ҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ НЕГІЗДЕРІ

Жоспар

І бөлім

Қаржылық жоспарлау негіздері

  • І.1. Қаржылық жоспарлаудың мазмұны, міндеттері және әдістері
  • І.2. Қаржылық жоспарлау процесі
  • І.3. Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі және оның құрылымы

ІІ бөлім

Қазақстандағы кәсіпорын қаржысын жоспарлау барысы

  • ІІ.1. Қазақстанда кәсіпорында индикативтік жоспарлаудың енгізілуі
  • ІІ.2. Индикативті қаржылық жоспарлаудың даму перспективалары

ІІІ бөлім

Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау элементі ретінде қаржылық жоспарлаудың рөлін арттыру

  • ІІІ.1. Қазіргі кезеңдегі қаржылық жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
  • ІІІ.2. Қаржылық жоспарлаудың шетелдік тәжірибесі

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі — экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі механизмдерінің бірі болжау мен жоспарлау екендігімен айқындалады. Демек, олардың экономиканы басқарудағы рөлі жоғары.

1990-жылдардың басында «экономиканы жоспарлаудың қажеті жоқ, дамуды нарықтың өзі реттейді» деген қате көзқарас кең тарады. Алайда арада 5–6 жыл өткен соң, халық шаруашылығы салаларының дамуын стратегиялық тұрғыда болжау мен жоспарлаудың қажеттілігін өмірдің өзі дәлелдеді.

1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Стратегиялық жоспарлау жөніндегі агенттікті құрды. Ал индикативті жоспарды әзірлеу міндеті әуелде Экономика министрлігіне, кейін Экономика және жоспарлау агенттігіне жүктелді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 13 қазандағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының жүйесін жетілдіру және олардың функцияларын нақтылау туралы» Жарлығына сәйкес аталған функцияларды қайта құрылған Экономика және сауда министрлігі жүзеге асыратын болды.

Жұмыстың мақсаты

Бұл зерттеу жұмысында жоспарлау ұғымының мазмұны ашылады: жоспар — алға нақты мақсат қойып, оған жетудің жолдарын белгілеу; ал жоспарлау — экономиканың объективті заңдары мен заңдылықтарын зерттеп, оларды саналы түрде пайдалану арқылы әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын ғылыми негізде әзірлеу және олардың орындалуын ұйымдастыру процесі.

Жоспарлаудың негізгі мақсаты — экономикада баланстық үйлесім мен макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін қажетті пропорциялар мен пропорционалдыққа қол жеткізу.

Жоспарлаудың негізгі міндеттері

  1. 1 Қоғамның әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттарын анықтау.
  2. 2 Жоспарлы кезең экономикасының сандық және сапалық сипаттамаларын белгілеу.
  3. 3 Материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын ұтымды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық, әлеуметтік және экономикалық мәселелерді шешудің тиімді жолдарын таңдау.
  4. 4 Жекелеген салалар мен аумақтардың даму қарқыны мен пропорцияларын (өзара сандық қатынастарын) анықтау және үйлестіру.

Жоспарлаудың ғылыми негіздеріне объективті экономикалық заңдарды тану және оларды саналы қолдану, ұдайы өндіріс теориясы, жүйелілік пен кешенділік, жоспар жасаудың тәртібі, реті мен логикасының бірлігі, сондай-ақ жоспарлау қағидалары мен әдістері жатады.

Индикативтік жоспардың түрлері

Индикативтік жоспарлау тәжірибесінде жоспарлардың стратегиялық, орта мерзімдік және жылдық түрлері қолданылады.

Стратегиялық жоспар

Ұзақ мерзімге жасалып, ұлттық экономиканың ұзақ мерзімді мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды көздейді.

Орта мерзімдік жоспар

Бірнеше жылға арналған нәтижелерді нақтылап, ресурстар мен басымдықтарды үйлестіреді.

Жылдық жоспар

Қысқа мерзімде орындалатын нақты шаралар мен көрсеткіштерді айқындайды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 1997 жылғы Қазақстан халқына Жолдауында жарияланған «Қазақстан – 2030» стратегиясы стратегиялық жоспарға жатады.

Зерттеу жұмысының құрылымы

«Қаржы жоспарлары мен болжамдарының жүйесі» тақырыбындағы курстық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыс көлемі — 27 бет.