Аудан арқылы Арыс және оның салалары
Жалпы мәлімет
Аумағы
2,7 мың км²
Халық саны
83,3 мың адам
Елді мекендер
59 (9 ауылдық округ)
Әкімшілік орталық
Темірлан ауылы
Ордабасы ауданының жер бедері негізінен жазық. Оңтүстік бөлігі солтүстігіне қарағанда біршама көтеріңкі, әрі Арыс өзенінің салалары әсерінен сай-жыраларға тілімденген.
Жер бедері және геология
Ауданның ең биік нүктесі Қайнар ауылының шығысында орналасқан және биіктігі 383 м.
Геологиялық құрылымы
- Жер қыртысы Тұран плитасының эпигерциндік құрылымынан түзілген.
- Бетін төрттік жүйенің аллювийлі шөгінділері жапқан.
- Мезозойға дейінгі қабаттар 1000–1500 м тереңдікте жатыр.
- Жер қойнауынан құрылыс материалдары барланған.
Климат ерекшеліктері
Климат континенттік: қысы қысқа әрі жұмсақ, жазы ұзақ, ыстық және аңызақты.
Қаңтар
−3…−5°C
Орташа температура
Шілде
26…28°C
Орташа температура
Жауын-шашын
200–380 мм
Жылдық орташа мөлшер
Жел және аңызақ
Жел көбіне шығыс және оңтүстік-шығыс бағыттан соғады. Орташа жылдамдығы 3–5 м/с. Желдің ықпалынан жазда гидротермиялық көрсеткіш төмендеп (0,3–0,4), ауа ылғалдылығы азаяды да аңызақ, құрғақ әрі ыстық кезең қалыптасады.
Су ресурстары
Аудан аумағы арқылы Арыс өзені және оның салалары — Боралдай (он саласы бар), Бөржар, Бадам, Шұбарсу және басқа өзендер ағып өтеді. Орталық бөлігінде Бөген бөгені салынған.
Каналдар
- Бөгеннен Арыс–Түркістан каналы тартылған.
- Бөгеннің оңтүстігін бойлай Арыс каналы жүргізілген.
Жер асты сулары
- Девон және таскөмір қабаттарында: 30–50 м тереңдікте.
- Грунт сулары: 3–8 м, кей жерлерде 8–12 м (палеоген-неоген қабаттарында).
Топырақ пен өсімдік жамылғысы
Топырақ түрлері
Топырақ жамылғысында карбонатты сұр және сортаңды бозғылт сұр топырақ басым. Өзен аңғарларында шалғынды сұр топырақ қалыптасқан.
Өсімдіктер
Негізгі өсімдіктері: қияқ, қоңырбас. Солтүстігінде бозжусан мен ши аралас эфемероидті өсімдіктер кездеседі. Дәрілік өсімдіктерден күрішқонағы, қара меңдуана, тұмаршөп және басқалары өседі.
Халық және қоныстану
Аудан халқы көпұлтты. Тұрғындардың басым бөлігі — қазақтар (94%). Халықтың орташа тығыздығы 1 км²-ге шаққанда 30,9 адам.
Ірі елді мекендер
Темірлан
12,7 мың адам
Төрткөл
6,3 мың
Бадам
5,1 мың
Бөген
4,2 мың
Қайнар
3,5 мың
Қарааспан
3,4 мың
Шұбар
3,4 мың
Қарақұм
3,2 мың
Экономика және ауыл шаруашылығы
1996 жылға дейін аудан аумағында 6 мақта, 1 көкөніс-сүт, 2 жүзім, 4 қой және 1 дәрілік өсімдік өсіретін кеңшар, 3 құс фабрикасы, сондай-ақ ауданаралық мал бордақылау бірлестігі жұмыс істеген. Нарық экономикасына көшу кезеңінде олардың негізінде ауыл шаруашылығымен айналысатын 1600-ден астам жеке шаруа қожалығы, 30-дан астам ЖШС, 130-дай ӨК және 2 АҚ қызмет етеді.
Жер ресурстары
Ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемі — 246,5 мың га.
Өндіріс көлемі (2003)
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері 5482,1 млн теңге көлемінде өнім шығарған, бұл облыс бойынша өндірістің 6,6%-ын құрайды.
Егіс құрылымы және мал шаруашылығы
Егіс алқабының құрылымы
- Дәнді дақылдар мен бұршақ — 37,0%
- Мақта — 24,8%
- Шитті мақтаның жалпы өнімдегі үлесі — 8,9%
Мал басы үлесі (облыс бойынша)
- Мүйізді ірі қара — 7,3%
- Қой мен ешкі — 5,9%
- Жылқы — 6,6%
- Құс — 9,1%
Өнеркәсіп
Ауданда 35 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуге маманданған. 2003 жылы өнеркәсіп өнімдері 1013,7 млн теңге көлемінде өндірілді. Соның ішінде 29,8 мың м³ табиғи құм мен қиыршық тас, сондай-ақ 15,6 мың м³ қыштан құйылған құрылыс кірпіші шығарылды.
Әлеуметтік инфрақұрылым
Денсаулық сақтау (2003)
- Аурухана 5
- ФАП 42
- Ауылдық отбасылық амбулатория 6
Білім беру
- Жалпы білім беретін мектеп 60
- Бала-бақша 2
Көлік және байланыс
Темірлан ауылынан Шымкент қаласына дейінгі қашықтық — 45 км. Аудан аумағы арқылы Шымкент–Қызылорда теміржолы және Шымкент–Түркістан–Қызылорда автомагистралі өтеді.