Абылайхан жөнінде тарихи мағлұмат
Мазмұны
Кіріспе
I. тарау АБЫЛАЙ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Абылайхан жөнінде тарихи мағлұмат
1.2 Абылай- қатардағы сарбаз жауынгер
1.3 Жас жігіт Абылай үш жүздің сайлауында хан сайланады
II. тарау АБЫЛАЙ ХАННЫҢ САЯСАТТАҒЫ ОРНЫ
2.1 Абылайдың саясаткер ретінде қалыптасуы
2.2 Абылайдың ішкі және сыртқы саясаты
2.3 Абылайдың саясаткер ретіндегі іс-әрекеті кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра
III Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Дамуға бет алған әр халық, өзінің қайдан шыққаның, дамығаның, тарихи қалыптасу кезінде бастан не кешкенін, есте сақтамайынша, қазіргі деңгейге қалай жеткенін, қандай тар жол, қиындықтардан өткенін есте сақтауы қажет. Республика президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай, тарих дегеніміз тек өткеннің ғана сабағы емес, өткен өмірдін мәнін, сарынын айқындайтын әрі сараптап беретін құрал.
Бұған дейінгі болған қоғамдардың тарихы — тап күресінің тарихы болды деген кенестік белгілі қағида қазір ескірді. Тарихи жағдай өзгеріп отырғанымен ол негізгі өлшем ретінде алынды, қоғамдық өмір тек тап күресі тұрғысынан қаралып келді, басқа қатынастар көзге ілінбеді. Қоғамтанушылар сол тап күресінің өзің жүргізушілер адамдар жекеленген тұлғалар екенін назарға да алғысы келмеді. Сөйте тұра белгілі орыс философы С.Н. Трубецкой өткен ғасырдың өзінде — ақ былай деп жазған болатын; анығына келсек, тарихта бәрін жасайтын адам, сол арқылы ғана идея іске асады . Яғни тарих дегеніміз тек қана тап күресі мен қоғамдық формациялардың алмасуы емес. Бұл адамдар мен тарихи тұлғалардың әрекет ететін аренасы. Мәселе қоғамдық құбылыстарға тарихи тұлғалардың жасайтын әсерінің, осыған сәйкес олардың тарихтағы орынының айқындалуында.[1-3] Бұл орида ұлы неміс философы Гегельдің айтқаның еске алмай болмаиды; Тарихи тұлғалардың ұлылығы жалған емес, аса қажет те әділ, ұлы дүниені жүзеге асыра білуінде . Осындай тарихи тұлғалардың қатарына Абылай да жатады.[2-3]
Халық әр ел-тізгінін ұстаған білікті билеушілерін естен шығармай, олардың жамиғат алдынғы өшпес қызметін қанатты сөздермен мінездеп отырған. Қасым салған қасқа жол, Есім салған ескіжол деген секілді бейнелі тіркестер тасасында терең мағна жатқаны анық. Қазақстың ең әйгілі қандарының бірі әз Тәуке болса, оның тұлғасы төңірегінде жылы лебіздер мол айтылатыны мәлім. Басқ да белгілі хандар мен сұлтандардың ел үшін елеулі әрекет жасағандары жұртшылық ілтипатына
бөленгенін байқаймыз. Сонда да болса солардың бәрінен де хан Абылай даңқы басым жатады. Өзге ел өкілдеріне қазақ хандары ішінен неғұрлым әйгілісі де , халық әдебиетінде көркен бейнесі жарқын мадақталғаны да Абылай екені мәлім. Қазақ қауымының сан буыны қысылғанда медет көріп, намыс кегі қайралғанда ұран етіп шақыратыны да Абылай есімі болған.