Мәтіндерді шифрлау
Мазмұны
Бөлімдер
- Кіріспе 4
- 1. Математикалық сипаттама 5
- Омофондар жүйесі 5
- Гаммалау арқылы шифрлау 6
- Вижинер кестесі бойынша шифрлау 7
Практика және қорытынды
- 2. Бақылау мысалының шешуі 9
- 2.1 Мәтіндерді шифрлау 9
- 2.2 Мәтіндерге салыстырмалы энтропиялық талдау 10
- 3. Алгоритм және программа схемасы 12
- 4. Бастапқы мәліметтер 16
- 5. Нәтиже 16
- Қорытынды 17
- Әдебиеттер тізімі 18
- Қосымша 1. Программаның листингі 19
Кіріспе
Ақпараттық жүйе — объектіні басқару үшін қажетті ақпаратты жинақтау, сақтау, жаңарту, тасымалдау, өңдеу және ұсынуға арналған жүйе. Ақпарат айналымын тиімді ұйымдастыру күн өткен сайын адамдардың күнделікті өміріндегі табыстылықтың негізгі шарттарының біріне айналып келеді.
Адамзат қоғамының тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті ақпарат көлемі өндіргіш күштердің өсуімен салыстырғанда квадратына жуық қарқынмен артып отыр. Көптеген дамыған елдерде ақпаратты өңдеу саласында еңбек ететіндердің саны нақты өндіріс секторындағы жұмыс күшінен асып түседі. Ақпарат айналымының барлық бағытында автоматтандыруды қолдану экономиканың жаңа қарқын алуына ықпал етіп, елеулі еңбек ресурстарын босатуға мүмкіндік береді.
Осындай қарқынды өсім мен интенсивті айналым жағдайында ақпараттың қауіпсіздігі, соның ішінде криптографиялық әдістерді қолдану ерекше маңызға ие. Криптология ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен айналысады. Ол екі негізгі салаға бөлінеді:
Криптография
Ақпаратты шифрлау және қорғалған түрде ұсыну әдістерін қарастырады.
Криптоталдау (криптоанализ)
Шифрланған ақпаратты ашу және әлсіз тұстарын табу тәсілдерін зерттейді.
Бұл бағыттардың мақсаттары қарама-қарсы болғанымен, осы курстық жұмыста оларды тең дәрежеде қамтып, қолдану арқылы зерттеу жүргізіледі.
Симметриялық шифрлау саласына жататын Вижинер кестесі бойынша шифрлау, омофондар жүйесі және гаммалау арқылы шифрлау тәсілдері қазіргі ақпаратты өңдеу құралдарының дамуымен бірқатар артықшылықтарын жоғалтқанымен, белгілі бір жағдайларда өзектілігін сақтайтын ерекшеліктерге де ие. Бұл жұмыста сол айырмашылықтар мен өзгерістер нақты мысалдар арқылы көрініс табады.
Курстық жұмысқа арналған бағдарламалар Delphi бағдарламалау ортасында әзірленді. Бұл ортаның мүмкіндігі мен қолданылу аясы кең екенін ескере отырып, жасалған бағдарламалар уақыт өте келе өз маңызын жоғалтпайды деп күтіледі. Бағдарламаны қолдану барынша жеңіл әрі түсінікті етіп ұйымдастырылды.
Зерттеу барысында негізгі бастапқы дереккөз ретінде алынған ашық мәтін оның барлық түрлендірілген нұсқаларымен бірге энтропиялық талдаудан өткізілді. Талдауды орындау үшін университет кітапханаларында қолжетімді материалдар пайдаланылды.
Ескертпе
Қазақ тілінде осы сала бойынша материалдардың тапшылығын ескере отырып, мәтіндегі кейбір терминологиялық таңдаулар мен аудармадағы ықтимал ауытқулар үшін алдын ала кешірім сұраймын.
Іске сәт!