Мата түрлерін ата

Сабақтың тақырыбы

Құрақ құрау: «Жұлдызды көрпеше»

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға құрақ құрау технологиясын түсіндіріп, жұлдызды құрақты дайындау жолдарын үйрету.

Дамытушылық

Шығармашылық қабілетті дамыту, сабаққа қызығушылықты арттыру және өздігінен ойлау дағдысын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Үнемділікке, ұқыптылыққа, талғампаздыққа, іскерлікке баулу; ата-бабамыздың салт-дәстүрін тануға тәрбиелеу.

Сабақ сипаттамасы

Сабақтың түрі
Білім мен іскерлікті игеру
Сабақтың типі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдісі
Интерактивті тақтамен жұмыс, сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Тарих, сызу, сурет

Қажетті материалдар мен көрнекіліктер

Көрнекілігі

  • Нұсқау картасы
  • Лекало
  • Құрақ үлгілері
  • Құрақ көрпеше

Құралдар

  • Фломастер
  • Сызғыш
  • Қарындаш
  • Мата қиындылары
  • Дәптер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Амандасу, оқушыларды түгендеу.
  • Сынып тазалығын тексеру және оқушыларды сабаққа даярлау.

Өткен тақырыпты пысықтау (сұрақ-жауап)

  1. Матаға сурет салуға арналған бояу қалай аталады?
  2. Тоқыма бұйымдарының картинасын қалай атайды?
  3. Белдемше түрлерін атаңыз.
  4. Тігіс түрлерін атаңыз.
  5. Әрлеу тігісі не үшін қолданылады?
  6. Перде түрлерін атаңыз.
  7. Мата түрлерін атаңыз.

II. Жаңа сабақ: Құрақ құрау өнері

Құрақ құрау — ертеден келе жатқан қолөнердің бір түрі. Бұл әдіс көшпенді халықтар арасында шамамен 2500–3000 жыл бұрын дамып, кеңінен тараған.

Құрақ өнері белгілі бір наным-сенімдермен де байланысты болуы мүмкін. Әжелеріміз садақа кезінде жыртыстан түскен мата қалдықтарын рәсуа қылмай, тұрмыста кәдеге жаратқан. Жаман рухтан қорғау үшін жаңа туған сәбиге қырық құрақ көйлек тіккен, ал ересек балаларға қырық құрақтан шапан мен тақия дайындаған.

Атаулары

  • Орысша: лоскутное шитьё
  • Ағылшынша: patchwork
  • Жапонша: сашико

Қазіргі кезде құрақ көрпе қолданыстан шыққан жоқ: оны диванға, орындыққа жауып, төсеніш ретінде де пайдаланады. Құраққа қойылатын негізгі талап — мата бөлшектерінің симметриялы болуы және түстердің үйлесімді орналасуы.

Шеберлер геометрияны арнайы оқымаса да, бір бөлікті 5–6 рет қайталау арқылы үшбұрыш, төртбұрыш, алтыбұрыш, ромб сияқты пішіндердің әсем үйлесімін таба білген. Құрақтың көркі — түстің тәртібі мен ырғақтылығында: түстер белгілі бір жүйемен қайталанса өрнек айқын әрі әсерлі болады, ал ретсіз орналасса солғын көрінеді.

Құрақтан жасалатын бұйымдар

  • Көрпеше
  • Төсеніш
  • Сырмақ
  • Жастыққап
  • Қоржын
  • Түрлі кәдесыйлар

Құрақ құрауға қолданылатын пішіндер

Ромб
Тіктөртбұрыш
Трапеция
Омарта
Шаршы
Үшбұрыш

Құрақ түрлерін слайд арқылы көрсету ұсынылады.

Нұсқау картасы

Еңбек объектісі: «Жұлдыз» өрнегінің сызбасын орындау жолдары (кесте/таблица).

III. Қорытынды

Бекіту тапсырмасы:

Құрақ бөліктерін өз орындарына дұрыс орналастырыңыз.

IV. Бағалау критерийлері

Баға Сипаттама
5 Жоғарыда берілген талаптардың барлығы толық орындалса.
4 Жұмыста болмашы қателіктер жіберілсе.
3 Бұйым талапқа толық сай болмаса, бірақ негізгі талаптардың басым бөлігі орындалса.