Тек сонғы қой жылының той ауанымен Ғылым академиясы ғылыми — теориялық конференция ұйымдастырып, оның сан- саласы қайраткерлік қызметін, қахармандық ерлігімен ойшықтап көрсетер қыруар құжаттар мен деректерге жұртшылықтың көзін ашқандай болды. Бақсақ, Абылай парасатты елбасшы кеменгер саясаткер ғана емес, қабырғалы қолбасшы да екен. Қазақ халқының азаматтығы жолында қасық қаны қалғанша айқасқан аты аңызға айналған талай батырлар, басы қанжығалы Бөгенбай мен Қаракерей болып соның ақыл кеңесіне жүгінгей, қажет жерінде жігер -күшіне сүйенген. Небір күрмеуі қиын күрделі мәселе тап келсе, ол дереу билер алқасына салып кеңінен кеңісіп, келел байлай жасаған Төлемен Әйтеке, қаздауысты Қазыбек сияқты кеңтолғар кеменгер билердің , Бұхар жырау сияқты от ауызды , орақ тілді, дамағой ақындардың ақылына жүгініп , болашақ ісіне бағдар алып отырған. Осының өзі-ақ оның халықтың қайнаған ортасынан шығып соның мұңын мұндап, жоғын жоқтап , сойылын соққан қайраткер екемін қапысыз аңғартса керек. Қозғалып отырған тақырыптың басты мақсаты мұнда хан болып өткен бабамыз Абылайдың жаны таза, атақты ыбырайлы , ешкімге бағынбаған өзінше биік, өзінше саясат жүргізген, қайраткерлік кемелдігі шырқау шегіне жеткен, сыртқы саясатта өзін өзгелерден асыра білген, өзінің дарындылығының арқасында керегесі биік елдермен, қазақ елінің қабырғасын теңестірген, санасуға мәжбір еткен , ішкі саясатта үш жүздің басын қосқан , ел арасындағы алауаздықтың ауыздығынан тартқан, бір тұтас қазақ мемлекетін құрған ардақты бабамыз Абылай ханның жетістіктерімен жемістерін бүгінгі ұрпаққа жария ету еді.
Күні кешегі хан біткенің бәрі қанішер, қанаушы байдың бәрі қаныпезер қарау, би атаулы әділетсіз, алаяқ, батыр болса безбүйрек деп бағаланған қатаң заманда , алты атасынан уызы арылмаған ақсүйек деп Абылайдың ісінің дұрысы да, бұрысын да теріске шығарып тарихтан сызып тастауға таялған едік.
Өткенімізді саралау — ертеңімізді бағалау болмақ тарихимызда таразылаитын, ардақтыларымызды қадір тұтып мақтанатын игілерімізді танитындай уақыт жеткен сияқты.
Қазақ тарихында Абылай хан атының ардақ тұтылып, жиі аталатыны, Ұлы хан ретінде үш ғасырдан бері қаншама жыр-дастандарға, аңыз-әфсаналарға кейіпкер болған бабамыздың тарихи бейнесі туралы қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановтан асырып айту қиын. Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі – қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры [1-2 ].
Осынау шындықты одан әрі дамытып: Мен үшін Абылай заманы ғана емес, бүкіл қазақ тарихы ұлт-азаттығы, мемлекет тәуелсіздігі үшін күрес сияқты көрінеді. Ел бостандығы, ұлт тәуелсіздігі біздің халық үшін еш уақытта да төбеден түскен сый болмаған. Ол әрдайым ел қамын жеген ерлердің жанқиярлық, жанпидалық еңбегінің, күресінің нәтижесінде ғана келгенін ешқашан ұмытпауымыз керек [2-4], — деген Елбасы Н.Назарбаевтың сөздері еліміздің әрбір зерделі деген азаматына ой салуға тиіс.
Тәуелсіздік туын көтеріп ес жиып, етек бүтіндегеннен бері қазақ тарихында Абылайдың алатын орны туралы жазылып та, айтылып та келеді. Абылайтану деген арналы тақырып аясына сол айтылғандар мен жазылғандарды жисақ, оған өткен ғасырлардан өшпей жеткен қисса-дастандарды, аңыз-әңгімелерді қоссақ, көрнекті кітапхана болар еді. Ал, сол кітапхананың ояң тұсы қайсы? Біздің ойымызша, осы уақытқа дейін Абылайдың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен деректік материалдар жиналып, бір жүйеге келтіріліп, қазақ тілінде қалың қауымға жол таппағаны кемістік еді.
