Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру


Мазмұны
Кіріспе
1 Оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру
1.1 Физиканы мектепте оқыту әдістемесі
1.2 Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдары
1.3 Шығармашылық есептер арқылы оқушылардың қызығушылығын арттыру
2 Молекулалық физика бойынша сабақ үлгілері
2.1 Термодинамика мен газ заңдарын оқыту ерекшелігі
2.2 Педагогикалық эксперимент және оның нәтижесі
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе 

Тақырыптың өзектілігі.  Үздіксіз іздену — әрбір мұғалімнің негізгі міндеті. Мұғалім шеберлігінің көрсеткіші — әдістеме саласындағы ғылыми жаңалықтар мен озық тәжірибені жетік меңгеру табиғат заңдарын күнделікті өмірмен байланыстыра отырып физика пәнінен танымын арттыру.

Сапалы тиімді нәтижелі жүргізген әрбір сабақ – ұстаздың тынымсыз еңбегінің нәтижесі болмақ. Оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоциясына ықпал ету арқылы ынта ықыласын, қызығушылығын күшейту. Адам дамуының қуатты қозғаушы күші – оның бойындағы табиғат берген қабілеті екені белгілі. Сондықтан да білім берудің негізгі мақсаты оқушының бойындағы қабілеті мен дарынының көзін ашу.

Ғылыми – практикалық маңызы мен жаңашылдығы. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында (2007ж.) Білім беру ұйымдарындағы тәрбие бағдарламалары оқу процесінің құрамдас бөлігі болып табылады және білім алушылардың, тәрбиеленушілірдің патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезімін қалыптастыруға, сондай-ақ жан- жақты қызығушылықтары мен қабілеттерін дамытуға бағытталған деп көрсетілген болатын [1]. Сол себепті әрбір оқушының бойында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, биік мақсат – мұраттарды, жоғары адамгершілік қадір – қасиеттерді, дүниеге көзқарасты қалыптастыруды тәрбиелік іс – шараларда және сабақ барысында үнемі ескеріп, жүзеге асырып отыру қажет. Оқушы, студент үшін пәнге қызығушылықты оятатын, ойластыратын негіз – оқытушының интелектуалдық іізденісінде. Осындай жауапты істе кез – келген оқытушының басты мақсаты сабақты қызықты ұйымдастыруы, сондықтан да бұл дипломдық жұмыста көрсетілген әдіс – тәсілдерді физиканы оқытуда, үйірме жұмыстарында пайдалануға болады.

Диплом жұмысының мақсаты. Физика пәнін оқыту және оқушылардың  қызығушылығын арттыру үшін алға қойған мақсаттар:
Оқытудық қарқынын жоғарылату; Оқушының шығармашылық белсенділігін көтеру; Оқыту сапасын арттыру; Деңгейін саралау.
Диплом жұмысының міндеті. Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығын арттыру;    Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру;

Оқытуда жаңа технологияны пайдаланып, оқушыларды жаңа тұрғыдан ойлауға қалыптастыру.

Зерттеу объектісі. Оқытудың жаңа инновациялық әдістері; № 4 орта мектептің 10 сыныбы.

          Диплом жұмысынң теориялық және әдіснамалық негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын арттыру жолдары болғандықтан, оқытудың жаңа технологияларына сүйенілді. Атап айтатын болсақ, сын тұрғысынан ойлау, инсерт, ассоциациялық топтастыру әдістеріне сүйене отырып № 4 профильді орта мектебінің 10 сынып оқушыларымен эксперименттік сабақ өткізілді. Көрсетілген әдістер зерттеудің әдіснамалық негізі болды.

          Диплом жұмысының практикалық базасы. Арқалық қаласындағы №2 облыстық әмбебап кітапханасы мен Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының кітапхана кешені, №4 профильді орта мектеп.

          Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

 Дипломдық жұмыс 66 бет



Ұқсас жұмыстар

Физиканы мектепте оқыту әдістемесі
Шығармашылық есептер арқылы мектеп оқушыларының физикаға қызығушылығын арттыру әдістемесі
Гуманитарлық бейіндегі сыныптарда физиканы оқытуда оқушылардың сыныптан тыс жұмыстарын ұйымдастыру
Физика сабағында оқушылардың ізденімпаздық және логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
ОҚУШЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
Физиканы оқытуды мектептегі еңбек тәрбисімен байланыстыру
Орта мектепте жаңа оқыту технологиялар көмегімен оқушылардың физика сабағына қызығушылығын арттыру
Блум таксономиясын физикада қолданысы
Физикалық олимпиадалардағы шығармашылық есептерді шығару әдістемесі
Молекулалык физика пәні
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары
Кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін арттыру жолдарымен оның бағалау ЖШС (КӨК-СУ).
Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының физикалық-географиялық астарлары
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту
Физика сабағында оқушыларды қарқындата оқыту
Агробизнестің экономикалық тиімділігін арттыру
Жүйенің логикалық және физикалық құрылымын жасау
Физика
Ағылшын тілі сабақтарының танымдық белсенділікті арттыру мүмкіндіктері