Аймақтық - таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық жұмыстарды өте қашықта орналасқан бір компания компьютерлері арасындла атқара алады

Аймақтық-таратылған желілер туралы

Аймақтық-таратылған желілер жергілікті желілер орындай алатын барлық жұмысты атқара алады, бірақ бұл қызметті бір-бірінен өте қашықта орналасқан бір компанияның компьютерлері арасында жүзеге асырады.

Әдетте мұндай байланыс үшін модем немесе жоғары жылдамдықты цифрлық желі арналары пайдаланылады. Сондай-ақ ортақ пайдалануға арналған кешенді қызмет көрсете алатын телефондық байланыс арналары да қолданылады.

ISDN арналарының қолданылуы

ISDN арналары көбіне графикалық бейнелері бар үлкен көлемді файлдарды тасымалдау үшін қолданылады.

Негізгі мүмкіндіктер

Модем немесе алыста орналасқан сервер арқылы жұмыс істейтін аймақтық-таратылған желілер функциясын жергілікті желі құрамына енгізу сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін пайдалануға жол ашады:

  • Электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және жөнелту.
  • Интернетпен байланысу.