Паскаль тілінде программалау
Кіріспе
Паскаль тілін 1973 жылы швейцариялық математик Никлаус Вирт жасап шығарды. Тіл атауы 1641 жылы алғашқы есептеу машинасы — арифмометрді жасаған француз математигі, физигі әрі философы Блез Паскальдің құрметіне берілді.
Паскаль тілі оқып-үйренуге жеңіл әрі түрлі салалық ақпаратпен жұмыс істеуде тиімді болғандықтан, әлемде кең тараған программалау тілдерінің бірі саналады.
Паскаль тілінің негізгі ерекшеліктері
- Алгоритм құрылымын сақтай отырып құрылады.
- Жоғары деңгейлі программалау тілдерінің ең тиімді қасиеттерін жинақтаған.
- Қазіргі заманғы көптеген программалау тілдерінің негізі ретінде қарастырылады.
Осы тілдің нақты ЭЕМ мүмкіндіктеріне байланысты бірнеше нұсқалары бар.
Курстық жұмыстың тақырыбы
Курстық жұмыс тақырыбы: Крамер әдісімен теңдеулер жүйесін шешуге арналған программа құру.
- Жұмыс көлемі
- 32 бет