Айта кету керек, мұндай құнды деректердің біраз бөлігі құрастырылып, түпнұсқа тілінде ертеректе жарық көрген де еді. Орыс тілінде шыққан мұндай жинақтар кезінде зерттеуші мамандардың кәдесіне жарап келді. Тарихшылардың әрбіреуі өзі қаузаған тақырыпқа қажет мағлұматтарды басым идеологияға бейімдеп, түп-нұсқа мәтінінен үзіп алып, пайдаланып келді. Кейде сол үзінділердің тарихи шындықты көпе-көрнеу бұрмалау үшін, қазақты кемітіп, оның өткеніне жала жабу үшін ұқсатылғанын да көрдік.
Бұдан үш ғасырдай бұрын қағазға түскен деректерді бүгінгі ұрпақ үшін өз қажетіне жарата қою оңай еместігін мамандар біледі. Уақыт алшақтығына байланысты түпнұсқа тілін түсіну қандай қиын болса, мұрағаттарда жатқан құжаттардың әлібін ажырату да оңай емес. Оған арнайы дайындық, білім керек екендігін басынан кешкен зерттеушілер жақсы біледі.
Ұсынылып отырған жинақтың сипаты жөнінде бірер сөз. Мұнда бұрын орыс тілінде жарияланып, аз таралыммен шыққан арнайы басылымдардан Абылай есіміне қатысы бар-ау деген материалдар іріктеліп алынып, қазақшаға аударылды. Сондай-ақ, Қытай мемлекетінің мұрағаттарынан зерттеуші Қойшығара Салғара әкелген құжаттардың [1-9] тақырыбымызға қатысты бөлігін алып қостық. Қазақ-қытай қатынастарын нақты түсінуге көмектесетін бұл 100 құжатқа қоса Нәбижан Қабижанұлы анықтаған деректер де пайдаланылды.
Абылайдың өмірі мен қызметіне байланысты бұрыннан мәлім мағлұматтарға Ресей мағлұматтарынан табылып, қазақ тілінде тұңғыш рет ғылыми айналымға тұтас мәтін ретінде ұсынылып отырған құжаттар біршама.
Абылайдың кісілік, батырлық, көсемдік қасиеттерін жаңа қырынан танытатын, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек түсінуге көмектесетін бұл мәліметтердің құнын оқырмандар өздері бағалауда.
Мәтіндерді қазақшаға аудару үстінде құжаттардың өз кезіндегі ресми-бюрократиялық кіріспелері ықшамдалды. Мысалы, хаттар, мәлімхаттар, баян дамалар әдетте ұлы мәртебелі , аса құрметті , асыл текті , сүйікті де сүйкімді т.с.с. қолпаштау-мадақ сөздермен басталып, бірнеше рет қайталанып отырады. Біз бұл жағын қысқартып, мәтінді құжаттың жазылуына арқау болған мәселеден тікелей бастап отырдық.
Әдетте, хатшылар, кеңсе қызметкерлері қатынас қағаздарды өз дәуірінің қалыбына салып дайындайтын. Олардың білім деңгейі де, сауаты да әр қилы. Солардың жазған құжаттарында хат авторлары шені жоғары әкімдерге міндетті түрде жалбарынып, құлдық ұратыны, өзін кемсітіп көрсетуге тиіс болғаны бүгінгі оқырманға тосын көрінуі мүмкін. Мысалы, хат жазушы өзін құлыңыз , пақырыңыз , тексіз пендеңіз , сіздің жолыңызда басын құрбан етуші деген сияқты теңеулердің автор аузынан шығуы міндетті емес, ресми стиль ұстанған хатшының өзі-ақ қосып жібергенін түсіну қажет.
