Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі

Мазмұны

1-тарау

Банктік несиенің теориялық негіздері және оның қайтарылуын қамтамасыз ету

  • 1.1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының түсінігі 5
  • 1.2 Несие қайтарылуын қамтамасыз етудің шетел тәжірибесі 9

2-тарау

Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету нысандары (Еуразиялық Банк АҚ мысалында)

  • 2.1 Еуразиялық Банктің несиесін қайтарылуын қамтамасыз ету нысандарын талдау 18
  • 2.2 Қарыз алушының несие қабілеттілігін бағалау — банктің несиесін қайтаруды қамтамасыз ету құралы 34

3-тарау

Коммерциялық банктердің несиесін қайтарылуын қамтамасыз етуді дамыту мен жетілдіру жолдары

  • 3.1 Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының мәселелері және оларды шешу жолдары 47
  • Қорытынды 52
  • Қолданылған әдебиеттер тізімі 54

Кіріспе

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006–2008 жылдарға арналған Үкімет бағдарламасында ақша-несие саясатының негізгі міндеті ретінде қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету және мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау белгіленген. Ел экономикасындағы өсімнің орнықты әрі серпінді сипатын сақтау үшін мемлекет қазынагерлік және ақша-несие саясаты құралдарын, сондай-ақ өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуге бағытталған мемлекеттік реттеу тетіктерін қолдануы қажет. Бұл шаралар жоғары сапалы өнім мен қызметке деген сұранысты ынталандыруды да көздейді.

Қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған саясат, ең алдымен, қаржы секторын, әсіресе банк секторын одан әрі ырықтандыруға және бәсекелестікті арттыруға негізделеді. Бұл үдерісте екінші деңгейлі банктердің рөлі ерекше.

Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктер клиенттермен несиелік қатынастарды қалыптастыру барысында күрделі міндеттерді шешеді. Бұл міндеттер несиелендіру үдерісінде айқын көрінеді. Несиелендіру — банктердің ең маңызды операцияларының бірі: ол несие беруші мен қарыз алушының өзара қарым-қатынасын, несиені пайдалану тәртібін, несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарын және берешектің пайда болуына ықпал ететін факторларды қамтиды.

Ұлттық табыс пен қоғамдық өнімді бөлу, сондай-ақ өндіріс үдерісінде қалыптасатын несиелік қатынастардың мәні банктік несиенің өндіріс пен елдің экономикалық болашағын үздіксіз дамытуға ықпал ететінін көрсетеді. Дегенмен макроэкономикалық деңгейде саяси және әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсері нәтижесінде несиелік қатынастарда дағдарыстық құбылыстар туындауы мүмкін. Мұндай себептердің қатарына несиелендіру тәртібінің жеткілікті жетілдірілмеуі, қаржы саласына теріс ықпал еткен тәуекелі жоғары немесе негізсіз несиелердің ұсынылуы жатады.

Елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету және өндірістік секторды банктік несиелендіруді кеңейту үшін несиелердің уақытылы қайтарылуын қамтамасыз ету мәселелерін шешу ерекше маңызды әрі өзекті. Қарыз алушыларға несие бере отырып, банктер тәуекелге барады. Сондықтан банктік несиелендіруді зерттеуге тереңірек назар аудару, оның мәнін қайта қарастыру, сондай-ақ несиелік қатынастар субъектілерінің міндеттемелерді орындаудағы жауапкершілігі мен рөлін күшейтетін тетіктерді іздестіру қажеттілігі туындайды.

Міндеттері

  • Несие қайтарымдылығын қамтамасыз ету нысандарының теориялық негіздерін ашу.
  • Еуразиялық Банк АҚ мысалында қамтамасыз ету нысандарына талдау жасау.
  • Қамтамасыз ету нысандарының проблемаларын және даму перспективаларын қарастыру.

Құрылымы

Курстық жұмыс 3 тараудан тұрады.

Көрнекіліктер

24 кесте және 6 сурет келтірілген.

Көлемі

Жұмыс көлемі — 53 бет.