Қазақ тілі әдістемесі

Жоғары оқу орнында қазақ тілінің грамматикасын үйретудің әдістері

Бүгінгі таңда қазақ тілін білу — заман талабы екенін көпшілік жақсы түсінеді. Ақпараттық ғасырда студент меңгеруі тиіс оқу материалының көлемі өте үлкен, сондықтан тілді жүйелі әрі нәтижелі меңгерту үшін грамматиканың орны ерекше.

Адам өз ойын дәл әрі түсінікті жеткізу үшін грамматикалық дағдыны жақсы меңгеруі қажет. Қай тілді үйренсек те, сол тілдің грамматикасын толық игеру терең теориялық біліммен қатар, тұрақты практикалық жаттығуды талап етеді.

Негізгі ұстаным

Теориялық материалды міндетті түрде практикалық тапсырмалармен ұштастыру студенттің ойлау қабілетін дамытып, оқу-тәрбие үдерісінде тілдік дағдының орнығуына ықпал етеді.

  • Грамматиканы меңгеру — сөйлеу сауаттылығының негізі.
  • Практика — ережені қолдануға, қателікті түзетуге және коммуникативтік бағытты дамытуға мүмкіндік береді.
  • Оқытушыдан жаңа әдістерді, шығармашылық ізденісті және мақсатты ұйымдастыруды талап етеді.

Оқыту тәсілдерінің әртүрлілігі

Оқу барысында кейбір студенттер грамматикалық материалды компьютер арқылы әзірлегенді тиімді санайды, ал кейбірі оқулықтағы жазбаша жаттығуларды орындауды ұнатады. Әдіс-тәсілдер көп болғандықтан, төменде тәжірибеде жиі қолданылатын, нәтижесі байқалған жұмыс түрлері ұсынылады.

Грамматикалық тапсырмалар студенттің белсенділігін арттырып, жауапкершілік сезімін қалыптастырады. Сонымен бірге сабақта коммуникативтік бағыт күшейіп, қарапайым әрі дұрыс сөйлеуге мүмкіндік туады. Грамматикалық тапсырмалармен қатар шағын мәтіндермен жұмыс (түсіну, аудару, мазмұндау) байланыстырып сөйлеуді жетілдіреді.

Практикалық үлгі: септіктерді оқыту (Ілік септігі)

Септіктерді оқыту — студентті күнделікті өмірде тілдік бірліктерді дұрыс қолдануға үйретудің тиімді жолы. Мысалы, Ілік септігін түсіндіргенде теориялық мәлімет беріліп, тақырыпты бекіту үшін арнайы тапсырмалар орындатылады.

Ілік септікті сөздермен тіркесетін септеулік шылаулар

алды, арты, үсті, жаны, іші, шеті, сырты, басы, соңы, аяғы, ортасы, арасы, бойы, тұсы, түбі, қарсысы және т.б.

Мысалдар

Қазақша Орысша
үйдің алды перед домом
үстелдің үсті на столе
ғимараттың сырты снаружи здания
бөлменің ортасы середина комнаты
көшелердің арасы между улицами
даңғылдардың бойы вдоль проспектов
дәрісхананың қарсысы напротив аудитории
университеттің іші внутри университета

Тапсырма 1

Берілген сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз:

Перед домом, за зданием, на поверхности стола, около аудитории, возле библиотеки, в тетради (внутри), на краю стола, начало сочинения, конец фильма, середина комнаты, между кабинетами, вдоль проспекта Абая, вершина горы, у магазина, напротив университета, возле нашей улицы, напротив автовокзала, между улицами Алтынсарина и Баймагамбетова, внутри дома, снаружи бани, в середине книги, перед вокзалом, в конце урока.

Тапсырма 2

Берілген сөйлемдерді аударыңыз:

  1. 1.Их дом расположен перед Акиматом.
  2. 2.Внутри университета очень красиво!
  3. 3.Ее школа расположена между улицами Алтынсарина и Баймагамбетова.
  4. 4.Перед моим домом стоит большой продуктовый магазин.
  5. 5.Посреди комнаты лежит большой, красивый ковер.
  6. 6.Около дома мы посадили большое дерево.
  7. 7.Между двумя городами он ездит на автобусе.
  8. 8.Верхушка горы была в снегу.
  9. 9.Под столом лежали мои книги.
  10. 10.Около сотового телефона находились ее очки.

