Түйе табан оюының салу жолдарын көрсету
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға ою-өрнек элементтерін салу тәсілдерін үйрету, сондай-ақ балалардың ою-өрнектерді бейнелеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың көрнекілігі
- Ою-өрнектер бейнеленген репродукциялар мен ашықхаттар.
- Ә. Марғұланның «Қазақтың сәндік-қолданбалы өнері» кітабындағы репродукциялар.
- Қ. Арғынбаевтың «Қазақтың қолөнері» кітабындағы репродукциялар.
Сабақтың барысы
1) Кіріспе түсіндіру
Ою-өрнектердің түрлері туралы түсінік беріледі. Өсімдік тектес, жан-жануар бейнелі, аспан әлеміне қатысты және геометриялық пішіндерге ұқсас оюлар көрсетіледі.
Негізгі ұғым: «Түйе табан» ою-өрнегі түйенің табаны мен оның ізінің ізіне ұқсас екені түсіндіріледі.
2) «Түйе табан» оюын салу тәсілін көрсету
«Түйе табан» ою-өрнегін салу жолдары мұғалімнің көрсетуі арқылы түсіндіріледі. Көрнекілік ретінде суреттері бар таблица қолданылады.
Салу кезеңдері
- 1 Қағаз бетіне композицияны дұрыс орналастыру.
- 2 Төртбұрыш сызу және оны көрсетілген пропорциялық қатынасқа сай төрт бөлікке бөлу.
- 3 Екі шеңбер сызу және оларға қосалқы бөлшектерді түсіру.
- 4 Ою элементін бір түспен, ал фонын басқа түспен бояу.
3) Оқушылардың жұмысына жетекшілік
Салу жолдары көрсетілгеннен кейін оқушылар осы бірізділікпен жұмыс орындайды. Мұғалім бейнелеу жұмысы барысында әрбір балаға жеке көмек көрсетеді.
Жұмыс басталған соң тақтада ілулі тұрған таблица алынады. Оқушылардың жұмыстарында жиі кездесетін ортақ қателер анықталып, оларды түзету тәсілдері тақтада қосымша бейнелеу арқылы түсіндіріледі.