болсын, ұнайды өмірімен Ақан маған» тақырыбында ойтолғау жазу.

Хат

Ақынмен сырласу хат жазу.

Жаттау (таңдау)

«Ақан лирикасы» бойынша өлең жаттау (№1 немесе №2 — таңдау бойынша).

Ескерту: «Қос шебер және сыртқа» тәсілінің қағидасы

  • Өте маңызды ақпарат — ішкі шеңберге.
  • Маңыздылығы орташа ақпарат — екі шеңбердің арасына.
  • Маңызы төмен ақпарат — сыртқы шеңберге.