Халықаралық Қазақ тілі қоғамы

Телеграмма: ақпаратты жедел жеткізуге арналған құжат

Телеграмма — байланыс арнасы арқылы берілетін құжат. Ақпаратты беру және қабылдау сәтінде дер кезінде шешім қабылдау, сондай-ақ шешімнің дұрыстығы маңызды рөл атқарады. Сондықтан ақпараттың жедел алынуын қамтамасыз ету үшін құжат телеграф арқылы жіберіледі.

Факсимильді көшірме

Құжаттардың факсимильді көшірмелерін жіберу үшін фототелеграмма пайдаланылады.

Рәсімдеу талаптары

Телеграмма А4 форматында басылады және мынадай деректемелерден тұрады:

  • Шұғылдық санаты
  • Түрінің атауы
  • Адресаттың атауы
  • Мәтін
  • Тіркеу нөмірі
  • Күні
  • Жөнелтушінің қолы

Көлемдік шектеу

Телеграмма көлемі 300 сөзден аспауы тиіс.

Телеграмма үлгісі

ТЕЛЕГРАММА ШҰҒЫЛ

Мекенжай

Астана, Жеңіс даңғылы, 14

«Парасат» қоры

Мәтін

«Тұлпар» пойызымен жіберілген заттарыңыз қабылданып алынды.

Жөнелтуші

Халықаралық Қазақ тілі қоғамы

Президент

Кері мекенжай

000000, Алматы, Республика алаңы, 4

Қолы

______________ М.О.

Күні

___ _______

Шығыс №

________

Орындаушы

Фамилиясы және телефоны