Балалардың сезімталдық, қиялшылдық
Мақсаты
Білімді дамыту
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны, Елтаңбасы және Туы туралы білімдерін кеңейту және бекіту.
Қабілеттерді қалыптастыру
Балалардың сезімталдық пен қиялшылдық қасиеттерін дамыту; естігені мен көргенін қайта жаңғырту, есте сақтау, еске түсіру арқылы әсерлену, сондай-ақ жақсылық жасауға талпыну қабілеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік бағыт
Өз республикасын танып-білуге, қадірлеуге және жақсы көруге баулу; Отанға деген сүйіспеншілікті, патриоттық сезімді тәрбиелеу.
Қанатты сөздер
“Туған жер — алтын бесік.”
“Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.”