Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға және оқыған мәтінді суретпен байланыстырып сөйлеуге үйрету

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық ауылы

Құрық ауылының №1 орта мектебі КММ, бастауыш сынып мұғалімі: Бағдагүл Қожайқызы Аймағанбетова

Сабақ тақырыбы

Мағжан Жұмабаев — «Балапан қанат қақты»

Мақсаты

  • Мағжан Жұмабаевпен таныстыру. Оқушыларды мәтінді түсініп оқуға және оқығанын суретпен байланыстырып, жүйелі сөйлеуге үйрету. Оқиғаны өз бетінше жалғастыру дағдыларын қалыптастыру.
  • Оқудың әртүрлі түрлерін қолдана отырып, өз сөзінде көркем әрі әсерлі тілдік бірліктерді орынды пайдалану дағдыларын дамыту.
  • Сөздік қорын байыту, тіл мәдениетін дамыту; табиғатты аялауға, құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер
Түсіндіру, сұрақ-жауап, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, бейнелеу, қазақ тілі, еңбекке баулу

Көрнекілігі

  • М. Жұмабаевтың портреті
  • Мәтін мазмұнына сәйкес иллюстрациялар (балапан, қыс көрінісі және т.б.)

Сабақ барысы

Психологиялық ахуал

2 минут

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар.
Теріп алып қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Оқушылар шеңберге жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. Жұмбақтар арқылы топқа бөлінеді.

1-топ

Тауық

Қыт-қыт етеді, кезіп жүріп көшені,
Жата қалса орнына ақ доп тастап кетеді.

2-топ

Үйрек

Суға түссе балықтай,
Жүзе берер жалықпай.

3-топ

Қаз

Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап.

Топ ережесі еске түсіріледі, оқушылар құстардың суреттері арқылы орындарына жайғасады.

Үй тапсырмасын тексеру

5 минут

Суретпен жұмыс

  • Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?
  • Адамдар суықтан қалай қорғанады?
  • Сен қыста қалай киінесің?

Үй тапсырмасы 3 оқушыдан сұралады. Оқушылар берілген тапсырманың мазмұнын айтып, сұрақтарға жауап береді.

Нәтиже

Оқушылар қыс белгілерін дәлелдеп айтады, өз тәжірибесімен байланыстырып жауап береді.

Қызығушылықты ояту

5 минут

Мағжан Жұмабаев туралы қысқаша

  • 1893 жылы қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы аумағында дүниеге келген.
  • 1905–1910 жылдары Қызылжардағы медреседе оқыған.
  • 1910–1911 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде білім алған.
  • 1938 жылы 19 наурызда жазықсыз атылған.

Тақырыпты ашу

Ақ сарайды талқандап,
Шықты біреу қалтаңдап.

Мұғалім: «Жұмыртқа жарылып жатыр екен. Бұдан не шығатынын білесіңдер ме?»

Оқушылар: «Балапан шығады. Жұмыртқадан балапан шығады.»

Балапанның таныстыру өлеңі

Үрпек сары балапан,
Мен боламын балақан.
Келдім сізге қонаққа,
Соқшы кәне, алақан!

Дәптермен жұмыс

  • Күннің жадын және тақырыпты жазу.
  • Жаңылтпашты жазу, түсініп оқу.

Түсіндірілетін сөздер

«қыспаққа ап», «қыстап қап» сөздерінің мағынасы талданады.

Алдын ала білім (үй құстары)

Үй құстарының бірі — тауық. Тауық ең көп тараған құстардың қатарына жатады. Тауықты әтеш және мекиен деп бөлеміз, ал оның төлі балапан деп аталады. Балапанының жүні үлпілдек, сары әрі жұмсақ болады. Тауықтың майда жүні, айдары бар; ол жемді шоқып тереді. Қанатының астындағы қауырсындары арқылы балапанын қорғайды. Аяғындағы тырнағымен жер тырмалап, балапандарына жем табады.

Мағынаны тану

Бүгін Мағжан Жұмабаевтың «Балапан қанат қақты» әңгімесіндегі қыстап қалған балапан туралы оқимыз.

Оқылым

  • Мәтінді 3 топқа бөліп, өз бетінше оқыту.
  • Суретпен жұмыс арқылы мазмұнды тереңдету.
  • Оқиғаны өз бетінше жалғастыруға бағыттау.

Сурет бойынша сұрақтар

1-топ

Жылдың қай мезгілі бейнеленген? Балапан неге жылы жаққа кете алмады?

2-топ

Суреттегі балапанның қимылын, іс-әрекетін сипатта.

3-топ

Әңгімедегі оқиғаны өз ойыңмен қалай жалғастырар едің?

Сергіту сәті

«Шөжелерім» әуенімен қимыл-қозғалыс жасау. Ой сергітіліп, шаршау басылады.

Ой толғаныс

Топтық жұмыс арқылы білім бекітіледі және шығармашылық қабілет дамытылады.

1-топ

«Анасын тап»

Үйрек пен тауықтың адасып қалған балапандарын өз анасына сәйкестендіріп көмектесу.

2-топ

Жіктеу жұмысы

Үй құстары мен дала құстарын ажыратып, дұрыс орналастыру.

3-топ

Шығармашылық тапсырма

«Құстар туралы не білеміз?» тақырыбында ой картасын құрастыру: құстар — адамға дос, зиянкестерді жояды, ән салады, табиғатқа пайда келтіреді.

Жаңа тақырыпты бекіту (сұрақ-жауап)

Мәтін не туралы?

Суыққа шыдай алмаған, қыстап қалған балапан туралы.

Балапан қандай еді?

Жас, қанаты әлі жетіліп үлгермеген.

Балапан қай жерлерден пана іздеді?

Орманға барды, бірақ ағаштар оған мойын бұрмады.

Қандай құстар жылы жаққа ұша бермейді?

Үй құстарынан: тауық, қаз, үйрек, балапан және т.б. Дала құстарынан: торғай, көгершін және т.б.

Қорытынды ой

Қыстап қалатын құстар бар, және оларға көмектесе алатын — біз. Үй құстарын жылы қораға орналастырып, ал дала құстарына қолдан ұя жасап, қауіпсіз жерге ілуге болады.

Бағалау және кері байланыс

Үй тапсырмасы

Оқу, мазмұндау. Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау: смайлик түстері арқылы.

  • Қызыл 5
  • Жасыл 4
  • Сары 3

Оқушылар тапсырмалар бойынша жинаған смайликтерін санайды.

Кері байланыс

  • БББ (Білемін – Білгім келеді – Білдім) парақшасын толықтыру.
  • «Тілек ағашы»: сабақтан алған әсерін стикерге жазып, жапсыру.
  • Смайликті өзі қалаған нұсқаға жабыстыру.

Сабақтың түйіні

Оқушылар мәтінді түсініп оқиды, ойды суретпен байланыстырып жеткізеді, оқиғаны жалғастырып көреді және құстарға қамқорлық жасау туралы нақты қорытынды жасайды.