Оңтүстік Жарық қосымшасын құру

Мазмұны

  1. Кіріспе 3
  2. Бағдарламаның қойылымы 5
  3. I бөлім. Мәліметтер базасының ауқымдылығы
    1. Жарық. Жарық қызметін автоматтандыру 6
    2. Мәліметтер базасы туралы негізгі ұғымдар 8
    3. Макростар туралы түсінік 10
  4. II бөлім. «Оңтүстік Жарық» қосымшасының конструкциясы
    1. «Жарық» қосымшасының алгоритмі 13
    2. Қосымшаның блок-схемасы 14
    3. Қосымшаның процедураларына түсіндірме 16
    4. «Оңтүстік Жарық» қосымшасының бағдарламалық листингі 22
  5. Қорытынды 29
  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі 30

Кіріспе

Қазақстанның барлық қалаларында жарық қызметтері жұмыс атқарады. Олардың негізгі міндеті — қала тұрғындарын жарықпен қамтамасыз ету. Қоғамның дамуы мен жарықтандыру жүйелерінің ауқымы кеңейген сайын, бүгінгі күні жарық қызметтері жұмысты автоматтандыруды талап етеді. Заманауи құралдар мен бағдарламалармен жабдықталған жарықтандыру ұйымдарының жұмысы әлдеқайда тиімді әрі қарқынды болатыны сөзсіз.

Осыған байланысты курстық жобамның тақырыбын осы салаға арнап, «Оңтүстік Жарық» деп таңдадым. Курстық жобаның негізгі мақсаты — жарық қызметін автоматтандыру. Жоба барысында мәліметтер қорымен тікелей байланысатын, ақпаратты жинақтап өңдеуге арналған «Оңтүстік Жарық» қосымшасы әзірленеді.

Қосымшаның ақпарат көзі ретінде мәліметтер базасы пайдаланылады. Мәліметтер базасы — белгілі бір пәндік аймаққа қатысты деректерді сипаттау, сақтау және өңдеу қағидаларын анықтайтын ережелер бойынша ұйымдастырылған ақпараттар жиынтығы.

Қосымшаның конструкциясы күрделі болғанымен, пайдаланушыға түсінікті әрі ыңғайлы болуы тиіс. Дизайн көзге жайлы, оқу мен жұмыс істеуге кедергі келтірмейтін түрде жасалады. Ең маңызды талаптардың бірі — мәліметтер қорының сыртқы зиянды әсерлерден қорғалуын қамтамасыз ету.

Курстық жоба барысында қосымшаны құрастырудың барлық кезеңдері — алгоритмді жобалаудан бастап, толық жұмыс істейтін жүйені іске қосуға дейін — жүйелі түрде көрсетіледі. Сапалы қосымша жасау үшін бағдарламалаудың қажетті әдістері мен тәсілдері қолданылады.

Жобаның мақсаты мен міндеттері

Курстық жұмыстың мақсаты

Түркістан қаласын жарық көзімен қамтамасыз ететін «Оңтүстік Жарық» ЖШС өнім беруші ұйымының жұмысын автоматтандыру мақсатында Visual Basic 6.0 бағдарламалау ортасында «Оңтүстік Жарық» қосымшасын құру.

Зерттеу міндеттері

  • Жарық қызметі жұмысының сипаттамасын қарастыру.
  • Мәліметтер қорының қызметтері және оларды байланыстыру әдістерін зерттеу.
  • «Оңтүстік Жарық» қосымшасының жасалу технологиясын баяндау.

Зерттеу туралы мәлімет

Зерттеу объектісі

Visual Basic тіліндегі мәліметтер қорымен байланыстыру объектілері, сондай-ақ Microsoft Access бағдарламасы.

Зерттеу пәні

Бағдарламалау тілдері.

Зерттеу әдістері

  • Ғылыми-әдістемелік оқулықтар
  • Техникалық журналдар
  • Электрондық оқулықтар
  • Интернет көздері

Құрылымы

Курстық жоба кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың жалпы көлемі — 30 бет.