Ертегі еліне саяхат
Жалпы мәлімет
Топ
ІІ сәбилер
Тақырып
«Ертегі еліне саяхат»
Білім беру аймағы
Таным, Қатынас, Шығармашылық
Бөлімдер
Көркем әдебиет, Тіл дамыту, Сурет, Құрастыру
Бағдарлама мазмұны (мақсат-міндеттер)
Көркем әдебиет және сахналау
- Ертегіні сахналау кезінде кейіпкерлердің мінез-құлқын дәл жеткізе білуге үйрету.
- Ертегідегі кейіпкерлердің сөз мәнерін және қимыл-қозғалысын келтіріп ойнауға баулу.
- Таныс ертегінің аяқталуын өзгеше құрастыру арқылы көркем-тілдік және орындаушылық қабілеттерін қалыптастыру.
- Халық шығармашылығына қызығушылығын арттыру.
Тіл дамыту
- Сөздерді анық айтуға және есте сақтау қабілетін дамытуға ықпал ету.
- [Г], [Ш] дыбыстарын дұрыс артикуляциямен айтуға жаттықтыру.
- Суретке қарап мазмұнын түсініп, әңгімелей білуге үйрету.
Шығармашылық және құрастыру
- Саусақпен сурет салу (гуашь) дағдысын дамыту.
- Конструктордан өз бетінше жұмыс жасауға, құрастыруға дағдыландыру.
Сөздік жұмыс
Негізгі сөз
Саяхат
Билингвалды сыңары
Саяхат — путешествие
Ертегі — сказка
Заттық-дамытушы орта
- «Шалқан» ертегісіне арналған костюмдер және «Шалқан» муляжы
- «Шұбар тауық» ертегісіне арналған мнемокесте
- «Бауырсақ» — доп (кейіпкер ретінде)
- Конструктор
- Сары түсті гуашь, ақ қағаз
- «Лақтар мен қасқыр» ертегісіне арналған суреттер
- Аю және Шұбар тауық костюмдері
- Шырша мен ағаштар (орман бұрышы)
Сабақ барысы: «Сиқырлы пойызбен» ертегілер еліне
Кіріспе
Тәрбиеші: «Бүгін бізде өзгеше сабақ болады. Біз сиқырлы пойызға отырып, бәріміз бірге Ертегілер еліне саяхатқа барамыз. Қане, пойызға отырайық!»
Балалар бір-бірінің иығынан ұстап, «Пойыз» өлеңін айтып, қозғалыспен жүреді.
I аялдама — «Шалқан» (сахналау)
Ата-аналардың қатысуымен «Шалқан» ертегісі сахналанады. Балалар жарты шеңбер құрып отырады.
II аялдама — Сергіту сәті
Балалар «Аңшы» сергіту сәтінің сөзіне сәйкес қимыл-қозғалыстар орындайды.
III аялдама — Суреттер бойынша әңгімелеу («Лақтар мен қасқыр»)
Аялдамада қызықты суреттер ілінген. Тәрбиеші сұрақтар қоя отырып, балаларды суретке қарап әңгімелеуге жетелейді:
- Бұл қандай ертегі?
- Суреттерге қарап, ертегіні айтып беріңдер.
- Суретте не салынған?
- Ешкі тамаққа кеткенде лақтарға не айтып кетті?
- Қасқыр не істеп тұр? Неліктен аңдып тұр?
- Лақтар не істеп тұр?
- Соңғы суретте не көріп тұрсыңдар? Ешкі лақтарымен не істеп тұр?
Балалар қайтадан пойыз құрып, келесі аялдамаға жүреді.
IV аялдама — Орман (Аюға көмектесу)
Орманда Аю жылап тұр.
Тәрбиеші: «Аю, неге жылап тұрсың? Саған не болды?»
Аю: «Қалай жыламайын? Мұнда бір үйшік тұрған еді, мен оған сыймай, абайсызда сындырып қойдым. Содан бәрі қашып кетті. Маған кім көмектеседі?»
Тәрбиеші: «Жылама, Аю. Біздің балаларымыз әдемі де үлкен үйшік жасай алады. Бізбен бірге сиқырлы пойызға отырып, келесі аялдамаға жүр. Сол жерде балалар саған үйшік жасауға көмектеседі».
V аялдама — «Шұбар тауық» (мнемокесте, тапсырмалар)
Бұл аялдамада Шұбар тауық қарсы алады, балалармен сәлемдеседі және мнемокестені көрсетеді: «Балалар, мына мнемокесте бойынша ертегіні айтып бере аласыңдар ма?»
Бір-екі бала мнемокесте бойынша ертегіні айтып береді. Шұбар тауық алғыс айтады.
Шұбар тауықтың өтініші
«Балапандарыма тары жасап бере аласыңдар ма?»
Қыздар ақ қағазға сары гуашьпен саусақ арқылы тары түсіреді.
Аюға тапсырма
Тәрбиеші: «Аю, саған ұл балаларымыз үйшік жасауға көмектеседі».
Ұл балалар конструктордан үйшік құрастырады.
Аю мен Шұбар тауық балаларға алғыс айтып, балалар сиқырлы пойызға отырып, өз тобына қайтады.
VI бөлім — Сюрприз (Бауырсақ)
Бауырсақ секіріп топқа кіреді де сұрайды:
- «Мен кіммін?»
- «Мен кімнен қаштым?»
Балалар жауап береді: «Сен — Бауырсақсың. Сен атадан, әжеден, қояннан, қасқырдан, аюдан қаштың».
Тәрбиеші: «Ал сені түлкі жеп қоймады ма?»
Бауырсақ: «Жоқ, мен түлкіні алдадым. Оның тұмсығына отырмадым».
Бауырсақ: «Сендер өте ақылды екенсіңдер. Маған қайда барғандарыңды, не көргендеріңді, не істегендеріңді толық айтып берсеңдер, мен сендерге сыйлық беремін».
Балалардың жауаптары
- Біз сиқырлы пойызға отырдық.
- Ертегілер еліне саяхатқа бардық.
- «Шұбар тауық», «Шалқан», «Үйшік» ертегілерін еске түсірдік.
- Шұбар тауыққа тары жасадық, Аюға үйшік жасадық, сергіту сәтін орындадық, қайтадан топқа келдік.
Бауырсақ: «Мен өз ертегіме қайтайын. Ал есіктің артында сендерге сыйлығым бар — күтіп тұр».
Күтілетін нәтиже
Білу
- Суретке қарап мазмұнын түсіне білу.
- Таныс ертегінің соңын өзгеше құрастыру.
Меңгеру
- Кейіпкерлердің сөз мәнері мен қимыл-қозғалысын келтіріп ойнау.
- Саусақпен сурет салу.
- Конструктордан өз бетінше жұмыс жасау дағдыларын көрсету.
Істей алу
- Сөздерді анық айту және есте сақтау қабілетін дамыту.
- [Г], [Ш] дыбыстарын дұрыс артикуляциямен айтуға дағдылану.