Тізбектер тонологиясының элементтері
Мазмұны
- 1. Кіріспе 3
- 2. Гармоникалық электр қозғаушы күші және ток көздері бар сызықтық тізбектердің қасиеттері және оларды есептеу әдістері 4
- 3. Тізбектегі кернеу және ток көздері 7
- 4. Синусоидалық токтарды комплекстік жазықтықта кескіндеу 9
- 5. Синусоидалық ток тізбегіндегі индуктивтік элемент 11
- 6. Электр тізбектері мен олардың элементтерінің анықтамалары, сипаттамалары, классификациясы 13
- 7. Тізбектер топологиясының элементтері 16
- 8. ЭҚК жоқ тізбек бөлігіне арналған Ом заңы 17
- 9. Гармоникалық токтардың негізгі сипаттамалары 19
- 10. Гармоникалық токты түсіндіру. Векторлық диаграмма 20
- 11. Векторлар жиыны — векторлық диаграмма 20
- 12. Кешенді шамалар 21
- 13. Қорытынды 22
- 14. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 23
Кіріспе
Гармоникалық токтардың негізгі сипаттамалары
Уақыт бойынша өзгеріп отыратын ток айнымалы ток деп аталады. Бұл анықтама айнымалы кернеу мен электр қозғаушы күшке (ЭҚК) де қатысты.
Қарастырылып отырған уақыт мезетіндегі айнымалы токтың мәні оның лездік мәні (немесе лездік ток) деп аталады. Лездік токтың, кернеудің немесе ЭҚК-нің мәндерін белгілеу үшін әдетте латын әліпбиінің i, u, e әріптері қолданылады.
Айнымалы шамалардың уақытқа тәуелді екенін көрсету үшін оларды i(t), u(t), e(t) түрінде белгілейміз.
Токтың оң бағыты ретінде екі ықтимал бағыттың бірі алынады және ол еркін түрде таңдалады. Егер ток бағыты таңдалған бағытпен сәйкес келсе, ток оң деп есептеледі.
Айнымалы токтар периодты және периодты емес болуы мүмкін. Лездік мәндері бірдей уақыт аралығында қайталанып отыратын токтар периодты деп аталады.
Период (T)
Периодты токтың лездік мәні қайталанатын ең аз уақыт аралығы айнымалы токтың периоды деп аталады. Период секундпен (с) өлшенеді.
Жиілік (f)
Периодқа кері шама жиілік деп аталады. Жиілік айнымалы токтың 1 секунд ішіндегі тербеліс санын көрсетеді және герцпен (Гц) өлшенеді. 1 Гц — секунд ішіндегі бір тербеліске сәйкес келеді.
Тәжірибеде уақыттың синусоидалық функциясы болып табылатын периодты ток кеңінен қолданылады. Мұндай ток синусоидалық ток деп аталады.