Шақ категориясын оқыту: тірек сызбалардың тиімділігі

Қазақ тіліндегі шақ категориясын оқыту барысында етістіктің шақ формаларының жасалу жолдарын ережені құр жаттатумен шектемей, тірек сызбалар арқылы түсіндіру тиімді. Тірек сызбалар ұсынылып, студенттер оларды дәптерге көшіріп, түсіндіру кезеңінде сол сызбаға сүйеніп жұмыс істейді. Ережеге қарағанда визуалды сызбалар ұзақ уақыт есте сақталады.

Әсіресе орыс тілді аудиторияда етістікті меңгерту күрделі болатындықтан, тірек сызбалар жақсы нәтиже береді. Студент шақ категориясын мұқият меңгерсе, кейін сөйлем құрастыруда еркіндігі артып, сөйлеуге тез төселеді. Тапсырмаларды жүйелі орындау арқылы тірек сызбалар біртіндеп есте сақталып, автоматтанған дағдыға айналады.

Әдістің күтілетін нәтижелері

  • Ережені жаттамай-ақ, үлгі бойынша сөйлем құрастыру мүмкіндігі артады.
  • Көру арқылы есте сақтау қабілеті дамиды, оқу мотивациясы күшейеді.
  • Аудару және сөйлеу барысында грамматиканы қолдану жеңілдейді.

Тапсырма 1

Сөйлемдерді аударып, етістіктің құрамын көрсетіңіз:

  1. 1.Мен хат жазып отырмын.
  2. 2.Сіз құжаттарды толтырып отырсыз.
  3. 3.Ол үлкен үйде қонақты күтіп отыр.
  4. 4.Біз сабақта бақылау жұмысын жасап отырмыз.
  5. 5.Сендер ұялы телефонмен сөйлесіп отырсыңдар.

Тапсырма 2

Берілген сөйлемдерді қазақ тіліне аударыңыз:

  1. 1.Я отправляю SMS-сообщение своей подруге.
  2. 2.Арман гуляет с друзьями.
  3. 3.Ты свободно говоришь на казахском языке.
  4. 4.Она ждет меня дома.
  5. 5.Мы пишем письмо своим друзьям в Астану.

Тапсырма 3

Көп нүктенің орнына етістіктерді қойыңыз:

  1. 1.Мен сабақ оқып … .
  2. 2.Абай оқу залында дайындалып … .
  3. 3.Сәкен хат жазып … .
  4. 4.Біз паркте әңгімелесіп … .
  5. 5.Тыңдаушылар сабақ жазып … … .
  6. 6.Біз үйімізде теледидар қарап … .
  7. 7.Баласы еденде ойнап … .
  8. 8.Мен диванда демалып … .
  9. 9.Сен қайдан көшіріп … .
  10. 10.Студенттер дәріс жазып … .

Жоғарыда ұсынылғандар — сабақ барысында жиі қолданылатын жұмыс түрлері. Қазақ тілінің грамматикасын жүйелі түрде бекіту үшін қосымша материалдарды кезең-кезеңімен енгізіп, тапсырмалардың күрделілік деңгейін біртіндеп арттыруға болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 1. Е. Нұрсіпбаев. Араб тілінің грамматикасын оқыту жолдары. Методика обучения иностранному языку, № 3, 2011, 22–27-б.
  2. 2. К. Есмамбетова. Ағылшын тілі грамматикасын үйретудің оңтайлы әдіс-тәсілдері. Методика обучения иностранному языку, № 3, 2011, 6–7-б.
  3. 3. Н. Мұхамадиева. Грамматиканы оқыту керек пе? Қазақ тілі әдістемесі, № 6, 2008, 11–13-б.
  4. 4. Ф. Сарманова. Етістіктің шақ категориясын тірек сызбалар арқылы оқыту. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының Жаршысы, № 4, 2011, 17-б.