Дәл осындай, отарлаушы елдің биік мәртебелі төрелері қазақ халқы мен оның билеушілеріне, ел ағаларына, батырларына өктемдік көрсетіп, бұйыра, нұсқай сөйлеп, көсемсіп жазатын болған. Қазақтар жөнінде жабайы , тұрпайы , тұрақсыз , тентек , ұстамсыз , жеңіл мінезді, топас т.б. кемсітіп, намысқа тиетін сөздердің төркініне де оқырман зерделей қарағаны жөн. Өйткені, бөгде жұрттарға астам қарау, өзін артық санау Ресей немесе Қытай билеушілері саясатының көрінісі болғанын түсіну керек. Олар осылайша, өздерінің туа біткен артықшылығын алға тартып, отарлау саясатын ақтап, заңдастыру ниетін көздегенін айтуымыз керек.
Керісінше, қазақтар жағынан жазылған хаттарда атын жаздырушының аузына жалыну-жалбарыну, тілемсектену сияқты қазақ мінезіне жат сөздерді хатшылар салып отырады. Бұл да – сол кездегі іс қағаздарының жөні.
Құжаттар мен материалдарды тарихи дерек ретінде қабылдай отырып, кей жағдайларда оның мазмұнын сол қалпында, бүгінгі санамен бағалай беруге болмайды. Бұл құжаттарды кім, қашан, не себептен, қандай жағдайда, кімге арнап, қандай нәтиже күтіп жазғанын жіті бағамдай білсек, құжаттар қамтитын тарихи кезеңнің құбылыс-сырларын түсіне аламыз.
Мысалы, үкімет шенеунігі өз қызметін асыра көрсетіп, тапсырылған міндетті орындау кезіндегі жағдайды әдейі қиындатып, шиеленістіріп жазу арқылы өзінің қызметін өсіре бағалап отырғанын аңғару бүгінгі оқырманға кейде оңай да болмай қаларын ескертеміз. Тіпті, мұқият салыстырып қарасаңыз, бір оқиға немесе құбылыс жөнінде жазылған екі құжаттың арасындағы өзгешеліктерді байқап қаласыз.[1-2]
Мұрағаттарда Абылай есімі аталатын құжаттар өте көп. Ресей бекіністерінің маңындағы қазақтардың мал жайылымы, қыстау мәселелері, сауда ісіне байланысты, тұтқындардың жағдайы жөнінде қайталанып келіп отыратын құжаттардың кейбіреулерін ғана беріп, сол кезеңнің бейнесін танытуға жеткілікті-ау деп шектелді. Белгілі бір оқиға туралы мағлұматты тиянақтау мақсатында кейбір болымсыздау көрінген құжаттарды қосудан да тартынған жоқпыз.
Әлбетте, Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналып, ана тілімізде тұңғыш жарияланып отырған жинақтың ояң тұстары болуы
мүмкін. Бір ғана Омбы мұрағатының өзінде тағы да ашып, жариялауға тұратын құжаттар әлі көп. Жеке зерттеушінің уақыт, қаражат мүмкіндігі, ой қуаты жетсе де, бой қуаты шектеулі екендігі, демек еңбектің әзірше осы көлемде қалған себебін оқырман қауым түсінуге тиісті. Әйтпесе, мемлекеттік деңгейде мән беріліп, кең көсілуге жағдай болса, мұндай
жинақтарды әлдеқайда көлемді етіп шығарған жөн болар еді.
Құжаттарда қамтылған оқиғалар мен құбылыстарға түсінік беру қажеттігі, аты аталған адамдарды таныстыру қажеттігі сұранып тұрса да, бұл қадамнан тартындық. Себебі, бір сыншымыз айтқандай, ол оқиғалардың әрбіреуін тәптіштеп тарату осындай бір-бір кітапқа жүк болар еді. Оның үстіне, тарихи әдебиеттерде бұл оқиғалар жөнінде тиісті мағлұмат бар екенін ескердік.
