Киік сөзінің этимологиясы
Сәкен Сейфуллиннің шығармашылық әлемі және «Ақсақ киік» өлеңін оқыту
1914 жылы жиырма жасар семинарист Сәкен Сейфуллиннің «Өткен күндер» атты өлеңдер жинағы Қазан қаласында жарық көрді. Кейін ол «Бақыт жолында» (1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) драмаларын жазды. Ақын қазақ музыкасының дамуына да тамаша әндерімен үлес қосты. Оның «Тау ішінде», «Көкшетау», «Біздің жақта» сияқты әндерін халық сүйіп орындайды.
Сейфуллин «Асау тұлпар», «Домбыра» (1924), «Экспресс» (1926) атты өлең-поэмалар жинағын жариялап, 1922 жылы «Көкшетау» поэмасын жазды. 1927 жылы «Тар жол, тайғақ кешу» мемуарлық романы, 1928 жылы «Жер қазғандар» повесі, 1933 жылы «Альбатрос» поэмасы және басқа да еңбектері жарық көрді. Ақын өмірі тарихи тұрғыдан күрделі кезеңмен қабаттасып, репрессия қасіретін де бастан кешті.
Кіріктірілген ашық сабақ: қысқаша жоспар
Тақырыбы
С. Сейфуллиннің «Ақсақ киік» өлеңі
Сабақ түрі
Кіріктірілген сабақ
Әдіс-тәсілдер
Сұрақ-жауап, баяндау, түсіндіру, тест тапсырмалары, топтық жұмыс
Пәнаралық байланыс
Тарих, дүниетану, математика
Көрнекіліктер
- С. Сейфуллиннің суреті және шығармалары
- Қазақстан картасы
- Электронды күй дискісі
- Интерактивті тақта
- Перфокарта
Сабақ мақсаты: үш бағыттағы нәтиже
Білімділік
- Ақын туралы білімді толықтырып, жаңа мәлімет беру.
- Өлеңнің тақырыбы мен идеясын ашу.
- Мәнерлеп оқу арқылы мазмұнды меңгеріп, автор шеберлігін тану.
- Өлеңді теориялық тұрғыдан талдауға үйрету.
Дамытушылық
- Шығармашылық жұмыс арқылы ойлау қабілетін дамыту.
- Тіл байлығын арттыру.
- Өзіндік зерттеу, талдау дағдысын қалыптастыру.
- Түйінді ой мен жеке пікір айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
- Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
- Тіл мен сөз өнерін құрметтеу.
- Табиғатты қадірлеу, жан-жануарды аялау.
- Адамгершілік құндылықтарын орнықтыру.
Сабақ барысы: оқушыны мәтінге жетелейтін құрылым
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
- Өлең жолдары арқылы назарды сабаққа аудару.
Кіріспе өлең жолдары
«Өнер алды — қызыл тіл»
Анаңдай оны құрметте!
Қапы қалмай үйрен, біл,
Асылын сөздің өрнекте.
Ана тіл — асыл қазына,
Байлығың — білсең ол сенің.
Жеткізер өмір жазына,
Сонымен өсер өркенің.
Осы ойды арқау ете отырып, сөз өнерінің асылын, тіл тазалығын сезінетін әдебиет сабағын бастаймыз.
II. Үй тапсырмасын тексеру (Жамбыл Жабаев бойынша)
Өткен сабақта танысқан ақынның өмірі мен шығармашылығын бекіту үшін тест сұрақтары беріледі.
Тест сұрақтары
-
Жамбыл қай жылы, қай жерде дүниеге келді?
А) 1845 ж. Шығыс Қазақстанда
В) 1846 ж. Әулиеата өңірінде
С) 1848 ж. Орталық Қазақстанда
Д) 1847 ж. Көкшетау облысында
-
Жамбылдың шығармасы:
А) «Сұраншы батыр»
В) «Қыс»
С) «Сағындым»
Д) «Жүйрігім»
-
Жамбылдың ұстазы кім еді?
А) Абай
В) Тезек төре
С) Сүйінбай
Д) Шашубай
-
«Өтеген батыр» дастанында Өтегеннің еліне тапқан жайлы, шұрайлы жері қай жерде еді?
А) Қызылорда
В) Жерұйық
С) Қазығұрт
Д) Сарыарқа
-
Ақынның жыры жас ұрпақты неге үндейді?
А) Білімге
В) Еңбекке
С) Жалқаулыққа
Д) Ерлік пен туған жерді сүюге
-
Жамбыл қай жылы, қанша жасында қайтыс болды?
А) 1945 ж., 99 жасында
В) 1946 ж., 100 жасында
С) 1947 ж., 101 жасында
Д) 1949 ж., 102 жасында
III. Жаңа сабаққа кіріспе
Бүгін біз қазақ әдебиетінің үш бәйтерегінің бірі — Сәкен Сейфуллиннің өмірі және «Ақсақ киік» өлеңімен танысамыз. Өлеңді талдамас бұрын ақын туралы қандай мәлімет білуіміз керек деген сұраққа тоқталып, кіріктірілген пәндер арқылы мазмұнды кеңейтеміз.
