Жалпы түрде ақпарат дегеніміз - ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену

Ақпарат ұғымы

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз — нақты өмірді белгілер немесе сигналдар арқылы бейнелеу. Ал нақты жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз.

Ақпарат термині латын тіліндегі informatio — «түсіндіру», «баяндау» деген сөзден шыққан.

Ақпаратты топтастыру

Шығу облысына (саласына) байланысты

Қоршаған ортадағы алуан түрлі ақпаратты шығу саласына қарай мынадай түрлерге бөлуге болады:

  • Қарапайым — жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.
  • Биологиялық — өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.
  • Әлеуметтік — қоғамдағы адамға қатысты процестерді бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның тіршілік әрекеттері қанша болса, әлеуметтік ақпараттың да сонша түрі мен типін ажыратуға болады. Мысалы, қоғамға қатысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.

Берілудің және қабылдаудың әдістеріне байланысты

Ақпаратты беру және қабылдау тәсілдеріне қарай келесі түрлерді ажыратады:

Визуальды
Көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады.
Аудиальды
Дыбыс арқылы таратылады.
Тактильді
Сезу (жанасу) арқылы қабылданады.
Органолептикалық
Иіс және дәм арқылы қабылданады.
Машиналық
Есептеу техникасының көмегімен беріледі және өңделеді.

Информатикадағы ақпарат түрлері

1) Аналогтік ақпарат

Аналогтік ақпарат — кез келген уақытта және кез келген өлшемде өзгеруі мүмкін үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат.

Мысалдар: адам дене қызуының өзгеруі, музыкалық шығармалардағы дыбыстың үздіксіз өзгеруі.

2) Үзілісті (дискретті) ақпарат

Үзілісті (дискретті) ақпарат — арнаулы уақыт сәттерінде ғана өзгеріп, алдын ала белгіленген мәндердің бірін қабылдайтын сигналдар арқылы сипатталатын ақпарат.

Мысалдар: жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте мен тире.

Ақпараттың негізгі қасиеттері

  • 1
    Үзіліссіз байланыстылық
    Ақпарат белгілі бір жүйемен үзіліссіз байланыста болады.
  • 2
    Құрылымдылық
    Түскен сигналдардан мағыналы ақпаратты айқындауға мүмкіндік береді.
  • 3
    Пайдалылық
    Ақпараттың мақсаты мен міндетін анықтауға мүмкіндік береді.
  • 4
    Құндылық
    Ақпараттың құндылығы оның тұтастығына, анықтылығына, актуальділігіне және пайдалылығына байланысты анықталады.