Балалар неше сәбіз көріп тұрмыз

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру

Тақырыбы: «Мендегі сәбіз — 3 саны»

Мақсаты

Сәбіздерді санау арқылы балаларға 3 санын меңгерту.

Міндеттері

  • Білімділік: логикалық тапсырмалар арқылы 3 санымен таныстыру, санамақ айтқызу, 3-ке дейін ретімен санауды үйрету.
  • Дамытушылық: жан-жақты ойлауын дамыту, сұраққа толық жауап беруге үйрету, сөздік қорын, тілін және зейінін жетілдіру.
  • Тәрбиелік: шығармашылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер мен көрнекіліктер

Әдістер

Көрнекілік әдіс, деңгейлік оқыту, дидактикалық ойындар, модульдік әдіс, ақпараттық құралдармен оқыту, аукциондық әдіс.

Көрнекіліктер

Үлкен және кіші сәбіздер, геометриялық пішіндер, қоян бейнелері, «үйшік» макеті, үнтаспа, бейнетақта/ақпараттық құрал, диагностикаға арналған түсті дөңгелектер.

Ұйымдастыру кезеңі: «Жүрек жылуы» психологиялық тренингі

Т

Балалар, сәлеметсіздер ме!

Менің қолымдағы не?

Б

Жүрек.

Т

Мен сендерді өте жақсы көремін. Сендерді ақылды әрі тапқыр балалар деп ойлаймын.

Ал сендер мені жақсы көресіңдер ме?

Оң қолымызды жүрегімізге қойып көрейік.

Жүрегім «әдемі әуен тыңдайық» деп тұрғандай. Әуен тыңдаймыз ба?

Әуен қосылады. Балалар көзін жұмып тыңдайды, қиялға беріледі.

Т

Көзімді жұмып отырып, «анаммен кітапханаға бара жатырмын» деп қиялдап кетіппін. Ал сендердің ойларыңа не келді?

Б
  • Мен балабақшада ойнап жүрмін.
  • Мен дүкеннен қуыршақ сатып алдым.
  • Мен «Бәйтеректі» көрдім.
  • Мен қыс мезгілінің суретін салдым.
  • Мен шана теуіп жүрмін, қар домалатып жүрмін.
Т

Керемет! Біз көзімізді жұмып қиялдағанда, байқамай-ақ «Көңілді сәбіздер еліне» тап болыппыз.

Жаңа материалмен таныстыру: «Ғылыми орталық»

Санау

Балалар, біз неше сәбіз көріп тұрмыз? — 3 сәбіз.

Түстерді ажырату

  • 1-сәбіз: сары (әлі пісіп келе жатқан).
  • 2-сәбіз: сарғыш-қызыл (пісуі жақын).
  • 3-сәбіз: қызғылт сары (піскен).

Сәбіз туралы қысқаша мәлімет

Сәбіз — пайдасы мол көкөніс. Сәбізді жиі жесек, бойымыз өсіп, күш жинап, ағзамызға дәрумен көп болады. Сәбіз топырақ астында өседі, жер бетіне тек сабағы шығады.

I тапсырма: «Сиқырлы қораптар»

Мұғалім: «Мен мына сәбізді сендерге “сатамын”. Оны алу үшін 3 топқа тапсырма беремін. Тапсырманы дұрыс орындаған топқа сәбіз беремін».

1-топ

Пішіндердің ішінен сәбізге ұқсайтын пішінді тап.

2-топ

Сәбіз қайда өседі?

3-топ

Үлкен сәбізді құрастыр.

II тапсырма: Модульдік әдіс (қояндармен жұмыс)

Мұғалім: «Мынау — қояндар. Қояндар нені жақсы көреді?» — Сәбізді.

«3 қоянның бір үйшігі бар екен».

Ақ қоян

Ақ қоянда 1 сәбіз бар.

1 саны туралы санамақ

Бір балапан ұяда,
Бір балапан қияда.
Екеу болды есебі,
Қалды ұяда нешеуі? (бір)

Күлгін қоян

Күлгін қоянда 2 сәбіз бар.

2 саны туралы санамақ

Бір ағашта екі алма,
Мен де алмайын, сен де алма.
Қызыл емес, көк екен,
Әлі піскен жоқ екен. (екі алма)

Қара қоян

Қара қоян көңілсіз. Себебі — сәбізі жоқ.

Үйшік терезелері

1-терезеде — 1 сәбіз

2-терезеде — 2 сәбіз

3-терезеде — 3 сәбіз

Балалар терезелерден сәбіздерді алып, қара қоянға көмектеседі.

Сергіту сәті

1 — дегенде тұрайық,
2 — дегенде алақан соғайық.
Оң жаққа иіліп,
Сол жаққа иіліп,
Жүгіріп алайық.
3 — дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.

Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»

Балалар, бір жылда неше жыл мезгілі бар? — 4 мезгіл. Төрт мезгіл: көктем, жаз, күз, қыс.

Пішіндер арқылы бейнелеу

  • Көктем: дөңгелек, жасыл түс
  • Жаз: төртбұрыш, қызыл түс
  • Күз: сопақша, сары түс
  • Қыс: үшбұрыш, ақ түс

Сипаттама бойынша тап

  • Айналамызда су ағып, құстар жылы жақтан ұшып келеді, жер жап-жасыл. Бұл қай мезгіл? Көктем
  • Күн ыстық, айнала қызарып, балалар суға түсіп жүр. Бұл қай мезгіл? Жаз
  • Жапырақ сарғайып жерге түседі, құстар жылы жаққа ұшады, күн салқындайды. Бұл қай мезгіл? Күз
  • Дала аппақ қар, аяз, балалар шанамен сырғанап ойнап жүр. Бұл қай мезгіл? Қыс

3 санын бекіту

Бейнетақта көмектеседі: «Менің артымнан қайталаңдар». 1, 2, 3.

1 саны туралы тақпақ

Мені келсе білгін,
Мен таяқша — бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрмын.

2 саны туралы тақпақ

Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрамын.
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын, қарағым. (2)

Қорытынды: «Ойлан да, тап»

Бейнетақтада сәбіздердің суреті көрсетіледі, бірақ олар «жоғалып кетеді». Балаларға көмектесу үшін сұрақтар беріледі.

Сұрақтар

  1. Сәбіз қайда өседі: талда ма, жерде ме?
  2. Піскен сәбіздің түсі қандай: жасыл ма, қызғылт па?
  3. Ақ қоянда неше сәбіз бар: бір ме, көп пе?
  4. Көгілдір (күлгін) қоянда неше сәбіз бар: екі ме, бір ме?
  5. Қара қоянға үйшіктен неше сәбіз алып бердіңдер: 3 пе, 1 ме?

Диагностика және бағалау

Балалар сұрақтарға жауап бергені үшін үш түсті дөңгелек (қызыл, сары, жасыл) алады. Әр бала өз қалташасына дөңгелектерді дұрыс орналастырады.

Қосымша ынталандыру: балаларға оқу қызығушылығын арттыру үшін ертегі кітаптары сыйға беріледі.

Сабақты аяқтау

«Мендегі сәбіз — 3 саны» атты ашық сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!