Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторлары

Мазмұны

  1. Кіріспе 3-бет
  2. І бөлім. Экономикалық өсу және макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары
    1. Экономикалық өсу, оның типтері мен факторлары 5-бет
    2. Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор әсері 8-бет
    3. Экономикалық өсудің қазіргі типтері және оның ерекшеліктері 11-бет
  3. ІІ бөлім. Экономикалық өсу — макроэкономикалық тұрақтылықты арттырудағы негізгі фактор
    1. Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторлары 14-бет
    2. Қазақстан Республикасының экономикалық даму стратегиясын құру және қалыптастыру 17-бет
  4. ІІІ бөлім. ҚР экономикалық өсу мәселелерін жетілдіру жолдары
    1. ҚР экономикалық өсу мәселелерін жетілдірудің тиімді жолдары 19-бет
    2. Экономикалық өсудегі «Жаңа Қазақстан» 20-бет
  5. Қорытынды 26-бет
  6. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 27-бет

Кіріспе

Курстық жұмыс тақырыбы: «Экономикалық өсу: түрлері, көрсеткіштері, факторлары, нәтижелері».

Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алып, түбегейлі әлеуметтік реформаларды жүзеге асыруға, демократиялық қоғам мен ашық экономиканы қалыптастыруға кірісті. Содан бері ел жеке меншік пен еркін бәсекелестікке негізделген нарықтық экономиканы құру жолына түсті.

Қазақстандағы нарықтық жаңғырулар Үкімет бағдарламаларына сәйкес кезең-кезеңімен жүргізіліп, әр кезеңнің мақсаттары мен міндеттері нақты айқындалды. 1990-жылдардың басында нарықтық қатынастардың заңнамалық және институционалдық негіздерін қалыптастыруға басымдық берілді. Реформалардың алғашқы кезеңінде әлеуметтік-экономикалық дамудағы болашақ жетістіктердің іргетасы қаланды.

1995 жылы реформаларды тереңдетудің тиімді құралына айналған Қазақстан Республикасының Конституциясы қабылданды. Конституция мемлекеттің ішкі саясатында тұрақтылықты қамтамасыз етіп, ел экономикасының нәтижелі дамуына алғышарт жасады.

1990-жылдардың екінші жартысында макроэкономикалық тұрақтылықты нығайту, заңнаманы жетілдіру, қаржылық жүйе мен өндірістік секторды дамыту, сондай-ақ әлеуметтік жаңғыртулар жүргізу реформалардың негізгі бағыттарына айналды.

«Қазақстан — 2030» даму стратегиясының қабылдануы экономиканы тұрақты дамытудың ұзақ мерзімді мақсаттары мен басымдықтарына қол жеткізуге бағытталған жүйелі үдерістің басталуына жол ашты. Байсалды экономикалық саясаттың нәтижесінде макроэкономикалық ахуал тұрақтанып, өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы өндірісі артты, негізгі капиталға инвестиция салудың жоғары қарқыны қамтамасыз етілді.

2000 жылдан бастап Қазақстан дамуы экономиканың қарқынды өсуімен, қолайлы инвестициялық ахуалмен, өндірістік сектордың тұрақты жұмысымен, сондай-ақ халықтың тұрмыс деңгейі жақсаруы нәтижесінде ішкі сұраныстың артуымен сипатталды. Қазақстан ТМД елдері арасында бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатарға шықты.

ҚР Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Жолдауында әлемдегі бәсекеге қабілетті ең үздік елу елдің қатарына қосылу міндеті қойылды. Әлеуметтік-экономикалық даму жетістіктері Қазақстанға ұзақ мерзімді, ауқымды міндеттерді белсенді шешуге және халықаралық деңгейдегі әрекеттерін кеңейтуге мүмкіндік берді.

Мақсаты мен міндеттері

Курстық жұмыстың мақсаты — ел дамуының стратегиялық бағыттарын айқындау, оларды талдау және болашақтағы оң нәтижелерге қол жеткізу жолдарын саралау.

Курстық жұмыстың мақсаты

Ел дамуының стратегиясын айқындап, оны талдау арқылы болашаққа бағытталған тиімді шешімдер мен жетістікке жеткізетін жолдарды негіздеу.

Курстық жұмыстың міндеттері

  • Экономикалық өсудің мәнін ашу.
  • Ел болашағын жоспарлау және даму бағдарын айқындау.
  • Экономикалық даму стратегиясын жетілдіру кезеңдерін нақтылау.