Кітапты қолына алып, салмақтаған оқырман Абылай және оның заманы туралы осы жинақтан аз-кем деректер тауып, кәдесіне жаратса, ел тарихының арнасындағы күрделі оқиғаларды тереңірек тануына себепкер болсақ – еңбегіміздің еш кетпегені.[1-5]
Тәуелсіздік туын көтеріп ес жиып, етек бүтіндегеннен бері қазақ тарихында Абылайдың алатын орны туралы жазылып та, айтылып та келеді. Абылайтану деген арналы тақырып аясына сол айтылғандар мен жазылғандарды жисақ, оған өткен ғасырлардан өшпей жеткен қисса-дастандарды, аңыз-әңгімелерді қоссақ, көрнекті кітапхана болар еді. Ал, сол кітапхананың ояң тұсы қайсы? Біздің ойымызша, осы уақытқа дейін Абылайдың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен деректік материалдар жиналып, бір жүйеге келтіріліп, қазақ тілінде қалың қауымға жол таппағаны кемістік еді.
Айта кету керек, мұндай құнды деректердің біраз бөлігі құрастырылып, түпнұсқа тілінде ертеректе жарық көрген де еді. Орыс
тілінде шыққан мұндай жинақтар кезінде зерттеуші мамандардың кәдесіне жарап келді. Тарихшылардың әрбіреуі өзі қаузаған тақырыпқа қажет мағлұматтарды басым идеологияға бейімдеп, түп-нұсқа мәтінінен үзіп алып, пайдаланып келді. Кейде сол үзінділердің тарихи шындықты көпе-көрнеу бұрмалау үшін, қазақты кемітіп, оның өткеніне жала жабу үшін ұқсатылғанын да көрдік.
Бұдан үш ғасырдай бұрын қағазға түскен деректерді бүгінгі ұрпақ үшін өз қажетіне жарата қою оңай еместігін мамандар біледі. Уақыт алшақтығына байланысты түпнұсқа тілін түсіну қандай қиын болса, мұрағаттарда жатқан құжаттардың әлібін ажырату да оңай емес. Оған арнайы дайындық, білім керек екендігін басынан кешкен зерттеушілер жақсы біледі.
Абылайдың кісілік, батырлық, көсемдік қасиеттерін жаңа қырынан танытатын, ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихын тереңірек түсінуге көмектесетін бұл мәліметтердің құнын оқырмандар өздері бағалауда.
Мәтіндерді қазақшаға аудару үстінде құжаттардың өз кезіндегі ресми-бюрократиялық кіріспелері ықшамдалды. Мысалы, хаттар, мәлімхаттар, баяндамалар әдетте ұлы мәртебелі , аса құрметті , асыл текті , сүйікті де сүйкімді т.с.с. қолпаштау-мадақ сөздермен басталып, бірнеше рет қайталанып отырады. Біз бұл жағын қысқартып, мәтінді құжаттың жазылуына арқау болған мәселеден тікелей бастап отырдық.
Әдетте, хатшылар, кеңсе қызметкерлері қатынас қағаздарды өз дәуірінің қалыбына салып дайындайтын. Олардың білім деңгейі де, сауаты да әр қилы. Солардың жазған құжаттарында хат авторлары шені жоғары әкімдерге міндетті түрде жалбарынып, құлдық ұратыны, өзін кемсітіп көрсетуге тиіс болғаны бүгінгі оқырманға тосын көрінуі мүмкін. Мысалы, хат жазушы өзін құлыңыз , пақырыңыз , тексіз пендеңіз , сіздің жолыңызда басын құрбан етуші деген сияқты теңеулердің автор аузынан шығуы міндетті емес, ресми стиль ұстанған хатшының өзі-ақ қосып жібергенін түсіну қажет.[1-6]
Дәл осындай, отарлаушы елдің биік мәртебелі төрелері қазақ халқы мен оның билеушілеріне, ел ағаларына, батырларына өктемдік көрсетіп, бұйыра, нұсқай сөйлеп, көсемсіп жазатын болған. Қазақтар жөнінде жабайы , тұрпайы , тұрақсыз , тентек , ұстамсыз , жеңіл мінезді, топас т.б. кемсітіп, намысқа тиетін сөздердің төркініне де оқырман зерделей қарағаны жөн. Өйткені, бөгде жұрттарға астам қарау, өзін артық санау Ресей немесе Қытай билеушілері саясатының көрінісі болғанын түсіну керек. Олар осылайша, өздерінің туа біткен артықшылығын алға тартып, отарлау саясатын ақтап, заңдастыру ниетін көздегенін айтуымыз керек.
