Чжурчжендер Корелықтардың солтүстік

Қидандар мен чжурчжендердің басып кіруіне қарсы корейлердің саясаты

Чжурчжендер Корей мемлекетінің солтүстік-шығыс және солтүстік шекараларымен шектесіп жатты. Жалпы алғанда, чжурчжендер корейлерге қатысты бейбіт саясат ұстануға бейім болды. Алайда қидандардың агрессивті жорықтары чжурчжендердің позициясын әлсіретіп, аймақтағы күш теңгерімін өзгертті.

Осы жағдайды тиімді пайдаланған Корей мемлекеті өз аумағын Амноккан (Ялу) өзенінің жағалауына дейін кеңейтті. Нәтижесінде Коре Ляо мемлекетімен тікелей көрші болды. Бұл кезеңде қидандар Шэн-цзун қағанның басшылығымен басқыншылық саясатты күшейтті, сондықтан Коре өздерінің солтүстік-батыс шекарасын нығайтуға ерекше көңіл бөлді.

Шекараны нығайту және әскери ұйымдасу

Шекара қауіпсіздігін арттыру мақсатында үш армия құрылды:

  • Сангун армиясы — Пак Янью басшылығымен.

  • Чунгун армиясы — Со Хи басшылығымен.

  • Хагун армиясы — Чхве Рян басшылығымен.

Қидандардың үш жорығы және Кореяның жауап әрекеті

I жорық

993 жыл

Алғашқы соғыста негізгі басымдық қидандар жағында болды. Соның нәтижесінде қидан әскері Коре елінің орталық аймақтарына дейін жетіп, Понсан бекінісін басып алды. Осы кезде Ляо басшылары Коре мемлекетіне бұрынғы Когуре жерлерін беруді талап етті.

Патша бұл талапқа келісуге бейім болғанымен, қолбасшы Со Хи қарсы шығып, келіссөз жүргізуге өзі барды. Келіссөз 7 күн созылды: қидандар өздерін Когуренің тікелей мұрагері деп дәлелдеуге тырысса, Со Хи дереккөздерге сүйеніп керісінше уәж келтірді.

Нәтижесінде Коре мен Ляо арасында бейбітшілік пен ынтымақтастық туралы келісім жасалып, Со Хи Ляо сарайында ерекше құрметке ие болды және 500 бөлік жібек мата сыйлығын алды. 994 жылы Соксон сарайында шекаралық өткізу орны ашылып, қидандармен 15 жылдық тыныштық кезеңі орнады.

Дайындық кезеңі

994–1008 жылдар

Корейлер бұл бейбітшіліктің уақытша екенін түсінді. Сондықтан 994–1008 жылдары шекара бойында 21 қамал салынды. Бұл қорғаныс белдеуі кейінгі жорықтар кезінде шешуші рөл атқарды.

II жорық

1010 жыл

Қидандар алдымен Хынхвачжин шекаралық қамалын алуға әрекет жасады. Нәтиже шықпаған соң, қамалды айналып өтіп, Кореяның ішкі аумағына енбек болды. Келесі соққы Тхончжо бекінісіне бағытталды. Бұл жерде қорғанысты Кан Чжо басқарды.

Кан Чжо қаза тапқанымен, қидандар Соген қамалында да айқын жеңіске жете алмады. Бұдан кейін олар тікелей мақсатқа көшіп, Коре астанасын басып алуға ұмтылды.

Сарай қызметкерлері берілуді ұсынған кезде, қолбасшы Кан Гванчхан өзге айла қолданды: сарай адамдарын қаладан шығарып, берілгендей кейіп танытты. Алайда қидандардың азық-түлік қоры азайып, олар кері қайтуға мәжбүр болды.

Осылайша екінші жорық нәтижесіз аяқталып, қидандар шамамен 2000-ға жуық әскерінен айырылды.

III жорық

1019 жыл

Үшінші жорықтың тактикасы алдыңғыларына ұқсас болды: қидандар Кэгенге (астанаға) бірден ұмтылды. Бірақ астана маңындағы қорғаныс қамалдары мен әскер саны олардың жоспарын тежеді. Жолай корей әскері олардың азық-түлік қорын жойып, тағы да кері шегінуге мәжбүр етті.

Осы жорықтан кейін қидандар Коре мемлекетін қайта мазаламады. Корей әскері шегінген жауды қуалай соққы беріп, соғыс барысында 100 мыңға жуық қидан әскері қаза тапты, тек бірнеше мыңы ғана еліне аман оралды.