Мұғалімнің бағалауы

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Пәні
Әдебиеттік оқу (4-сынып)
Тақырыбы
М. Дулатов — «Наурыз»
Негізгі бағыт
Сыни тұрғыдан ойлау және мәтінді талдау

Сабақтың жалпы мақсаты

Оқушылар Міржақып Дулатовтың «Наурыз» өлеңімен танысып, мәтін мазмұнын түсінеді, негізгі ойы мен идеясын ашады.

Сабақтың негізгі мақсаты

  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
  • Өлең мазмұнын ашу, өздігінен ізденіп білім алу мәдениетін қалыптастыру.
  • Топтық жұмысқа белсенді қатысу, өзін-өзі реттеу дағдыларын нығайту.

Күтілетін нәтижелер

Білім және дағды

  • Тақырып идеясын анықтай алады, дәлел келтіреді.
  • Өлеңді талдау (ұйқас, бейнелеу, мазмұн) дағдылары қалыптасады.
  • Өз ойын қосып, пікір білдіруді үйренеді.

Тұлғалық нәтиже

  • Ұйымшылдық пен ынтымақтастыққа тәрбиеленеді.
  • Адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге бағытталады.

Қажетті ресурстар

Оқулық Сөзжұмбақ Тақырыптық суреттер Интерактивті тақта A форматтағы қағаздар Маркерлер Стикерлер Күлегештер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • «Кіру билеті» стратегиясы арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді.
  • Әр топқа жетекші тағайындалып, бағалау парағы беріледі.

Психологиялық ахуал (өлең жолдары)

Су жылтырлап бүрін ашқан жас талдан,
Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,
Бар тіршілік Наурыздан басталған!

II. Үй тапсырмасын тексеру

«Дейін–кейін» сұрақ-жауап әдісі арқылы өткен тақырып қайталанады.

  1. «Түлік туралы» өлеңінде не туралы айтылады?
  2. Болат пен Марат не үшін таласты?
  3. Болаттың сұрақтарына сен қалай жауап берер едің?
  4. Төрт түлік мал атауларына қарай неше түрге бөлінеді?

III. Жаңа сабақ (ой қозғау)

Оқушылар сөзжұмбақ шешіп, негізгі кілт сөзге шығады: «Наурыз».

Сөзжұмбақ сұрақтары

  1. Мұсылман халықтарында жаңа жыл тойланатын ай.
  2. Наурыз көжеге қосылатын дән.
  3. Жаңа туған малдың сүтінен жасалатын тағам.
  4. Сүттен жасалатын тағам.
  5. Ішекке ет тығып жасалатын ұлттық тағам.
  6. Бие сүтінен жасалатын сусын.

Кітаппен жұмыс

  • М. Дулатов туралы мәліметпен танысу.
  • Өлеңді шумақтап, тізбектей оқу.
  • «Наурыз» өлеңіне талдау жасау.
  • «Әуеден парашют тастау» ойыны арқылы бір-біріне сұрақ қойып, жауап беру.

Автор туралы: Міржақып Дулатов

Туған жері

Торғай облысы, Сарықопа уезінің үшінші ауылы (қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, «Қызбел» ауылы).

Отбасы және алғашқы білім

Әкесі Дулат — өнерлі, ер-тұрман жасап, етік пен мәсі тіккен шебер. Анасы Дәмеш — әнші, ойын-тойдың көркі болған. Міржақып әуелі ауыл молдасынан сауат ашып, кейін 1897–1902 жылдары ауыл мектебінде Мұқан мұғалімнен орысша білім алады.

Қызметі мен тағдыры

  • Жазушы, ғалым, қоғам қайраткері.
  • 1922–1926 жж. Орынбордағы ағарту институтында оқытушы.
  • 1928 ж. қамауға алынып, 10 жылға сотталады.
  • 1935 ж. тұтқында қайтыс болады.

Негізгі еңбектері

  • 1913 — «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы жарық көрді.
  • 1913 — А. Байтұрсыновпен бірге «Қазақ» газетін шығарды.

IV. Қолдану (топтық жұмыс)

Оқушылар шығармашылық тапсырманы бірлесе орындап, постер дайындап қорғайды.

I топ

Қазақ қызының бас киімі — «Сәукеле»

II топ

Ұлттық өнер — «Қамшының түрлері»

III топ

Қазақ халқының ұлттық ойындары

IV топ

Қазақ халқының салт-дәстүрі

V. Талдау (кубизм стратегиясы)

Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы өлеңнің мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін талдайды.

  • Ақын Наурыз айындағы табиғат өзгерістерін қалай суреттеген?
  • Наурыз қандай мейрам?
  • «Қыс шыққан — өлмей тірі» деген жолдарды қалай түсінесің?
  • Наурыз күні қалай аталады?
  • Өлеңде қандай ұйқас түрі кездеседі?
  • Наурыз көже қалай жасалады?
  • Өлеңде дала бейнесі қалай берілген?
  • М. Дулатовтың қандай шығармаларын білесің?
  • Қазіргі парсы тілінде «наурыз» сөзі қандай мағына береді?
  • Наурыз мейрамының басқа мерекелерден айырмашылығы неде?

VI. Жинақтау

  1. Неліктен қазақ халқы Наурыз мейрамын «Ұлыстың ұлы күні» деп атаған?
  2. Бүгін қандай өлеңмен таныстық? Авторы кім?
  3. Наурызға байланысты қандай қанатты сөздерді білесіңдер?

Бағалау

Оқыту үшін бағалау (кері байланыс) жүргізіледі: оқушылар жауаптарын айтады, пікір алмасады. Топ басшысы мұғалім ұсынған критерийлер бойынша бағалайды, соңында мұғалім қорытынды баға қояды.

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді түсініп оқып, жаттап келу.
  • Өлең мазмұны бойынша сурет салу.

Рефлексия

Оқушылар сабақтан алған ойы мен әсерін жазып, «тілек ағашына» іледі.

Автор туралы мәлімет

Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Д. Рақышев атындағы қазақ мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі — Надырбаева Гүлайым Айтбайқызы.