Логикалық ойлауын дамыту
Үйірме жұмысы туралы
Бұл үйірме жұмысына арналған тапсырмалар, ойын-жаттығулар және сауалнамалық сұрақтар «Байқампаздар» (авторы: Г. И. Долженко), «Қызықты математика» (Р. Мәженқызы), «Балаңыз мектепке дайын ба?» кітаптарынан алынған.
Мақсаты
Танымдық дағдылар
- Ойын арқылы ойлау, зейін және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Математикалық ұғымдарды қалыптастыру және тұжырымдау.
- Сурет бойынша есеп құрастыруға үйрету.
Құзыреттілік және бағдар
- Логикалық ойлауды дамыту.
- Қоршаған әлемді қабылдау барысында меңгерген білім-білік дағдыларын қолдануға үйрету.
- Танымдық құзыреттіліктері қалыптасқан мектеп жасына дейінгі бала тұлғасын дамыту.
Жылдық жоспар (айлар бойынша)
Тақырыптар, ойындар және күтілетін дағдылар
Қыркүйек: «Геометриялық фигура деген не?»
ГеометрияТапсырмалар
- 1.«Бауырсақ қалашығы».
- 2.«Сыр сандық».
- 3.Геометриялық фигуралардан әртүрлі бейнелер құрастыру.
- 4.«Есіңе сақта!»
Мақсаты
Геометриялық фигураларды ажыратып, дұрыс атап айтуға үйрету.
Қазан: Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар
УақытТапсырмалар
- 1.Тәуліктің уақытын атау: кеш, түн, күн.
- 2.Аптада неше күн бар?
- 3.Бұл қай кезде болады?
- 4.Жұмыс күндері қандай?
Мақсаты
Уақытты бағдарлай білуін дамыту, уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру.
Қараша: Кеңістікті бағдарлау және үшбұрыш
КеңістікТапсырмалар
- 1.Дидактикалық ойын: «Не қайда орналасқан? Дұрыс жалға».
- 2.Дидактикалық ойын-жаттығу: «Үшбұрышпен танысамыз».
Мақсаты
- Тәулік бөліктерін ажырату.
- Үшбұрышты нүктелер бойынша салу.
- Күз айларын атау.
Желтоқсан: Зейінді тұрақтандыруға арналған ойын-жаттығулар
ЗейінТапсырмалар
- 1.«Өз үйіңді тап».
- 2.«Сандық қатар».
- 3.«Қанша дыбыс естідіңдер?»
- 4.Ойын: «Дұрыс ата».
Мақсаты
Реттік сан есімдерді қолдану дағдысын дамыту: «Қайсы?», «Нешінші?» сұрақтарына жауап беру.
Қаңтар: «Көп–аз» ұғымдары және сопақ
СалыстыруТапсырмалар
- 1.Ойын: «Сопақша саламыз».
- 2.Салыстыру: «Көп», «аз» белгілері.
- 3.Дидактикалық ойын: «Аюларға бал жетеме?»
- 4.Логикалық тапсырмалар.
Мақсаты
Санау негізінде теңдік пен теңсіздік туралы ұғымдарды қалыптастырып, екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету.
Ақпан: Математикалық түсініктер және кеңістікті бағдарлау
БағдарлауТапсырмалар
- 1.Көлем және пішін.
- 2.Математикалық ұғымдар: оң, сол, жоғары, төмен және т.б.
- 3.Қыс айларын атау.
Мақсаты
- Заттарды көлемі бойынша салыстыруға үйрету.
- Кеңістікті бағдарлау қабілетін одан әрі дамыту.
Наурыз: Ойлауды дамытуға арналған ойындар
ОйлауТапсырмалар
- 1.Таяқшалардан геометриялық фигуралар құрастыру.
- 2.Сан және санау.
- 3.Уақытты бағдарлау: көктем.
- 4.Ұлттық киімдерді пішініне қарай топтастыру.
Мақсаты
Қоршаған ортадағы заттарды геометриялық пішіндермен сәйкестендіре білуге үйрету.
Сәуір: Математикалық қарапайым түсініктерді қалыптастыру
ЛогикаТапсырмалар
- 1.Жетпей тұрған фигураны салу.
- 2.Математикалық жұмбақтарды шешу.
- 3.Ойын: «Есеп құрастыр».
- 4.Логикалық есептер.
Мақсаты
- Геометриялық пішіндерді ажырата білуін жетілдіру.
- Логикалық ойлауды дамыту.
Мамыр: Есте сақтауды дамытуға арналған ойындар
СанауТапсырмалар
- 1.Сандардың құрамы. Санау.
- 2.«Сиқырлы қапшық».
- 3.«Көңілді есептерді шеш».
- 4.«Сыр сандық». Санамақтар.
Мақсаты
Балаларды 1-ден 10-ға дейін ауызша санап-есептеуге, сан қатарын меңгеруге, сандарды тура және кері санауға үйрету. Өз бетінше ойлауын жетілдіру.