Қазақстан мүгедектерінің порталы

Мүгедектік деген не?

Мүгедек деп организм функциялары мен денсаулығы тұрақты бұзылып, соның салдарынан тіршілік-тынысы шектелетін және әлеуметтік қорғауды қажет ететін адамдарды атайды. Мұндай жағдай аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан немесе кемістіктерден туындауы мүмкін.

Мүгедектікті белгілеу үшін не қажет?

Мүгедектікті, еңбек қабілетін жоғалту дәрежесін белгілеу және қосымша көмек пен күтім түрлеріне мұқтаждықты айқындау үшін медициналық-әлеуметтік сараптамадан (бұдан әрі — МӘС) өту қажет.

Қашан МӘС-ке жолданады?

Медициналық ұйымдар ағза функцияларының тұрақты бұзылуын растайтын диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларын жүргізгеннен кейін азаматтарды МӘС-ке жібереді. Әдетте бұл:

  • уақытша еңбекке жарамсыз болған жағдайда;
  • немесе диагноз қойылған сәттен бастап кемінде төрт ай өткеннен кейін.

МӘС қай жерде жүргізіледі?

Медициналық-әлеуметтік сараптама келесі орындарда жүргізіледі:

1) Тұрғылықты жері бойынша

Тіркелген (тұрғылықты) мекенжайыңыз бойынша.

2) Емделіп жатқан жері бойынша

Мамандандырылған медициналық мекемеде ем алып жатқан жағдайда.

3) Түзеу мекемелерінде

Түзеу мекемелері мен тергеу изоляторларында да өткізіледі.

Куәландыруға қажет құжаттар

МӘС-ке куәландырудан өту үшін төмендегі құжаттар ұсынылады:

Негізгі құжаттар тізімі

Құжаттардың түпнұсқасы мен көшірмесін бірге апарған дұрыс.

  1. 1 088/у нысаны (ресімделген күннен бастап бір айдан кешіктірмей).
  2. 2 Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.
  3. 3 Тұратын жері туралы деректер.
  4. 4 Ауру динамикасын талдау үшін: амбулаторлық карта, ауру тарихының үзінді көшірмелері және зерттеу нәтижелері.
  5. 5 Әлеуметтік жеке код (ӘЖК) берілгені туралы куәліктің көшірмесі және салыстыру үшін түпнұсқасы.

Жағдайға байланысты қосымша құжаттар

Төмендегі құжаттар тек нақты жағдайларға байланысты сұралуы мүмкін:

  1. 6 Кәсіби еңбекке қабілетін жоғалту белгіленсе: еңбек қызметіне байланысты жазатайым оқиға немесе қызметкерлер денсаулығының өзге де зақымдануы туралы Н-1 нысанындағы акті, сондай-ақ мерзімі екі жылдан аспаған Ұлттық еңбек гигиенасы мен кәсіптік аурулар орталығының қорытындысы.
  2. 7 Жалпы еңбек қабілетін жоғалту белгіленсе: міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу фактісін растайтын құжат.
  3. 8 Мүгедектік себебі жаралану, контузия, жарақат, мертігу немесе ауруға байланысты айқындалса: себептік-салдарлық байланысты белгілейтін уәкілетті органның қорытындысы.
  4. 9 18 жасқа дейінгі адамдар үшін тәрбие, білім беру түрлері мен нысанын айқындау қажет болса: психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы.
  5. 10 Еңбекке қабілетті жаста алғаш рет мүгедектік белгіленсе: еңбек қызметі туралы мәліметтер (еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі).

Мүгедектік топтары қалай белгіленеді?

Организм функцияларының бұзылуы мен тіршілік-тынысының (оның ішінде еңбек қабілетінің) шектелу дәрежесіне қарай мүгедек деп танылған адамға I, II немесе III топтағы мүгедектік белгіленеді.

Балалар үшін санаттар

  • 16 жасқа дейінгі балаларға — «мүгедек бала» санаты.
  • 16–18 жас аралығындағы балаларға — I, II немесе III топтағы «мүгедек бала» санаты.

Пайдалы дереккөздер

Осы тақырыпты тереңірек түсіну үшін төмендегі құжаттар мен ресми ресурстарды қарап шығыңыз:

Нормативтік құжаттар

  • «Мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы.
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі № 750 қаулысы: «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы».

Ресми сайттар

  • Электронды үкімет порталы (заңнама бөлімі) e.gov
  • ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі enbek.gov
  • Қазақстан мүгедектерінің порталы invalid

Интернет арқылы іздеу

Интернеттен қосымша материалдарды оңай табуға болады. Іздеу жүйелерінде (мысалы, Google, Rambler, Yandex) келесі кілт сөздерді теріп көріңіз:

мүгедектікті анықтау мүгедектікті анықтау үшін не істеу керек медициналық-әлеуметтік сараптама (МӘС)