Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет
Автомобильдердегі поршеньді төрт тактілі іштен жану қозғалтқыштары
Автомобильдерде кеңінен қолданылатын іштен жану қозғалтқыштары екі негізгі түрге бөлінеді: поршеньді төрт тактілі бензинді (карбюраторлы) және дизельді қозғалтқыштар. Автотрактор өнеркәсібі соңғы жылдары бензинді де, дизельді де қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін енгізе бастады.
Қозғалтқыштарды күрделі әрі қымбат электрондық (компьютерлік) жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбіне экологиялық талаптардың қатаңдауымен байланысты. Атап айтқанда, пайдаланылған газдардағы зиянды заттардың құрамын шектеуге бағытталған еуропалық стандарттарды енгізу осы үдерісті жеделдетті. Мұндай жаңартулар әрдайым отынды едәуір үнемдеуді қамтамасыз етеді деу дұрыс емес.
Қозғалтқыштың негізгі өлшемдері мен көрсеткіштері
Поршеньді қозғалтқыштың негізгі геометриялық және пайдалану параметрлері төмендегі көрсеткіштермен анықталады:
-
Цилиндр диаметрі
D (мм)
-
Поршень жүрісі
S (мм)
-
Цилиндрлер саны
i
-
Жұмыс көлемі (литраж)
V (л немесе см3)
-
Сығымдау дәрежесі
ε
-
Тиімді қуат
Ne (кВт)
-
Айналдырушы момент
Mкр (Н·м)
-
Иінді біліктің айналу жиілігі
n (айн/мин)
-
Жанармайдың үлестік шығыны
g (г/кВт·сағ)
-
Үлестік салмақ
G (кг/кВт)
Литражы бойынша жіктелуі
Қозғалтқыштар жұмыс көлеміне (литражына) қарай төмендегідей топтарға жіктеледі:
Аса кіші литражды
1,2 л дейін
Кіші литражды
1,2–2 л
Орта литражды
2–4 л
Үлкен литражды
4 л жоғары
Жүк автомобильдері мен автобустарда аса үлкен литражды қозғалтқыштар да қолданылады: 10 л жоғары.
Кривошипті-шатунды механизм қозғалысының ерекшелігі
Қозғалтқыш бірқалыпты режимде жұмыс істеген кезде кривошипті-шатунды механизм бөлшектерінің айналмалы қозғалысын шартты түрде біркелкі деп қарастыруға болады. Ал ілгерілемелі-кейінді қозғалыс жасайтын бөлшектердің қозғалысы біркелкі болмайды.
Шектік нүктелерде поршень мен шатун басының жылдамдығы нөлге тең, өйткені дәл сол нүктелерде олардың қозғалыс бағыты өзгереді.
Пайдаланылған әдебиеттер
-
Жүнісбеков, П. Ж.; Жетпейісов, М. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Астана: Фолиант, 2007.
-
Жүнісбеков, П. Ж. Автомобильдерді жөндеу және техникалық қызмет. Вестник КазНАУ, Алматы, 2007, №4, 36–39-б.
-
Интернет-дереккөздер: google.com, yandex.ru