Жуан дауысты дыбысты табыңдар

Сабақтың мақсаты

Бұл сабақта оқушылар жуан дауыстылар туралы түсінік алып, сөйлем ішінен оларды табуды үйренеді. Сонымен қатар төрт түлік туралы мағлұмат арқылы малдың адам өміріндегі пайдасын ұғынады.

Білімділік

  • Жуан дауыстылар туралы түсінік беру.
  • Сөйлем ішінен жуан дауыстыларды таба білуге үйрету.
  • Төрт түлік туралы мағлұмат беру арқылы, малдың адам өміріне пайдасын ұғындыру.

Дамытушылық

  • Еркін сөйлеу, мәнерлеп оқу, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.
  • Ойын анық жеткізу, шығармашылық қабілетін дамыту.
  • Сөздік қорын молайту.

Тәрбиелілік

  • Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру.
  • Шапшаңдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
  • Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Құралдар мен тәсілдер

Көрнекілігі

Слайдтар, төрт түлік суреттері, автор суреті, ақпараттық құралдар.

Әдісі

Көрнекілік, сұрақ-жауап.

Жаңа технология

Ақпараттық технология.

Сабақтың барысы

1) “Құлыншақ” өлеңімен жұмыс

  1. 1.Өлеңді мәнерлеп оқыту.
  2. 2.Тізбектей оқу.
  3. 3.Сұрақтарға жауап беру.

Талқылау сұрақтары

  • Құлыншақ ненің төлі?
  • Құлыншақтың енесін қалай атаймыз?
  • Биенің сүті қалай аталады?
  • Құлыншақты қалай шақырамыз?
  • Иесі кім?
  • Құлын қалай дыбыстайды?

2) Өткен сабақты бекіту

Кестемен жұмыс

Жылқының пайдасы

Білемін

Оқушылардың алдын ала білімін анықтау.

Не үйрендім?

Сабақ соңында қорытындылау үшін.

Жұмбақ

Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияқты бар.

Жауабы: Сиыр

3) Жаңа сабақ: жуан дауыстылар және “Ақ бұзау”

Электронды оқулықпен жұмыс: сиыр туралы қысқаша мәлімет беріледі. Оқушылар сиыр төлінің атауын анықтайды.

Сұрақ

Сиыр төлін қалай атаймыз?

Жауап: бұзау.

Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы — “Ақ бұзау”.

Автор туралы

Автор туралы қысқаша түсінік беріледі (суреті мен қосымша ақпараттық материалдар пайдаланылады).

Тыңдалым

“Ақ бұзау” өлеңін ақпараттық құрал арқылы тыңдату, мазмұнын талқылау.

4) “Ақ бұзау” өлеңімен жұмыс

Оқу әрекеттері

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Сөздікпен жұмыс.
  • “Ақ бұзау” сөз тіркесінен дауысты дыбыстарды табу.

Ереже

Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ы, ұ. Оқушылар дыбыстарды дауысты/дауыссыз және жуан/жіңішке болып ажыратуды үйренеді.

Топ Мысал
Дауысты а, о, ы, ұ
Дауыссыз қалған дыбыстар
Жуан а, о, ы, ұ
Жіңішке ә, ө, ү, і, е, и (және т.б.)

5) Дәптермен жұмыс

28-жаттығу (Сиыр)

  1. 1) Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазыңдар.

    Мінезім жайлы сиырмын,
    Байлығымын бір үйдің.
    Сырымды менің ұғып ал,
    Етім дәмді, сүтім — бал.

  2. 2) Жуан дауысты дыбыстарды табыңдар.

29-жаттығу (Терме диктант)

Сүт, айран, қаймақ, кілегей, май, ірімшік, құрт

Тапсырма

Сөздерді оқыңдар. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді теріп жазыңдар.

6) Сергіту сәті

Әуенімен айту (2 рет):
Біздерде бар қуыршақ,
Бұзау, қозы, құлыншақ.
Ойыншықтар тыңдайды,
Әмір беріп бұйырсақ.

7) Қолдану және бекіту

Математикалық тапсырма

Берілген сурет бойынша есеп құрастыру.

Өз беттік жұмыс

“Сиыр”, “қаймақ” сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

Топтық тапсырмалар

Әр қатарға жеке тапсырмалар беру.

Тіл дамыту

  • Мақал-мәтел айту.
  • Жаңылтпаш айту.
  • Тыйым сөздер айту.

Үй тапсырмасы

  1. 1.“Ақ бұзау” өлеңін мәнерлеп оқу.
  2. 2.Жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөз ойлап жазу.