Жұмысқа қабылдау туралы
Өтініш құжаты туралы
Өтініш — жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару, басқа жұмысқа ауысу, демалыс беру және басқа да мәселелер бойынша ұйымға немесе лауазымды тұлғаға жолданатын ресми құжат.
Құжат мәтіні нақты, қысқа және ресми стильде жазылады. Адресат, өтініш беруші туралы дерек, өтініш мазмұны, күні мен қолы көрсетілуі тиіс.
Жұмысқа қабылдау туралы өтініш үлгісі
Мекеме басшысының атына
Ресми стильдегі құрылым: адресат → өтініш беруші → құжат атауы → негізгі мәтін → күн/қол
«Арқау» ЖШС директоры Т. Асановқа
Алматы қаласы, Байзақов көшесі, 200-үй, 21-пәтер тұрғыны Б. Қансейітовадан
ӨТІНІШ
Мені 2006 жылғы 11 қыркүйектен бастап штаттық кестеге сәйкес қызметке қабылдауыңызды сұраймын.
Нотариалдық кеңсеге арыз үлгісі
Сенімхаттан бас тарту туралы
Бұл үлгіде нотариалдық кеңсенің атауы, тараптардың деректері және сенімхатқа қатысты талап нақты беріледі.
____________ нотариалдық кеңсесіне ____________________ (нотариалдық кеңсенің атауы)
__________________________ мекенжайында тұратын ________ (аты-жөні) ________
АРЫЗ
________ нотариалдық кеңсесінен _____________ мекенжайында тұратын азамат ________ (аты-жөні) ________ төмендегі мазмұндағы өтінішті беруді өтінемін:
Азамат ____ (аты-жөні) ____, маған тиесілі ________________ маркалы, ________________ ж., № ________________ реестрмен куәландырылған автокөлікті пайдалануға Сіздің атыңызға өзім берген сенімхаттан бас тартамын.
Сенімхаттың Сізге берілген данасын маған немесе ________________ нотариалдық кеңсесіне қайтаруыңызды сұраймын.