Ақша тарихын зерттейтін ғылым
Сабақтың тақырыбы
Ұлттық теңге – ұлт мақтанышы
Сабақтың түрі
Танымдық сайыс сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап, баяндау
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер, нақыл сөздер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды ұлттық теңгенің шығу тарихымен таныстыру.
Тәрбиелік
Рәміздерімізді құрметтеуге, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері мен тарихын білуге тәрбиелеу.
Дамытушылық
Өзіндік көзқарасты қалыптастырып, шығармашылық қабілеттерді дамыту.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындау.
- Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Мұғалім сөзі
Еліміздің ұлттық валютасы – теңгенің шығу тарихын әрбір Қазақстан азаматы білуі тиіс. Себебі халықаралық экономикада және еліміздің қаржы саласында теңгенің маңызы ерекше.
1992 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан Республикасында валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.
1993 жылы 15 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы – теңге айналымға енді. Ескі ақшаны ұлттық теңгеге айырбастау 15 қарашадан басталып, 20 қараша күні аяқталды. 1 теңге 500 сомға бекітілді.
Алғашқы банкноттар Англияда «Harrison and Sons» компаниясында басылды, ал алғашқы тиындар Германияда жасалды. Теңгенің алғашқы үлгілерінде қазақ халқының ұлы тұлғаларының бейнелері берілді. Ұлттық валюта банкнот және монета түрінде айналысқа енгізілді.
Тапсырмалар
Төмендегі бөлімдер оқушылардың білімін тексеруге, ойлауын дамытуға және шығармашылық белсенділігін арттыруға бағытталған.
1-тапсырма: «Сұрақ – бізден, жауап – сізден»
- Ақша тарихын зерттейтін ғылым.
- Ұлттық валюта дегеніміз не?
- Қазақстан теңгесі қай жерде басылды?
- Алғашқы тиындар қай жерде жасалды?
- Ұлттық валюта – теңге айналымға шыққан мерзім.
- 1993 жылы 1 теңге неше соммен белгіленді?
- Ескі ақшаны теңгеге айырбастау жүргізілген мерзім.
2-тапсырма: Елдердің валюта атауларын жазыңыз
3-тапсырма: Шығармашылық жұмыс
Берілген қағазға ұлттық валюта – теңгенің ерекшелігін білдіретін 5 сурет салыңыз.
4-тапсырма: Теңгеде бейнеленген тұлғаны анықтаңыз
5-тапсырма: Мақал-мәтелдерді толықтырыңыз
Сөздер жиынтығы
(дүние, көз, дария, теңге, санап, шашу, есеп, ақшасы, судың, құлып)
- _____ тиыннан өсер. Жылқы құлыннан өсер.
- Есепсіз _____ жоқ.
- Алтын тапсаң _____ ал.
- Ақша кетуге тырысады, _____ ұстауға тырысады.
- Тамшыдан тама берсе _____ болар.
- _____ оңай, жинау қиын.
- Ақша ашпайтын _____ жоқ.
- _____ да сұрауы бар.
- Ақшада _____ жоқ.
- Ар-намысы таза адамның _____ аз болады.
6-тапсырма: Шешендік өнер
Тақырып: «Мен ақшасыз өмір сүре аламын ба?»
Ойыңызды дәлелмен жеткізіп, өмірлік мысал келтіріңіз. Қаржының рөлі мен адамгершілік құндылықтардың арақатынасын талдаңыз.
Қорытынды
Теңге – Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарының бірі. Әнұран, ту және елтаңба сияқты ұлттық валюта да елдің тәуелсіздігі мен тұтастығын айқындайтын маңызды белгі болып саналады.
Ұлттық валютаны енгізу елімізде дербес ақша-несие саясатын жүргізуге жол ашты. Қазақстан валютасын қолдау бағытында Халықаралық валюта қорымен, Дүниежүзілік банкпен, Еуропалық және Азия даму банкілерімен, сондай-ақ бірқатар дамыған елдердің үкіметтерімен ынтымақтастық орнатылды.