Керісінше, қазақтар жағынан жазылған хаттарда атын жаздырушының аузына жалыну-жалбарыну, тілемсектену сияқты қазақ мінезіне жат сөздерді хатшылар салып отырады. Бұл да – сол кездегі іс қағаздарының жөні.
Құжаттар мен материалдарды тарихи дерек ретінде қабылдай отырып, кей жағдайларда оның мазмұнын сол қалпында, бүгінгі санамен бағалай беруге болмайды. Бұл құжаттарды кім, қашан, не себептен, қандай жағдайда, кімге арнап, қандай нәтиже күтіп жазғанын жіті бағамдай білсек, құжаттар қамтитын тарихи кезеңнің құбылыс-сырларын түсіне аламыз.
Жинақтағы жазба деректерді игеру жөнінде тарихшы М.Қозыбаевтың: Ресей мұрағаттарында патша отаршылары жазған құжаттарды иманындай көріп, абсолюттандыратын тарихшылардың ізімен кетпеу жөніндегі ескерпесін ұстану ләзім.[1-1]
Мысалы, үкімет шенеунігі өз қызметін асыра көрсетіп, тапсырылған міндетті орындау кезіндегі жағдайды әдейі қиындатып, шиеленістіріп жазу арқылы өзінің қызметін өсіре бағалап отырғанын аңғару бүгінгі оқырманға кейде оңай да болмай қаларын ескертеміз. Тіпті, мұқият салыстырып қарасаңыз, бір оқиға немесе құбылыс жөнінде жазылған екі құжаттың арасындағы өзгешеліктерді байқап қаласыз.
Мұрағаттарда Абылай есімі аталатын құжаттар өте көп. Ресей бекіністерінің маңындағы қазақтардың мал жайылымы, қыстау мәселелері, сауда ісіне байланысты, тұтқындардың жағдайы жөнінде қайталанып келіп отыратын құжаттардың кейбіреулерін ғана беріп, сол кезеңнің бейнесін танытуға жеткілікті-ау деп шектелді. Белгілі бір оқиға туралы мағлұматты тиянақтау мақсатында кейбір болымсыздау көрінген құжаттарды қосудан да тартынған жоқпыз.
Әлбетте, Абылай ханның өмірі мен қызметіне арналып, ана
тілімізде тұңғыш жарияланып отырған жинақтың ояң тұстары болуы
мүмкін. Бір ғана Омбы мұрағатының өзінде тағы да ашып, жариялауға тұратын құжаттар әлі көп. Жеке зерттеушінің уақыт, қаражат мүмкіндігі, ой қуаты жетсе де, бой қуаты шектеулі екендігі, демек еңбектің әзірше осы көлемде қалған себебін оқырман қауым түсінуге тиісті. Әйтпесе, мемлекеттік деңгейде мән беріліп, кең көсілуге жағдай болса, мұндай жинақтарды әлдеқайда көлемді етіп шығарған жөн болар еді.
Құжаттарда қамтылған оқиғалар мен құбылыстарға түсінік беру қажеттігі, аты аталған адамдарды таныстыру қажеттігі сұранып тұрса да, бұл қадамнан тартындық. Себебі, бір сыншымыз айтқандай, ол оқиғалардың әрбіреуін тәптіштеп тарату осындай бір-бір кітапқа жүк болар еді. Оның үстіне, тарихи әдебиеттерде бұл оқиғалар жөнінде тиісті мағлұмат бар екенін ескердік.
Кітапты қолына алып, салмақтаған оқырман Абылай және оның заманы туралы осы жинақтан аз-кем деректер тауып, кәдесіне жаратса, ел тарихының арнасындағы күрделі оқиғаларды тереңірек тануына себепкер болсақ – еңбегіміздің еш кетпегені[1-7]
Алдарыңызда – Абылайдың өзі, оның замандастары және ХҮІІІ ғасырдағы қазақ қоғамының елесті бітім-бейнесінен хабар беретін құжаттар мен материалдар жинағы.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Абылай тұлғасының қалыптасуы және дамуы. Абылайхан жөнінде көптеген мағұлұматтар жинап талдау. Абылайды қатардағы сарбаз жауынгер ретінде таныта білу. Абылайдың саясатта алатын орнына талдау жасап, ішкі және сыртқы саясаттағы еңбегіне жоғары баға беріп талдау.
