АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ ЖАСАУ

Мазмұны

Кіріспе

3-бет

1. Акционерлік қоғамның әлеуметтік-экономикалық мәні

  • 1.1. Акционерлік қоғамның мәні, атқаратын қызметі — 6-бет
  • 1.2. Акционерлік қоғамның пайдасы және экономикалық стратегиясы — 8-бет
  • 1.3. Акционерлік қоғамның Қазақстан экономикасындағы рөлі — 10-бет

2. Акционерлік қоғамдардың қызметіне талдау жасау

  • 2.1. ҚР акционерлік қоғамдардың 2008–2009 жж. тиімділік көрсеткіштерін талдау — 15-бет
  • 2.2. «Маңғыстаугеология» АҚ-ның экономикалық көрсеткіштерін талдау — 16-бет
  • 2.3. «Маңғыстаугеология» АҚ-ның экономикалық тиімділігін талдау — 19-бет

3. Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың дамуы және ерекшеліктері

  • 3.1. ҚР-да акционерлік қоғамдарды басқаруды жетілдіру жолдары — 26-бет
  • 3.2. ҚР акционерлік қоғамдары: негізгі мәселелер және оларды шешу жолдары — 32-бет
  • Қорытынды35-бет
  • Қолданылған әдебиеттер38-бет

Кіріспе

Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Жолдауында қысқа уақыт ішінде Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруі жөніндегі маңызды міндетті алға қойды. Мұндай ауқымды мақсат республиканың ғана емес, әлемдік даму тарихында да сирек кездеседі. Бұл міндетті шешу, ең алдымен, экономикалық даму саласындағы басымдықтарды жүйелі түрде іске асыруға сүйенеді.

Бүгінгі таңда Қазақстанның постиндустриялық сипаттағы әлемдік экономикаға кіріге бастауына негіз бар. Осы үдерістің негізгі көрсеткіштерінің бірі — еліміздегі акционерлік қоғамдардың жай-күйі мен даму деңгейі.

Акционерлік қоғам ұғымы

Қазақстан Республикасында 1991 жылғы 21 маусымда «Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдар туралы» заң қабылданғаннан кейін бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындардың негізінде акционерлік қоғамдар құрыла бастады.

Акционерлік қоғам — капиталды орталықтандырудың және ірі кәсіпорындарды ұйымдастырудың негізгі нысандарының бірі. Ол капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде пайда болған.

Акционерлік қоғамдар ашық және жабық болып екі түрге бөлінеді. Егер акциялар тек құрылтайшылар арасында ғана бөлінсе, онда ол жабық акционерлік қоғам болып есептеледі.

Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін кең таралған ұйымдастырушылық-құқықтық нысандардың бірі — акционерлік қоғам. Оның рөлі мен маңызы 2003 жылғы 13 мамырда «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР арнайы заңы қабылданғаннан кейін айтарлықтай күшейді.

Жекешелендіру және институционалдық өзгерістер

Жекешелендірудің мемлекеттік саясаты акционерлік қоғамдарды мүліктік айналымның орталығына шығарды. Нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтің акционерлік нысаны шаруашылық жүргізудің ең кең тараған формасына айналып, экономикалық қайта құрулар механизміне терең енді және ел дамуына ықпал етуде.

Мемлекеттік және коммуналдық кәсіпорындарды жекешелендіру салдарынан акционерлік нысанның кең таралуы, сондай-ақ әр түрлі салаларда қайта құрылып жатқан акционерлік қоғамдар санының қарқынды өсуі олардың экономикаға ықпалын күшейтті. Бұл жағдай акционерлік қоғамдардың экономикалық-құқықтық мәнін, құқықтық қамтамасыз ету тетіктерін және дамудың негізгі үрдістерін терең зерттеуді қажет етеді.

Жұмыстың мақсаты

Нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың маңызы мен тиімділігін ашып көрсету.

Негізгі міндеттер

  • Нарықтық экономика жағдайындағы акционерлік қоғамдардың теориялық негіздерін ашып көрсету.
  • «Маңғыстаугеология» АҚ-ның технико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау.
  • Акционерлік қоғамның экономикалық мәнін және оның Қазақстан Республикасындағы рөлін қарастыру.
  • Акционерлік қоғамдардың тиімділігін арттырудағы шетелдік тәжірибені талдау.

Жұмыстың құрылымы

Жұмыс үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бірінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы акционерлік қоғамдардың құрылу ерекшеліктері, қызмет етуі және олардың рөлі қарастырылады. Екінші бөлімде «Маңғыстаугеология» АҚ-ның жалпы экономикалық сипаттамасы және технико-экономикалық көрсеткіштері талданады. Үшінші бөлімде акционерлік қоғамдардың экономикалық тиімділігін арттырудың шетелдік тәжірибелері қарастырылып, талқыланады.

Курстық жұмыстың көлемі — 38 бет.