Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар

Жоспар

  1. Кіріспе — 3-бет
  2. I-тарау. Экскурсияның мәні және мазмұны — 4-бет
    1. Экскурсия түрлері, белгілері және олардың сипаттамасы — 4-бет
    2. Экскурсия түрлерінің пішіні мен топтары — 7-бет
    3. Саяхат барысындағы демалатын және түнейтін орындар — 11-бет
  3. II-тарау. Белсенді туристік саяхаттар — 15–16-бет
    1. Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы экскурсиялар — 15-бет
    2. Белсенді саяхаттың классификациясы және қиындық категориялары — 16-бет
  4. III-тарау. Жорықты ұйымдастыру — 20-бет
    1. Жорықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету — 20-бет
    2. Экскурсия жасаудағы кедергілер — 24-бет
  5. Қорытынды — 26-бет
  6. Қолданылған әдебиеттер тізімі — 28-бет

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі

Қазақстанда саяхаттап, аралап көретін көрікті жерлер өте көп. Сол себепті жорықтарға қатысып, таңғажайып орындармен танысуға, тамаша адамдармен кездесіп, әңгімелесуге, халықтардың салт-санасы мен дәстүрін тануға, еліміздің көне қалалары мен тарихи ескерткіштерін көруге ниет білдірушілер саны жыл сайын артып келеді.

Дегенмен, экскурсияға шығушыларды тек осы мүмкіндіктер ғана қызықтырады деу дұрыс емес. Экскурсияның танымдық қызметімен қатар, тәрбиелік, сауықтырушылық және спорттық қырлары да бар.

Қазақстанның ұшы-қиырсыз кең даласы саяхаттың сан алуан түрін дамытуға мол мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда белсенді тынығудың кең тараған түрлерінің ішінде саяхаттың болашағы зор екенін сеніммен айтуға болады.

Тарихи шолу

XVIII–XIX ғасырларға дейін экскурсиялар негізінен елдердің табиғатын, халқын, тарихын және шаруашылығын зерттеу мақсатында ұйымдастырылды. Уақыт өте келе экскурсияның мазмұны кеңейіп, оның білім беру және қоғамдық-мәдени маңызы күшейді.

Зерттеу мақсаты

Экскурсияның түрлерімен және олардың негізгі сипаттамаларымен танысу.

Зерттеу құрылымы

«Экскурсияның түрлері және белгілері» тақырыбындағы курстық жұмыс 2 бөлімнен және 7 бөлімшеден тұрады.

  • Бірінші бөлімде экскурсияның мәні, мазмұны және негізгі түрлері қарастырылады.
  • Екінші бөлімде белсенді туристік саяхаттардың ерекшеліктері талданады.

Жұмыс көлемі: 28 бет.