Тарих пәнімен байланыс
- Ақынның туған жылы мен туған жері.
- Өмір жолы, репрессия құрбаны болған тарихи кезең.
- Бетпақдала арқылы Верныйға жетуі, кеңес үкіметін құруға атсалысуы.
- Сарыарқа мен Бетпақдала аймағын картадан көрсету.
Дүниетану пәнімен байланыс
- Киікті биологиялық тұрғыдан таныту.
- Табиғи ерекшелігі, физиологиялық дамуы, жамылғысы.
- Мекен ету ортасы.
- «Киік» сөзінің этимологиясы.
- Экологиялық жүйедегі орны (тірек сызба арқылы).
Математика пәнімен байланыс
- Кеңес дәуіріндегі жануарлар туралы дерек.
- Киіктің дене тұрқы, салмағы, жылдамдығы.
- Қазақстандағы киік санының өзгеруін гистограмма арқылы түсіндіру.
- Ойлау шапшаңдығын арттыратын логикалық есептер.
IV. Өлеңмен жұмыс: тыңдау, сөздік, талдау
Тыңдалым
Құрманғазы Сағырбайұлының «Ақсақ киік» күйі баяу орындалып, мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды.
Түсіндірме сөздік
- Сегіз көш — ұзындық өлшемі.
- Таң — жануардың сұлу мүсіні.
- Қос — шатыр, күрке.
- Бетеге — шөп атауы.
- Киік — аталық жануар.
- Бөкен — аналық жануар.
Көркемдегіш тәсіл: теңеу
Қап-қара екі көзі мөлдіреген,
Әдемі екі танау желбіреген.
Елеңдеп жас балаша жалтаңдайды,
Жел түрткен жусаннан да селдіреген.
Өлең құрылысы
Өлең 11 буынды, қара өлең ұйқасына құрылған. Мысал ретінде шумақ буынға бөлініп талданады.
Ар-қа-ның Бет-пақ де-ген да-ла-сы бар — 11
Бет-пақ шөл ой-лы-қыр-лы па-на-сы бар — 11
Сол шөл-де ел жоқ, күн жоқ өс-іп-өн-ген — 11
Жән-дік-тің киік де-ген ба-ла-сы бар — 11
Оқулықпен және дәптермен жұмыс
- «Ақсақ киік» өлеңін ашып, кезектесіп мәнерлеп оқу.
- Сөздік дәптерге жаңа сөздерді жазу.
V. Түсінгенін тексеру
Топтастыру
Өлеңдегі негізгі ой мен образдарды топтастырып көрсету.
Сәйкестендіру
Перфокарта арқылы ұғымдар мен анықтамаларды сәйкестендіру.
Қорытынды сұрақ
Ақын бұл өлең арқылы нені айтқысы келді? Біз нені түсіндік?
VI. Қорытынды ой: табиғатты қорғау — негізгі идея
Өлеңнің өзегіндегі түйін — табиғатты қорғау, жан-жануарды аялау. Бұл тақырып қазақ өнерінде күй мен ән арқылы да кең өріс алған. Құрманғазының «Ақсақ киік» күйі, Жақсыкелді Сейіловтің «Жез киік» әні, сондай-ақ С. Сейфуллиннің сөзімен айтылатын «Ақсақ киік» әні — бәрі де жазықсыз жануарға деген аяныш пен адамдық жауапкершілікті айқын сезіндіреді. Қазіргі күнде бұл сарын «Ақбөкен» сияқты жаңа шығармалармен де толығып келеді.
Сабақты аяқтауға ұсынылатын мәтін (Н. Айтов — сөз, Ж. Назаров — ән)
Дертімді менің қозғама,
Онсыз да ғұмыр аз ғана.
Айталмай кеткен сырың бар,
Жадырап тұрған жазға да.
Адасып жүрген ақбөкен!
Қай жаққа ауып барасың?
Қай жақтан пана табасың?
Өзегі өксік дүние-ай,
Өртеніп, күйіп жанасың!
Асарсың шаршап сан қырдан,
Ақ боран шығар алдыңнан.
Қорғансыз болып тұрған соң,
Жақсылық күтпе тағдырдан.
Шексіз ғой мынау қара жер,
Өзіңді өзің пана көр.
Ажалдан қашқан тіршілік,
Сағымдай заулап аға бер.
VII. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй жұмысы
- «Ақсақ киік» өлеңін мәнерлеп оқу, үзінді жаттау.
- «Біз — табиғат сақшысымыз» тақырыбында ойтолғау жазу.
- Оқиға желісіне байланысты сурет салу.
Бағалау
Оқушы білімі сабақтағы белсенділігі, мәнерлеп оқуы, талдауы, топтық жұмыстағы үлесі және тапсырмаларды орындау сапасы бойынша бағаланады.