Ел басқару екінің бірінің қолынан келе бермейтін бірегей өнер екені әмбеге аян. Оның үстіне ел ұстаған екенің бірі есте қала бермейтіні де белгілі ғой. Жұмысқа жолмен түлкі боп таққа отырып, халқына қасқыр боп тиген талайларды көнекөз тарих біледі. Бірақ олардың атын білгенімен затын ілтипатқа ілмейді. Демекке, ақыл — парасатына қажыр — қайраты салі, дегдарлығы мен білімдарлығы бердей, мінез маңғау, жүрегі мейрбан жетекші ғана жұрттың жадында ұзақ сақталмақ. Міне екі ғасырдан астам атақ -даңқы аңыз-әңгімелер арқылы -ақ ұрпақтан ұрпаққа жалғасып үдеп бара жатқан Абылай хан осындай қайраткер болса керек.
Рас Абылай күні бүгінгі дейін әділ бағасыни ала алмай,, тарихтан орнын тапай келген қайратткер. Әйтпесе ақтабан шұбырынды , ал қақол сұламадан кейін көп ұзатпай қазақ халқының басын құрап, жоңғар басқыншыларына ойсырата соққы беруді ұйымдастыруы ерен еңбек емеспе. Сындырлы саясатшы , сарабдал мәнлегер ретінде ол көрші мемлекеттердің бәрімен арақашықты сақтай отырып, терезесі тең байланыс жасай білген көреген басшы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Бұл жұмыстың алдына қойған мақсаты мен міндеті, Абылайханды ұлы тұлға ретінде көрсетіп, оның тарихи саханада алатын орнын бағалай білу. Қазақ хандығы ауыр кезенді басынан кешіріп жатқан кезде, қазақ хандығының тізгінің ұстаған Абылай өзін дербес басшы ретінде көрсете білуі. Екі ұлы империяның ортасында түлкі саясат жүргізіп, Қазақ хандығын дербес мемлекет ретінде дамытуы саясат саханасында алатын орны жоғары екендігін көрсете білді. Абылай жоңғар елінде тұтқында болғандада өзінің даналығын, ақылдылығын, жоғарыдан көріп ойлайтындығымен жауларынын алдында бас имей өз беделін сақтап қалды. Ол уақытын жәй өткізбей сол елдің мәдениетімен басқару жүйесімен танысып, жақсы жақтарын болашақта пайдалануға тырысты.
Дипломдық жұмыс 46 бет
Абылай тұлғасының қалыптасуы. Абылай ханның саясаттағы орны
БУРАБАЙ ӨЛКЕСІНДЕГІ ТАРИХИ-МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТАРИХИ ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТУРИСТІК- САЯХАТ АЙНАЛЫМЫНА КІРГІЗУ ЖОЛДАРЫ
Байжігіт
Абылай сұлтанның қоғамдық-саяси өмірі
Абылай хан саясаты
Ілияс Есенберлиннің өмірі және шығармашылығы
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу үрдісі
Орта ғасыр мәдениеті
XIX ғасыр өлең жырларындағы абылайхан
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
Талдықорған өңіріндегі тарихи – археологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері
XX ғасыр басындағы тарихи білім беру жүйесі
Ақыл-ойының дамуы артта қалған 2-3 сынып оқушыларының уақыт және кеңістік жөніндегі түсініктерді қолдануы
ХХ ғасыр басындағы тарихи білім беру
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағұлмат
ГЕОДЕЗИЯ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МАҒЛҮМАТТАР
Еңбекті қорғау жөніндегі заңдарды бұзғаны үшін жауаптылық
Лицензиясыз қызметтен түскен табыстан айыру жөнінде