Саламатсыңдарма балалар
Білім саласының мазмұны
Қатынас · Шығармашылық
Білім бөлімдері
Тіл дамыту
Көрнекіліктер
Үнтаспа, үлгі суреттер
Әдіс
Сұрақ–жауап, ойын, көрініс
Мақсаты
- Үй жануарлары туралы түсінік беру.
- Үй жануарларының төлдерінің атауын дұрыс атай білуге үйрету.
- Үй жануарларының аттарын және олардың беретін пайдасы туралы білімдерін бекіту.
- Үй жануарларына қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.
- Сөздік қорын молайту және тілдің белсенді қызметін арттыру.
Сабақтың барысы
Балалармен амандасу, жыл мезгілін қайталау, үй жануарларын таныстыру және шығармашылық тапсырмалар арқылы білімді бекіту.
Негізгі тақырып
Үй жануарлары және олардың төлдері
1) Сәлемдесу
Арайлап таң атты,
Алтын сәуле таратты.
Жарқырайды қаламыз,
Жайнай түсті даламыз.
Қайырлы таң, балалар!
Қайырлы таң, апайлар!
2) Жыл мезгілі туралы әңгіме
Сұрақтар
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктемде ауа райы қандай болады?
- Көктем туралы кім тақпақ біледі?
- Көктем мезгілінде қандай мерекелер болады?
Тәрбиешінің түсіндірмесі
Көктемде ауа райы жылынады. Ағаштарымыз жасыл көйлек кигендей құлпырып, табиғат жаңара түседі.
3) Үй жануарларымен танысу
Тәрбиеші үй жануарлары туралы жұмбақ жасырып, суреттер арқылы жануарларды және олардың төлдерін таныстырады.
Суретпен жұмыс
- Жануарлардың атын ата.
- Төлдерін ата.
Ойын
«Енесін тап!»
Балалар төлдерді өз енесімен сәйкестендіреді.
Сергіту сәті
«Шөре, шөре»
Қимыл-қозғалыс арқылы көңіл-күйді көтеру.
4) Көрініс
Тақырыбы: «Мақта қыз бен мысық»
Балалар ертегілер әлеміне қысқаша саяхат жасап, рөлдік әрекеттер арқылы оқиға желісін бейнелейді.
5) Сюрприз сәті
Есік қағыладыАуылдан әже келеді
Әже: «Сәлеметсіңдер ме, балалар?»
Тәрбиеші: «Балалар, әжеміз ауылдан қонаққа келіпті. Амандасайық, төрге шақырайық.»
Балалардың тақпақтары
Абылай
Құлыншағым — құндызым,
Құлдырайды, шабады.
Жылтылдаған жұлдызым,
Құстай қанат қағады.
Шұғыла
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүнің үлбіреп,
Қарасам, көз тоймайды.
Нұрсұлтан
Шөре-шөре, лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме, деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың.
Мейірім
Момақаным менің,
Маңырама, төлім.
Тойғызады кешке
Енең келіп сенің.
Әже: «Рахмет, балалар. Үй жануарлары туралы жақсы тақпақтар біледі екенсіңдер. Ал осы жануарлардың қалай дыбыстайтынын тани аласыңдар ма?»
Тәрбиеші: «Әрине, балалар бәрін біледі!»
Тәрбиеші балаларды мадақтайды.
Әже: «Жарайсыңдар! Ауылдан сыйлық әкелдім. Сабақ біткен соң таратып беремін.»
6) Санамақ
Кел, санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Басбармағым — алғашқы,
Балаң үйрек — жалғасы,
Ортан терек — кезекші,
Шылдыр шүмек — көмекші,
Шынашағым — балапан,
Бәріне ортақ — алақан.
7) Ән-күй бөлімі
Сәлемдесу
Музыка сабағындағы қысқа сәлемдесу рәсімі орындалады.
Ән
«Қошақан»
Балалар әнді бірге орындайды.
Қорытынды сұрақтар
- Балалар, қандай жануарлармен таныстық?
- Төлдерін білеміз бе?
- Сиырдың төлін қалай атаймыз?
- Бұзау қалай дыбыстайды?
- Оларды қалай шақырамыз?
- Сиырдан біз не аламыз?
Нақты жауаптар (үлгі)
Сиырдың төлі: бұзау.
Дыбыстауы: «мө-мө».
Шақыру: «ауқал».
Пайдасы: сүт, қатық, ірімшік.
Сұрақ–жауап әдісі арқылы оқу іс-әрекеті қорытындыланады.
Күтілетін нәтиже
Біледі
- Үй жануарларының аттарын атайды.
- Үй жануарларының төлдерінің аттарын ажыратып, дұрыс атайды.
Қалыптасқан түсініктер
- Жұмбақ, тақпақ, мақал-мәтелдер арқылы жаңа мәлімет алуға болатынын түсінеді.
- Үй жануарларының адамға пайдасы бар екенін және оларға қамқор болу қажеттігін ұғынады.
Ескерту: Сабақ соңында әженің сыйлығы балаларға таратылады, қоштасу рәсімі жасалады.