Ұлт өкілдері
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан — ортақ үйіміз.
Мақсаты
- Балаларды Қазақстан Республикасының туған елі, отаны және мемлекеттік белгілерімен таныстыру.
- Өз ұлты және басқа ұлт өкілдері туралы түсініктерін кеңейту.
- Ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Өз ұлтына, тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру және құрметтеуге тәрбиелеу.
Керекті құралдар
- Қазақстан Республикасының рәміздері.
- Ұлттық заттар мен киімдер.
- Топ бөлмесіне күзгі жапырақтар шашып қою.
Әдістемелік тәсілдер
- Әңгімелеу және түсіндіру.
- Сұрақ–жауап.
- Өлең, тақпақтар айту.
Сөздік қорын толықтыру
Қазақстан Республикасының рәміздері
Әнұран
Көк ту
Елтаңба
Ұлт өкілдері
Қазақ
Орыс
Сабақ барысы
Балалармен бірге Хольнова Нина апай топқа кіреді. Оның қолында гүлдермен әсемделген қорапша бар.
Шаттық шеңбері
Амандасу және ортақ көңіл күй қалыптастыру.
Өлең
Табиғатым тамаша,
Көз тоймайды қараса.
Табиғатты аялап,
Жүрейінші жараса.
Сәлем саған, Жер-Ана!
Сәлем саған, нұрлы күн.
Аман-есен болайық,
Бейбітшілікті қалайық.