Шань солтүстік



Salicaceae Lindl тұқымдасы Дипломдық жұмыс

                                             Мазмұны 

Кіріспе

1  Ботаникалық  зерттеу  тарихы

2  Аудандық  физикалық  және  географиялық  табиғи  жағдайы

3  Материал  және  зерттеу  әдістері

4  Salicaceae  Lindl  тұқымдасының  конспектісі

5 Salicaceae  Lindl  тұқымдасының  қазіргі  жағдайы  және  оның    экологиясы

5.1  Таксономиялық  талдау

5.2  Экологиялық  талдау

5.3  Тіршілік  формаларына  талдау

5.4  Географиялық  талдау

6   Бағалы,  шаруашылық   маңызды  өсімдіктер

Қорытынды

Пайдаланылған  әдебиеттер  тізімі 

Кіріспе

        Жұмыстың  жалпы  сипаттамасы: Жұмыс  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Төлеби  ауданындағы  Salicaceae  Lindl  тұқымдасының  қазіргі  таңдағы  жағдайын  анықтап,  құрамын  түптеп – түгендеу,  оның  конспектісін  түзуге,  сонымен  қатар  оларға  таксономиялық,  экологиялық,  ареалдық,  жүйелік  талдау  жасай  отырып,  туыс  түрлерінің  шаруашылық  маңызы  мен  қорғау  іс —  шараларын  қарастыруға  арналған.

Тақырыптың  өзектілгі:

       Зерттеу  жұмысының  мақсаты  мен  міндеттері:  Зерттеу  жұмысының  мақсаты  Төлеби  ауданы  Salicaceae  Lindl  тұқымдасының  түрлік  құрамын  анықтау,  қазіргі  таңдағы  жағдайын  белгілеу,  конспектісін  түзу  және  таксономиялық,  экологиялық,  биоморфологиялық,  географиялық  талдаулар  жасай  отырып,  тұқымдас  түрлерінің  шаруашылық  маңызын  айқындау.  Осы  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін  мынадай  міндеттер  алға  қойылды:

—         Гербарий  жинау  және  өңдеу:

—         Salicacea  Lindl  тұқымдасының  конспектісін  түзу.  Соның  негізінде  таксономиялық,  жүйелік,  экологиялық,  биоморфологиялық,  географиялық  тұрғыдан  талдау  жасау:

—         Тұқымдастың  шаруашылық  маңызды  өсімдіктерін  анықтау:

Осы  жұмыстарды  орындау  үшін  ізденіс  материалдары,  яғни  гербарий  үлгілері   2006 – 2008  жылдары  жиналды.  Қазіргі  таңда  ол  материалдар  М. Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік  университеті    Биологияны  оқытудың  әдістемесі  мен  теориясы   кафедрасы  мен  Сайрам —  Өгем  мемлекеттік  ұлттық  табиғи  саябағының  “Ғылым  ақпарат  және  мониторинг”  бөлімінде  сақтаулы.

         Зерттеу  жұмысының  ғылыми  жаңалығы:  Алғаш  рет  Оңтүстік  Қазақстан  облысы,  Төлеби  ауданының  Salicaceae  Lindl   тұқымдасының  15  түрлік  құрамы  анықталып  конспектісі  түзілді.  Тұқымдасқа  экологиялық,  флористикалық  жан – жақты  талдау  жұмыстары  жүргізілді.  Негізгі  түрлерінің  таралуы  анықталынып,  шаруашылық  маңызды  өкілдері  белгіленді.

        Жұмыстың  теориялық  және  практикалық  маңызы:  Қорғауға  ұсынылған  материалдарды  биология  және  экология  мамандығы  бойынша  жоғары  оқу  орындарының  студенттері,  табиғат  қорғау,  сақтандыру  мамандары,  сондай – ақ  ұлттық  саябақ  пен  мемлекеттік  қорық  қызметкерлері,  орта  мектеп  мұғалімдері  мен  оқушылары  пайдалана  алады.  Тұқымдас  конспектісі  ауданның  экология  паспортын  құрастыру  мен  ластану  денгейін  анықтауға  қолданылуы  мүмкін.

     Диплом  жұмысы  бойынша  жарияланған  мақалалар.

     Дипломдық  жұмыстың  көлемі  мен  құрылымы.  Жұмыс  бет    көлемінде  компьютерде  терілген.  Сонымен  қоса  кесте  және           суреттен  көркемделген.  Еңбекте  кіріспе,  6  тарау,  қорытынды  және  жалпы  саны         әдебиеттер  берілген.

Батыс  Тянь  —  Шань  солтүстік  —  батыстан  оңтүстік  —  шығысқа  қарай  750  км  созылып  жатыр.  Ең  енді  келетін  жері  орталық  бөлігінде  оңтүстік  —  батыстан  солтүстік  —  шығысқа  қарай  300  км  алып  жатыр.

Батыс  Тянь – Шань  Евразия  материгінің  орталығында,  мұхиттар  мен  теңіздерден  алыста:  Үнді  мұхитынан  3000  км,  Солтүстік  мұзды  мұхиттан  —  4000 км,  Тынық  мұхиттан  —  4500  км,  Атлант  мұхитынан  —  8000  км  дерлік  қашықтықта  орналасқан.  Қара  теңізге  дейін  3500  км,  Каспийге  дейін  2500  км  және  Арал  теңізіне  дейін  800  км  болады.

Географиялық  координаты:  шығыс  бойлықтың  68 – 75  градусы  және  солтүстік  ендіктің  40 – 45  градусы.  Осы  аймақтың  аумағына  Орталық  Азияның  биік  қыраттарының,  бір  бөлігі,  Тұран  жазығына  сұғынып  жатқан  Тянь – Шаньның  солтүстік  —  батыс  бөлігі  кіреді.

Өңір  өзен  арналарымен  тілімденген.  Неғұрлым  үлкен  өзендері:  Бадам,  Ақсу  Жабағылы  салаларымен  Арыс  өзені;

Жоталардың  баурайларынан  ағып  шығатын  өзендердің  барлығы  дерлік  егін  суғару  үшін  пайдаланылады.

Батыс  Тянь – Шаньда  қар  сызығы  3700 – 4000  м  биіктікте  өтеді,  бұл  климаттың  жалпы  құрғақтығына  байланысты.  Жоталардың  көпшілігінің  биіктігі  аталған  сызыққа  жетпейтіндіктен,  мұнда  жалпы  мұз  басу  Тянь – Шаньның  биік  орталық  бөлігіне  қарағанда  көп  емес.  Соңғы  он  жылдықтарда  Тянь – Шаньда  мұздықтардың  азаюы  байқалады.  Олардың  неғұрлым  майдалары  жойылып  кетті.  Тау  мұздықтарының  кемуі  аймақтың  экологиялық  жағдайына  теріс  әсер  етеді,  өйткені  мұздықтарда  атмосфералық  ылғалдың  негізгі  бөлігі  жиналады.

                                                    Климат 

Батыс  Тянь – Шань  —  Тянь – Шань  —  Алай  тау  жүйесінің  ең  шеткі  бөлігі  және  Мойылқұм  мен  Қызылқұм  шөлдеріне  терең  сұғынып  жатыр.  Өзінің  шеткі  орнының  және  көптеген  негізгі  жоталарының  бойлық  бойымен  орналасуының  арқасында,  олар  Атлант  мұхитынан  ылғал  әкелетін  ылғалды  ауа  масаларын  өз  баурайларында  ұстап  қалады.  Батыс  Тянь  — Шань  Тянь – Шаньның  ең  ылғалды  әрі  жылы  бөлігі.  Мұнда  жекелеген  жоталарда  жылына  1000  —  1500 мм  жауын – шашын  түседі.  Жауын – шашынды  күндер  саны  үш  айға  дейін  жетеді,  ал  іргелес  жатқан  шөлдерде  бұл  небәрі  10 – 15  күнді  ғана  құрайды.  Өңірдің  көп  бөлігінде  қаңтардың  орташа  температурасы  — 15°  тан  төмен  болмайды,  орта  және  төменгі  тау  белдеуінде  — 10 және – 3 — 5°С тан  түспейді.  Температура  мен  ылғалдың  салыстырмалы  қолайлы  режимі  органикалық  өмірдің  алуандығын  туғызады.

Таулы  және  су  жайылатын  жердегі  қылқанды  және  жапырақты  ормандардың  түр  алуандығы  Тянь – Шань  және  осы  ендіктегі  өзге  тау  жүйелері  үшін  теңдессіз.  Бүкіл  Азияда  аумағы  жағынан  шамалас,  бірақ  әртүрлі  ормандар  осылай  жақын  көрші  орналасқан  жер  табылмайды.  Олардың  бірі  суық  Солтүстік  желдерінен  жоталар  арқылы  қорғалып,  мұз  басу  дәуіріне  дейінгі  кезеңнен,   үштік   уақыттан  бері  сақталған.  Ормандардың  алуандығы  мен  бұрынғы  кезеңдердің  өзге  де  реликтілілері  өңірдің  тірі  табиғатына  айрықша  өзгешелік  береді.  Тау  түзілуі  кезінде  бұрынғы  жазық  жерлердің  біртіндеп  үлкен  биіктікке  көтерілуі,  бір  жағынан,  оларды  мекен  еткен  топтардың  өзгеруіне,  екінші  жағынан  —  жекелеген  топтардың  белгілі  бір  концервациялауына,  яғни  олардың  жазықта  қалған  туыстары  мен  салыстырғанда  дамуының  тежелуіне  әкелді.

Тау  етегіндегі  жазықтар  мен  жоталардың  бүгінде  елді  мекендер,  антропогендік  экожүйелер  немесе  күшті  бұзылған  жерлер  алып  жатыр,  бұл  Батыс  Тянь – Шаньға  салыстырмалы  оқшау,  аралдық  сипат  береді.  Сырдария  мен  Талас  өзендерінің  аңғарларынан  Тянь – Шаньның  таулы  ормандары  мен   қарлы  шыңдарына  дейінгі  табиғи  экожүйелердің  бұрынғы  біртұтас  кешені  қазіргі  кезде  жасанды  мәдени  ландшафтармен  бөлінген.

Таулы  рельеф  ылғал  мен  қамтамасыз  етіп,  солтүстік  желдерден  қорғап  ғана  қоймайды,  сондай – ақ   адам  әрекетінің  табиғат  жүйелеріне  тигізер  әсерінің  шамадан  тыс  өсуін  тежейді.  Күшті  тілімденген  рельеф  табиғи  экожүйелерді  сақтаумен  сыйыспайтын  егіншіліктің  дамуын  шектейді.  Тау  ежелден  көшпелі  мал  шаруашылығының  жайылымы  болып  келеді.  Көшпелілер  көптеген  ғасырлар  бойы  жайылымдарды  тұрақты  пайдалану  тәсілдерін  қолданып  отырды,  сондықтан  экожүйелер  белгілі  бір  өзгеріске  ұшырағанымен  негізінен  сақталды.  Өңірдің  биоалуандығына  елеулі  қауіп  өткен  ғасырда,  әсіресе  оның  екінші  жартысында  пайда  болды,  яғни  бұл  кезеңге  қарай  бұрынғы  көшпелі  мәдениет  жойылып,  мал  санымен  мал  бағу  әдісі  шөп  және  орман  экожүйелерінің  сақталуымен  сәйкес  келмеді.  Оның  үстіне  осы  өңірдегі  халық  санының  ерекше  өсуі  де  өз  әсерін  тигізбей  қоймады.  Бұл  жыртылған  жердің,  жол  желісінің,  елді  мекендердің,  көбеюінен,  өнеркәсіптің,  оның  ішінде  кен  өндірісінің  дамуынан  көрінді.  Нәтижесінде  барлық  табиғи  экожүйелердің  жағдайы  күрт  төмендей  бастады.

Кіріспе

Оңтүстік  Қазақстан  облысы  —  Қазақстанның  кереметтей  бай  флористикалық  аймағы.  Толық  емес  деректер  бойынша,  оның   территориясында  өсімдіктердің  3000  нан  астам  түрлері  өседі.  Олардың  300 – і  сирек  кездеседі  және  жоғалып  кетуге  таяу.  Сонымен  бірге,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  эндемдік  және  реликт  өсімдіктерге  өте  бай,  олардың  тіршілігін  зерттеу  осы  аймақтың  флора  тарихын  талдау  үшін  өте  маңызды.  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  өсімдіктер  әлемі  адамзаттың  шаруашылық  іс —  әрекеті  үшін  ресурс  көзі  болып  табылады  және  бұл  түсінікті  де,  өйткені  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  территориясы  көне  түркі  және  иран  тілдес  халықтардан  бастап  жер  өңдеу  мен  мал  шаруашылығы  өркениетінің  дамуының  алғашқы  территорияларының  бірі  болып  табылады.  Осылайша,  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  ландшафтық  өсімдіктер  қауымдастығының  негізгі  бөлігі  антропогенді  стресске  ұшырады  және  осының  күшімен  флористикалық  және  ценотикалық  толық  емес  болып  табылады  және  бүгінгі  күні  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  қалалары  мен  ірі  халық  тығыз  орналасқан  пункттері  сақталған  қарқынды  мол  шаруашылығымен  сипатталады,  өйткені  халықтың  көпшілігі   мал  ұстайды.

Тек  Оңтүстік  Қазақстан  территориясында  ғана  жоғарыда  аталған  ежелгі  реликтік  және  эндемикалық  өсімдік  түрлерінің,  сондай – ақ  кереметтей  өсімдіктер  қауымдастығы  —  арша  орманы,  жабайы  жеміс  өсінділері  Регель  алмұрты,  Сиверс  алмасы,  Недзведск  алмасы,  жабайы  жүзім,  жоғары  сәндік  өсімдіктердің  өскен  жерлері  сақталған  мұның  барлығы  Қазақстанның  өсімдіктер  әлемінің  алтын  қорын  құрайды.

Жоғарыда  аталғандардың  барлығы  үлкен  қызығушылық  туындатады  және  облыстың  өсімдіктер  әлемінің  генофондын  сақтау  бойынша  іс   жүзіндегі  шараларды  қабылдауды  талап  етеді.  Қазіргі  уақытта  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  флорасының  сирек  кездесетін  түрлерінің  белгілі  санын  мемлекет  сақтап  отыр,  өйткені  олар  Қазақстанның  Қызыл  кітабына   ендірілген.  Шындығында,  оларды  қорғаудың  нақты  жолдары  әлі  қарастырылмаған.  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  өсімдіктер  әлемінің  жай  —  күйін  болжау  проблемасы   биологтар  үшін  маңызды  шешімін  таппаған  проблемма  болып  табылады.  Бұл  үшін  облыстың  өсімдіктер  әлемінің  қазіргі  уақыттағы  жай  —  күйін  білу  қажет.  Бұл  проблеммаларды  шешу  түрлердің  жүйелі  бірізділігі,  оларды  синонимикасы,  өсетін  орны,  ареалы,  шаруашылық  пайдалану  мүмкіндігі,  сондай – ақ  түрдің  кездесу  сиректігі  жөнінде  мағлұмат  беретін  Оңтүстік  Қазақстан  обылысы  аймақтың  флористикалық  кадастырын  құрастыруға  мүмкіндік  беруі.

       Оңтүстік  Қазақстан  облысының  табиғи  жағдайлары.

     Жер  бедері  жөнінен  Оңтүстік  Қазақстан  облысы  негізінен  жазық  келеді.  Көпшілік  жерлерін  Тұран  ойпатының  шығыс  бөлігі  алып  жатыр.  (орташа  биіктігі  200  —  300м).  Оңтүстік  шығысын  және  орталық  бөлігін  Талас  Алатауының  батыс  сілемдері,  Қаржантау   (орташа  биіктігі  2800м),  Өгем  (орташа  биіктігі  4000м)  жоталары  мен  Қаратау  қамтиды.  Жазық  өңірі  солтүстігінде  Бетбақдала  мен  Мойынқұм,  оңтүстік  батысында  Қызылқұм,  оңтүстігінде  Мырзашөл,  Шардара  даласынан  құралады.  Геологиялық  құрылысы  жөнінен  облыстың  көпшілік  жері  Тұран  плитасының  құрамына  кіреді.  Жазық  өңірі  негізінен  кембрийлік,  девондық,  карбондық  жыныстардан  (Құмтас,  Тақта  тас,  әк  тас),  таулы  бөлігі  төменгі  палеозойлық  жыныстардан  (Құмтас,  гранит,  конгломерат,  жоталар  аралық  ойыстар  девонның  қызыл  түсті  шөгінділеріне  толған)  түзілген.  Облыс  қойнауы  пайдалы  қазбаларға  бай:  мұнда  полиметал  рудалары,  қоңыр  көмір  қабаттары,  мәрмәр,  отқа  төзімді  және  кварцты  құмдар  шоғыры,  жерасты  және  грунт  суларының  қорлары,  әртүрлі  құрылыс  металдары  кездеседі.  Климатында  тым  континенттік  құбылыстар  басым  байқалады.  Жер  бетіне  ылғал  мөлшері  ауаға  булану  және  топыраққа  сіңу  мөлшерінен  кем.  Әсіресе  солтүстік  жағында  қуаңшылық  жиі  сезіледі.  Январьдың  орташа  температурасы  солтүстігінде  — 9°С,  оңтүстігінде  — 2°С.  Қысы  қысқа,  қар  жамылғысы  жұқа  және  тұрақсыз  болады.  Жылымық  құбылысы  көбірек  байқалады.  Шілде  айында  ауаның  орташа  температурасы  22 — 24°С.  Жазы  ыстық,  қуаң  келеді.  Жауын  —  шашынның  жылдық  орташа  мөлшері  150  —  650мм:  Солтүстігіне  ойысқан  сайын  бұл  мөлшер  кеми  (100 – 120мм –ге  дейін)  түседі,  тауда  1000мм –ге  көбейеді.  Вегетациялық  кезең  215 – 265  күндей.  Жер  беті  ағын  суы  Сырдария  және  Шу  алаптарына  жатады.  Ірі  өзендері  —  Сырдария  және  бұның  оң  салалары  Келес,  Арыс.  Облыстың   солтүстік  жағын  Шу  өзенінің  төменгі  ағысы  қамтиды.  Өзендерінің  көпшілігі  әсіресе,  Қаратау  беткейлерінен  басталатындары,  егін  суаруға  мол  пайланылады.  Басты  көлдері:  Тұзқан,  Ақжар,  Ақжайқын,  Қызылкөл,  Сырдария  өзені  ағынын  реттеу  үшін  Шардара  бөгені  және  Бөгенмен  Арыс  суын  тиімді  пайдалану  мақсатында  Бөген  бөгені  салынған.  Жазық  бөлігі  сұр  және  тақырлық,  таулы  өңірі  қоңыр,  қара  және  шалғындық  Сырдария  аңғары  аллювилік  топырақта  келеді.  Жазық  және  ойпаң  жерлерінде  шөлейттік  далалық  өсімдік  жерлерінде  шөлейттік – далалық  өсімдік  түрлері,  құмды  және  сортаң  өңірлерінде  сексеуіл,  жүзгін, бұйрығын,  Сырдария, Шу  аңғарларында  шалғындық  өсімдік,  тоғай,  тау  беткейлерінде  альпілік  шалғын,  грек  жаңғағы,  алма,  алмұрт  т.б  өседі.  Орманды  алқабы   482 мың  га.  Табиғи  өсімдік  жамылғысын  және  жануарлар  дүниесін  сақтау  үшін  Талас  Алатауының  батыс  және  солтүстік  батыс  сілемдерінде  Ақсу  —  Жабағылы  қорығы  ұйымдастырылған.

2.  Ауданның  физикалық  және  географиялық  жағдайы

Қаржантау  жотасы  оңтүстік  —  батыс  Тянь —  Шань  провинциясына  кіреді.      Ол  Талас  Алатауы  тау  жоталарынан  оңтүстікке  қарай  орналасқан.

Қазақстанға  Қаржантау, Өгем  жоталары  және  Піскем  жотасының  солтүстік  баурайы  жатады.

Барлық  жоталарға  палезой  жыныстарынан  тұратын  тік  баурайлы  терең  тілімденген  рельф  тән.  Ізбес  сланец  пен  кварциттер  кең  тараған.

Қаржантау  жотасы  Келес  салаларын  Өгем  өзенінің  аңғарынан  бөліп  жатыр.  Жотаның  оңтүстік  —  батыс  баурайы  қысқа  және  өте  тік  солтүстік  батысы  жайпақ,  Қаржан,  Жегірен  және  т,б  өзендердің  аңғарларымен  бөлінген.  Оның  орташа  биіктігі  2000м,  ең  биік  нүктесі – Мыңбұлақ  тауы – 2834м.  Жотаның  қыры  жазық  келген, шығуға  жеңіл.

Климат  жағдайы

    Қаржантау  жотасы  Тянь – Шаньның  шөлге  жақын  орналасқан  оңтүстік  —  батыс  шеті  болып  табылады,  бұл  оның  климатының  негізгі  белгісі – континентальдылықты  анықтайды.  Ол  қыс  пен  жаздағы,  күн  мен  түндегі  ауа  температурасының  үлкен  ауытқуларынан  көрінеді.

Батыстан  келетін  атмосфералық  процестер  басты  ықпал  жасайды,  ал  Талас  Алатауының  биік  жоталары  желдің  солтүстіктен  соғуын  қиындатады.  Жауын – шашын  негізінен  қыс  пен  көктем  мезгілінде  түседі,  жазы  құрғақ  әрі  ыстық  болып  келеді.  Тек  биік  жоталарда  ғана  жазда  жауын —  шашын  түсу  сақталады.

Қыс  онша  суық  емес,  қаңтардың  орташа  температурасы  тау  маңайында  — 3  — 7°С.  Қар  жамылғысы  тұрақсыэ,  оның  қалыңдығы   20 см  аспайды. Көктем  жауынды  және  жылы.  Жазы  құрғақ  және  ыстық, ауа  температурасы  +35 — 40°С —  қа  жетеді. Бұл  әсіресе  шілде,  тамыз  айларына  тән.

      Топырақ   жамылғысы.

Оңтүстік —  Батыс  Тянь —  Шаньға  кіретін  Қаржантау  жотасы  топырақ  қабаты  жағынан  Тұран  фасциясына  жатады.  Оңтүстік  — Батыс  Тянь – Шаньның  төменгі  бөлігін,  шамамен  1000 – 1200м  биіктікке  дейін  сұр  топырақ  алып  жатыр.

Тау  етегіндегі  жазықтарда  ашық  түсті  сұр  топырақ  тараған. Шамамен  300 – 400 м  биіктікте  ол  кәдімгі  сұр  топырақпен  алмасады,  оның  өзі  600 -700 м  биіктікке  күңгірт  сұр  топыраққа  ауысады. 1000 – 1200 м  биіктікте  сілтілі  сұр  топырақ  деп  аталатын  топырақ  белдеуі  жатыр.  1400 – 2000 м  биіктектегі  тау  баурайларының   неғұрлым  ылғалды  учаскілерінде  қоңыр  топырақ  кездеседі. Субальні белдеуін  тау – шалғын – далалық  қоңыр  топырақ  алып  жатыр.

Қаржантау  жотасы  Батыс  Тянь – Шань  тауларының  алдыңғы  батыс  тізбегін  құрайды.  Осы  таулардың  құрамдас  бір  бөлігі  ретінде  Төлеби  ауданы  Salicaceae  Lindl тұжымдасының  ағаш – бұталы  флорасы  зерттелді.

Батыс   Тянь – Шань  солтүстік  —  батыстан  оңтүстік – шығысқа  қарай  750км – ге  созылып  жатыр. Ең  енді  келетін  жері  орталық  бөлігінде  оңтүстік – шығысқа  қарай    300 км – ді  алып  жатыр.

Батыс  Тянь – Шань  Евразия  материгінің  орталығында,  мұхиттар  мен  теңіздерден  алыста:  Үнді  мұхитынан  3000 км,  Солтүстік  мұзды  мұхитынан  —  4000 км ,  Тынық  мұхитынан – 4500 км ,  Атлант  мұхитынан – 8000 км  дерлік  қашықтықта  орналасқан. Қара  теңізге  дейін  3500 км ,  Каспийге  дейін  2500 км  және  Арал  теңізіне  дейін  800 км  болады.

Географиялық  координаты:  шығыс  бойлықтың  68 — 75°.  Осы  аймақтың  аумағына  Орталық  Азияның  биік  қыраттарының  бір  бөлігі,  Тұран  жазығына  сұғынып  жатқан  Тянь  —  Шаньның  солтүстік – батыс  бөлігі  кіреді.

Ботаникалық  көзқарас  бойынша,  Salix  —  симпадиальды  бұтақтану  тән,  екі  үйлі,  жапырақ  түсіретін  фанерофиттер  болып  саналады.  Талдарды  комплексті  (кешенді)  зерттеумен  ерекше  ғылым  —  соликология  айналысады.

Экологиялық  —  биологиялық  белгілеріне  сәйкес  Salicacea  тұқымдасының  жақын  түрлері  29 секцияға,  ал  жақын  секциялар  эволюциялық – морфологиялық  белгілері  бойынша  3 түр  асты  туысқа  бірігеді.:  Salix,  Vetrix,  Chamaetia.  Salix  туысы  Populus  және Chosenia  туыстарымен  бірге  Dicotyledoneae  класына,  Archichlamydeae  класс  асты  тармағына,  жалғыз  типті  Salicales  қатарына,  Salicaceae  тұқымдасына  бірігеді.

Көпшілік  өкілдері  Солтүстік  жарты  шардағы  Голарктикалық  флористикалық  ауданда  қоңыржай  климатты  жерлерде  өседі.  Salix  пен  Populus  түрлерінің  әркелкілігі  Шығыс  Азия  обылыстарында  жиі  байқалады,  аздаған  түрлері  Атлант  —  Солтүстік  Америкалық  облыстарда,  онан  да  аз  түрлері  Европада  кездеседі.  Жекеленген   түрлері  Солтүстік  Африка  мен  Оңтүстік  Америкада  ұшырасады.  Тұқымдастың  кейбір  түрлері  қиыр  солтүстікте  жерге  төселіп  өсетін,  аласа  формалар  (карликовая)  түзеді.   Республика  аумағында  Populus – тың  15 түрі  (Винтерголлер  1976) ,  Salix – тің  65 – ке  жуық  түрі  (Бессчетнов, 1981)  бар  екендігі  туралы  мәліметтер  берілген.

Эволюциялық  даму  тұрғысынан  қарағанда,  талдар  —  өздеріне  тән  көптеген  морфологиялық  қасиеттерді  жинақтаған  ағаш  тәрізді  өсімдіктердің  табиғи  тобы  болып  табылады.

Антропогендік  факторлардың  кері  әсері  өсімдік  жамылғысында,  әсіресе  қалпына  келуі  қиын  және  ұзаққа  созылатын  ағаштар  мен  бұталарда  неғұрлым  айқын  білінетіндігі  белгілі.  Мұндай  процесс  таулы  аймақтарда  айқын  байқалады.

Salicaceae  тұқымдасының  ең  үлкен  туысы  —  тал  (Salix).  Олар  тундрадан  шөлге  дейінгі  аймақтардың  барлығында  кездеседі.  Тундрада  және  орманды  тундрада,  субальпілік  және  альпі  белдеулерінде  Salix  негізгі,  кей  жерлерде  доминантты  роль  атқарады.


Ұқсас жұмыстар
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы
Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
Ақшаның формалары
Жүйелік тақшаның эволюциясы
Жасушаның химиялық құрыдысы туралы
Қазіргі Қазақстан Республикасының экономикадағы ақшаның ролі
Ақшаның номиналистік теориясы


Көмек