Әділ - қазылардың берген бағасы
Күз мерекесі: мектепалды даярлық тобындағы «Күз ханшайымы» ертеңгілігінің бағдарламасы
Бұл бағдарлама балабақша тәрбиеленушілерінің өнерін, тапқырлығын, мәдениетін және ата-анамен бірлескен шығармашылығын көрсетуге арналған. Іс-шарада ару қыздардың өздерін таныстыруы, жұмбақ шешуі, күзгі дәрумендер жайлы шағын жарнама жасауы, қолөнер бұйымдарын ұсынуы, өнер көрсетуі және сән үлгісін таныстыруы қарастырылған.
Негізгі идея
Балалық шақтың ең бақытты кезеңі — балабақшадағы алаңсыз күндер. Бүгін біз қыздарымыздың ақылды, парасатты, тәрбиелі, инабатты болып өсіп келе жатқанын бірге тамашалаймыз.
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Құрметті ата-аналар, балабақша қызметкерлері, қадірлі қонақтар! Сіздерге балабақша бүлдіршіндерінің қатысуымен өтетін «Күз ханшайымы» байқауын ұсынамыз.
Ата-ананың аялы алақанындағы балалық шақ пен балабақшадағы бал дәурен — баланың ең бақытты, алаңсыз кезеңі. Біз тәрбиеленуші қыздарымыздың ақылды да парасатты, тәрбиелі де инабатты ару болып өсуін қалаймыз. Бүгін олардың балабақшада қандай тәрбие алып жүргеніне бәріміз бірге куә болайық.
Ұран
«Әділқазы береді — өздеріңе билікті. Өнерде кім жеңеді — алады сол сыйлықты».
Әділқазылар алқасы
-
Күнсұлу
Ата-аналар комитетінің төрайымы
-
Майгүл
Комитет мүшесі
-
Ұлмекен
Комитет мүшесі
-
Дина
Балабақша әдіскері
Байқаудың ашылуы
Уа, халайық, халайық, бәріміз назар салайық. Мерекесі бақшаның — сайысын біз бастайық!
Ортаға бүгінгі сайысқа қатысушы аруларды шақырамыз. Сұлтандарымыз аруларға реттік белгілерін (алқаларын) ұсынады. Қатысушылар реттік белгісі бойынша таныстырылып, орындарына отырады.
Музыкалық номер
Тобымыздың әншісі Нұрхан: «Беташар» әні.
Сайыс шарттары
-
1
Менің ата-тегім
Өзін-өзі таныстыру.
-
2
Кім ойға жүйрік
Жұмбақ шешу.
-
3
Дәрумендер — денсаулық сақшысы
Күзгі байлықтардан жарнама жасау.
-
4
Шебер қолдар
Ата-аналармен бірлесіп жасалған қолөнер жұмыстары.
-
5
Өнерлі өрге жүзер
Өз өнерін көрсету.
-
6
Тосын сәт
Бағбан атаның тапсырмалары.
-
7
Әсем біздің арулар
Сән үлгісін көрсету.
1-кезең: «Менің ата-тегім» — таныстыру
Назерке
Бүр жарған бүршігіндей лала гүлдің, жастайымнан жалындап жана білдім. Өнер мен білімге жаным құштар — Сәдуақас Назерке мен боламын. Құрбыммен бұл сайыста тең боламын, қызымын өсіп-өнген кең даланың. Бүгінгі ханшайымдар сайысында жеңімпаз боламын деп ойлаймын.
Айда
Тең түсіп өзгелермен терезесі, дарыған ата-баба өнегесі. Айда атым — Мейрамбектің қызымын мен, Дүйсекен тегі, Мизам немересі.
Ақтыныс
Руым — Қожа, мен қазақ, Мақсоттың немересі. Тақпақ-өлең айтамын — апайлардың берген өнегесі. Алғаш аштым балабақша есігін, Қуатқызы Ақтыныс — менің есімім. Туып-өстім Елтайда — алтын ұя бесігім.
Құлкеш — маған нағашы, қызыл тонның жағасы. Мен үшін өте қымбат қой, нағашының бағасы.
Зылиха
Айдосқызы Зылиха атым менің, мақтан етер жанұя еркесімін. Әкем — Айдос, анам — Алтынгүл, үлгі тұтар ағам бар — Астанәлі.
Дильназ
Әке-шешем мақтаған Дильназ қызың мен болам. Осы күнге сақтаған тақпағым бар жаттаған. Сайыс десе жайнаймыз, намысымды қайраймын. Тоты құстай құлпырып, сандуғаштай сайраймын.
Бағалау
Жүргізуші әділқазылардан «Өзін-өзі таныстыру» бөлімі бойынша бағаларын көтеруді сұрайды.
Музыкалық номер: «Туған жер» — Алмас, Диас, Әділхан, Сырым, Санжар, Асылбек.
2-кезең: «Кім ойға жүйрік» — жұмбақ шешу
Ортаға реттік белгісі бойынша арулар шақырылады. Қатысушылар өзіне ұнаған жеміс-жидекті таңдап алады да, сол туралы жұмбақтардың жауабын табады.
3-кезең: «Дәрумендер — денсаулық сақшысы» — күзгі жарнама
Назерке — қызанақ
Тал шыбығым бұралып, бақшаларда қызарып. Тұрған ол мен — қызанақ, күнге қарап ұялып.
Зылиха — сәбіз
Өсіретін бойыңды, дамытатын ойыңды. Қоянға да азықпын, мен жазықсыз сәбізбін.
Айда — картоп
Мен картоппын, картоппын, жер жүзінде мен көппін. Тамаққа көп қолдансаң, пайдамды сонда білерсің.
Дильназ — пияз
Асханадан шықпаймын, атым — пияз, бұқпаймын. Көзден жасты шығарып, тұмаудан бірақ сақтаймын.
Ақтыныс — қияр
Мен қиярмын, қиярмын, жесең есті жиярмын. Кетірерге безеуді, шырыныммен жуарсың.
Аналарымен бірлесіп дайындалған салаттар әділқазыларға ұсынылады.
Музыкалық номер: «Айгөлек» — Нұрхан, Диас, Назарбек.
Бағалау
Әділқазылардың берген бағалары жарияланады.
4-кезең: «Шебер қолдар» — қолөнер көрмесі
Арулар ата-аналарымен бірлесіп жасаған қолөнер жұмыстарын әділқазыларға ұсынады.
Музыкалық номер: «Біз балдырған баламыз».
Бағалау
Әділқазылардың берген бағалары жарияланады.
5-кезең: «Өнерлі өрге жүзер» — өнер көрсету
Қатысушы арулар алдын ала дайындаған өнерлерін ортаға салады.
Бағалау
Әділқазылардың берген бағалары жарияланады.
6-кезең: «Тосын сәт» — Бағбан атаның тапсырмалары
Қатысушылар Бағбан ата ұсынған тапсырмаларды орындайды.
Музыкалық номер: «Айгөлек».
Бағалау
Әділқазылардың берген бағалары жарияланады.
7-кезең: «Әсем біздің арулар» — сән үлгісі
Қатысушылар сахнаға шығып, сән үлгісін көрсетеді.
Бағалау
Әділқазылардың берген бағалары жарияланады.
Қорытынды бөлім
Білім, ғылым, өнерге қанат қағар кездерің. Еліміздің ертеңі — үміт етер өздерің. Осы сөздермен бүгінгі «Күз ханшайымы» сайысын аяқтаймыз.
Әділқазылар қорытынды шығарғанға дейін балаларға ән кезегін береміз.
Ән: «Айналайын» — Мағжан, Нұрхат.