Мемлекеттік баж обьектілері
Мазмұны
- Кіріспе 3
-
I бөлім. Салық жүйесінің мәні мен мазмұны 4–7
- 1.1 Салықтың түсінігі, ерекшеліктері және элементтері 4–7
- 1.2 Салық жүйесінің түсінігі мен құрылу принциптері 8–12
- 1.3 Қазақстан Республикасының салық жүйесінің даму кезеңдері 13–16
-
II бөлім. Мемлекеттік баждың мәселелері 17–24
- 2.1 Сот шығындары туралы нормативтік қаулыда мемлекеттік баж 17–20
- 2.2 Мемлекеттік баждың бюджет кірістеріндегі үлесі 21–24
-
III бөлім. Мемлекеттік бюджет қалыптасуындағы мемлекеттік баж 25–34
- 3.1 Мемлекеттік баж объектілері 25–26
- 3.2 Мемлекеттік баж төлеуден босату 27–31
- 3.3 Мемлекеттік бажды төлеу тәртібі 32–34
- Қорытынды 35
- Пайдаланылған әдебиеттер 36
Кіріспе
Курстық жұмыс көлемі: 36 бет.
Нарықтық қатынастар жағдайында салық жүйесі экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі қаржы-несие механизмі әрі ең маңызды реттеушілердің бірі болып табылады. Салық саясатының басты бағыты — мемлекет пен салық төлеушілер арасындағы қатынастардың жаңа типін қалыптастыру. Бұл үдеріс ең алдымен салық жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының салық жүйесі он жылдан астам уақыт бойы қолданыста және осы кезеңнің өзінде ол қоғамдық талқылаудың, сын мен бағалаудың нысаны болып келеді. Салық қызметінің қалыптасуынан бастап, тәуелсіз мемлекеттің салық жүйесін орнықтыру және оны кейінгі талаптарға сай жетілдіру бағытында бірқатар жұмыстар атқарылды.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты — Қазақстан Республикасының салық жүйесіндегі мемлекеттік баждың мәнін ашу, оның бюджет кірістеріндегі үлесін бағалау, қолданылу қажеттілігін айқындау және жетілдіру жолдарын қарастыру.
Міндеттері
- 1 Салықтың маңызы мен мәнін ашу.
- 2 Қазақстан Республикасындағы салық жүйесін зерттеу.
- 3 Мемлекеттік баждың қалыптасу негіздерін қарастыру.
- 4 Мемлекеттік баждың бюджет кірістеріндегі орнын бағалау.
- 5 Мемлекеттік бажға қатысты өзекті мәселелерді талдау.
Жұмыстың құрылымы
I бөлім
ТеорияСалық жүйесінің жалпы түсінігі, салық салудың ерекшеліктері және салықтардың негізгі түрлері қарастырылады. Мемлекеттік баждың салық жүйесіндегі орны айқындалып, Қазақстандағы салық жүйесіне шолу жасалады.
II бөлім
ТалдауМемлекеттік баждың қолданылу саласы, объектілері және объектілерге байланысты төлеушілер анықталады. Әр сала бойынша ставкалар қарастырылып, мемлекеттік баждың мазмұны мен бюджет кірістеріндегі үлесі нақтыланады.
III бөлім
ҚорытындылауЕкінші бөліммен өзара байланыста мемлекеттік баждың өзекті мәселелері талданып, оның салық жүйесіндегі рөлі бағаланады. Көрсеткіштер салыстырылып, өсу қарқынының коэффициенті есептеледі.