Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу

Жоспар

Курстық жұмыс көлемі: 34 бет.

І тарау. Көліктегі қылмыстардың түрлері

  1. 1.1 Көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы және көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы.
  2. 1.2 Жол-көлік оқиғасы болған орыннан кетіп қалу.
  3. 1.3 Көлік құралдарын сапасыз жөндеу және оларды техникалық ақауларымен пайдалануға шығару, сондай-ақ мас күйіндегі адамды көлік құралын жүргізуге жіберу.
  4. 1.4 Көлік құралдарын немесе қатынас жолдарын қасақана жарамсыз күйге келтіру.
  5. 1.5 Көліктің қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу.

ІІ тарау. Көліктегі қылмыстардың өзге түрлері

  1. 2.1 Поезды қажет болмаған жағдайда өз бетінше тоқтату.
  2. 2.2 Көлікте қолданылатын ережелерді бұзу.
  3. 2.3 Магистральдық құбырларды салу, пайдалану немесе жөндеу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу.
  4. 2.4 Құбырларды зақымдау немесе қирату.
  5. 2.5 Кеме капитанының апатқа ұшырағандарға көмек көрсетпеуі.
  6. 2.6 Ұшудың халықаралық ережелерін бұзу.

Қорытынды

32-бет

Библиография

33-бет

Кіріспе

Көліктегі қылмыстар жаңа Қылмыстық кодекстің 12-тарауында қарастырылған. Бұрынғы Қылмыстық кодекспен салыстырғанда, бұл тарауда көліктің барлық түрлері бойынша (темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай және басқа да механикалық көлік құралдары) қозғалыс қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауаптылық жүйеленіп берілген.

Негізгі ұғым

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне немесе көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қарсы қылмыс деп қылмыстық заңда көрсетілген қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде бұзу арқылы көліктің қалыпты қызмет етуін бұзатын және соның нәтижесінде заңда көзделген зардаптардың туындауына әкелетін әрекет (немесе әрекетсіздік) танылады.

Объектісі

  • Топтық объектісі: жол қозғалысы қауіпсіздігі мен көлік құралдарын пайдалану ережелерін реттейтін қоғамдық қатынастар.
  • Тікелей объектісі: жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарының нақты түрін (темір жол, әуе, су, автомобиль, троллейбус, трамвай) пайдалану ережелері.
  • Қосымша тікелей объектісі: кейбір құрамдар үшін адамның өмірі, денсаулығы және (немесе) меншік болуы мүмкін.

Заты

Қылмыстың заты ретінде темір жол, әуе, су көлігі, автомобиль, троллейбус, трамвай және өзге де механикалық көлік құралдары танылады.

Маңызды ескерту

Көлік құралдарының түріне дәлме-дәл анықтама беру көліктегі қылмыстарды дұрыс саралау үшін ерекше мәнге ие.

Объективтік жағы және құрам ерекшелігі

Объективтік жағынан алғанда, Қылмыстық кодекстің 12-тарауындағы қылмыстардың көпшілігі әрекет немесе әрекетсіздік, зардап және олардың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады. Мұндай құрамдар материалдық құрамға жатады.

Ерекше жағдай

Тек екі қылмыс құрамы (305 және 306-баптар) құрылымы бойынша формальдық құрам болып саналады.

Нормативтік база және бланкеттік диспозиция

Жол қозғалысы қауіпсіздігі және көлік құралдарын пайдалану ережелері әртүрлі, әрі үнемі өзгертіліп, жаңартылып отырады. Бұл ережелер арнайы заңдарда және заңға бағынышты нормативтік актілерде бекітіледі. Олардың қатарына:

  • ҚР Конституциясы

  • «Жол қауіпсіздігі туралы» заң

  • ҚР Темір жол жарғысы

  • Су кодексі

  • Әуе кодексі

  • Жол жүру ережелері

Осыған байланысты көлік қылмыстарының нақты құрамдарының диспозициясы, әдетте, бланкеттік сипатқа ие: әрбір жеке құрам бойынша жауаптылық арнайы заңдар мен өзге де нормативтік-құқықтық актілердің тиісті талаптарына нақты негізделуі тиіс.

Саралау үшін мәні

«Көлік» ұғымы жалпылама болып табылады. Заңда көрсетілгендей, оның негізгі құрамдас бөліктеріне темір жол, әуе, су және автомобиль көлігі жатады.

Көліктегі қылмыстардың нақты құрамдары өздерінің объективтік және субъективтік белгілері бойынша бір-бірінен ажыратылады. Әрқайсысының өзіндік ерекшелігі бар. Сондықтан оларды жеке-жеке талдау арқылы аталған құрамдардың құқықтық табиғатын толық сипаттауға мүмкіндік туады.