Салт - дәстүрден көрініс

Тәрбие сағатына арналған мәтін

Әжелер — отбасының берекесі

Қазақ халқы жас ұрпаққа тәрбие берудің маңызын ерте түсінген. Бала — өмірдің жалғасы, халықтың мұрагері. Ал әженің тәрбиесі баланың өмірінде ерекше орын алады: әже өнегесін көріп өскен бала болашақта ізетті, адамгершілігі мол азамат болып қалыптасады.

Мақсаты

  • Ата салтымызды қадірлеу.
  • Ұрпаққа мұра етіп жеткізу.
  • Ұлттық тәрбие беру.

Кіріспе

Бізге жарық сыйлаған, өмірге әкелген — анамыз бен әкеміз. Ал әкеміздің анасы — әже, анамыздың анасы — нағашы әже. Біз әжелерімізге немере боламыз. Әрдайым еркелетіп, мейірімін төгетін әжеге немере болу — үлкен бақыт.

Жүргізушінің арнауы

Әжем менің — жыр әжем,
Шуағы мол — нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр, әжем.

Сайыс құрылымы

Мектепалды даярлық сыныбының ұйымдастыруымен өтетін “Әжелер — отбасының берекесі” тәрбие сағатын бастаймыз. Сайысты бастамас бұрын әділқазылар алқасын таныстырып алайық.

  1. 1

    Таныстыру

    Әжелер өздерін таныстырады.

  2. 2

    Өз өнері

    Әр әже өз өнерін көрсетеді.

  3. 3

    Сұрақ-жауап

    Әжелерге ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрге қатысты сұрақтар қойылады.

  4. 4

    Салт-дәстүрден көрініс

    Салт-дәстүрдің мағынасын ашу немесе шағын көрініс көрсету.

  5. 5

    Ұлттық тағам дайындау

    Әжелер қолынан дайындалған ұлттық тағамдар ұсынылады.

Сұрақ-жауап бөлімі

  • Бесік жырын білесіз бе?
  • Немереңізге ертегі айтып бересіз бе?
  • Сүйінші қай уақытта сұралады?
  • Қазақ халқы баласын қалай тәрбиелейді?
  • Тілашар тойы қай кезде жасалады?
  • Наурыз туралы қысқаша түсінік беріңіз.
  • Әженің бала тәрбиесіндегі орны қандай?
  • Шілдехана тойы қай кезде тойланады?

Өнер көрсетуге шақыру

Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Қандай ғажап күлкісі,
Мейірімді бұл кісі.

Осы бөлімде әжелер өз өнерін көрсетеді.

Әже, маған үлгі — сөзіңіз,
Өнегелі өзіңіз.
Жақсылыққа талпынар —
Біздің нағыз кезіміз.

Жақсы деген немене?
Жаман деген немене?
Осындайда, әжетай,
Айтыңызшы өнеге.

Салт-дәстүрден көрініс

Тұсау кесу

Тәжібала әже

Бесікке салу

Қалимаш әже

Қырқынан шығару

Шәйім әже

Тілашар тойы

Сайра әже

Ұлттық тағамдар

Әжем — шағын зауыттай,
Ас пісірер жалықпай.
Қолдан шыққан мәзірі —
Қуандырар бәріңді.

Бұл бөлімде әжелердің қолынан дайындалған ұлттық тағамдар ұсынылады.

Қорытынды

Сайыс өз мәресіне жетті. Енді сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз.

Балалар, “бала еттен жаратылады, немере сүйектен жаратылады” деген сөз бар. Ендеше, әжелер немересін әрдайым еркелетіп, мейірімін аямай жүре берсін.

Қарттық деген қасиетті ұғым бар,
Өз пейіліңмен талай жанды жылынтар.
Балалардың болашағын аңсаған,
Бойларыңда бір керемет жылу бар.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}