Кактустардың қолдан көбейту жолдары

Мазмұны

І. Кіріспе

  • Кіріспе 2
  • Экологиялық топтар және оларға анықтама 3

ІІ. Негізгі бөлім

  • Кактустардың кең қолданыста жүрген түрлері 6
  • Кактустарды қолдан көбейту жолдары 11
  • Суккуленттердің адам өмірімен байланысы 15
  • Суккуленттің бір түрі — «жүз жылдықтың» жүз емі 22
  • Қорытынды 25–26
  • Қолданылған әдебиеттер 27

Кіріспе

Бұл курстық жұмыста өсімдіктер әлеміндегі кактустар мен суккуленттердің орны мен маңызы, сондай-ақ оларды табиғи емес жағдайда — үйде — өсіру жолдары қарастырылады. Сонымен бірге олардың адамға тигізетін пайдасы мен тұрмыстағы қолданылуы да қамтылады.

Өзектілігі

Қазіргі таңда кактустар мен суккуленттер өсімдік әуесқойлары арасында кең таралған. Бұл қызығушылық олардың анатомиялық және морфологиялық ерекшеліктерімен, күтімге салыстырмалы түрде төзімділігімен, сондай-ақ сәндік және тұрмыстық маңызымен байланысты.

Мақсаты

Қазіргі кезде кең қолданылатын кактустар мен суккуленттер түрлерімен танысу, оларға қолайлы жағдай жасап көбейту әдістерін меңгеру және құмырасын ауыстырудың (трансплантация) мәнін түсіну.

Объектісі

Әуесқойлар үшін кактустар мен суккуленттерді үй жағдайында тиімді әрі қолайлы жолмен көбейту мүмкіндігі.

Зерттеу пәні

Ботаника сабақтарында кактустар мен суккуленттерді күтіп-баптау және көбейту әдістерін қолдану.

Зерттеу әдісі

Тақырыпты зерделеу барысында құмырада өсірілген кактус және суккулент түрлері, ғылыми тұжырымдамалар, кітаптар мен журналдар, сондай-ақ ғаламтордағы дереккөздер пайдаланылды.

Зерттеу міндеттері

  • Кактустар мен суккуленттердің түрлерімен танысу.
  • Оларды қолдан көбейту тәсілдерін үйрену.
  • Кактустар мен суккуленттердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату.